Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет155/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Үшінші түрі
– к ө р к е м ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ – шы-
ғармашылық қиял негізінде шындық болмысты көркем бейнелеу, 
ол әдеби шығармаларды, сурет салуды, музыкалық шығармалар 
жазуды, ойынды және т.б. қамтиды. 
Проблемалық оқытудың барлық түрлері оқушының продук-
тивтік, шығармашылық қызметінің, проблеманы іздестіру мен 
шешудің болуымен сипатталады. Олар педагогикалық үдерісті 
ұйымдастырудың әр түрлі формалары арқылы жүзеге асырылуы 
мүмкін. Алайда бірінші түр бәрінен гөрі сабақта көбірек болады, 
онда проблемаларды жекелік, топтық және шептік (фронталдық) 
шешу байқалады, екінші түрі лабораториялық, практикалық 
сабақтарда, пән үйірмесінде, өндірісте, үшінші түрі сабақта және 
сабақтан тыс шұғылдануларда болады. Проблемалық оқытудың 
соңғы екі түрі негізінен жекелік немесе топтық оқу проблема-
ларын шешумен сипатталады. Проблемалық оқытудың саналып 
өтілген түрлерінің әрқайсысы оқушының танымдық белсенділі-
гінің әр түрлі дәрежесінде өтуі мүмкін. 
Жұртқа мәлім, дәстүрлік оқытудың тиімділігі мектеп оқу-
шысының меңгеріп алған оқу материалының көлемімен, меңге-
рудің тереңдігімен және беріктігімен өлшенеді, мұның өзі оқу-
шылардан сұраққа жауап алып, олардың жазба жұмыстарын 
тексерген кезде анықталады, сондай-ақ міндеттерді шешу дағды-
ларының бар-жоқтығы да тексеріледі. Проблемалық оқыту 
үшін мұндай әдіс жеткіліксіз. Оқу үдерісінің сапасы мен оның 
тиімділігі педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік 
сыңайдағы көптеген факторларға байланысты. Проблемалық 
оқытудың тиімділігін немен және қалай өлшеуге болады? Бұл 
– қиын сұрақ және әрі қарай эксперименттік зерттеулер 
жүргізуді талап етеді. 
Мектеп оқушысының оқу нәтижесі оның білімдерінің құ-
рылымындағы өзгерісті, өздігінен оқу шеберліктері мен дағды-
ларын қалыптастырудың жайын көрсетеді. Оқушының таным-
дық дербестігінің дәрежесі онда: а) проблеманы көру мен оны 
санаға салып тану; ә) проблеманы тұжырымдау және қайта 
тұжырмдау; б) болжамдар ұсыну; в) ұсынылған болжамды 
негіздеу және дәлелдеу; г) практикада оқу проблемасын шешудің 
табылған тәсілін қолдана білу
шеберлігінің
қалыптасқан-
қалыптаспағандығымен анықталады. 


399 
Аталған шеберліктер оқушының бойында: а) проблемаларды 
шешудің бұрын меңгерілген (мәлім) тәсілдерін жаңа оқу ситуа-
циясында немесе өмірлік ситуацияда (фактілерді ауыстыру, 
таңдау және талдау, жаңаның бұрын оқып үйренілген нәрсемен 
байланыстарын табу және т.б.) қолдану; ә) оқу проблемала- 
рын шешудің жаңа тәсілдерін (шешудің мүмкіндігін анықтау, 
фактілерді талдаудың нәтижелерін қорытып, нақтылау және
т.б.) табу
 қабілеттерінің
қалыптасқан-қалыптаспағанына байла- 
нысты. 
Барлық осы көрсеткіштер түгел алғанда
оқушының интел-
лектуалдық даму дәрежесін
сипаттайды және мұғалім оларды 
оқушының ақыл-ой дамуындағы ілгерілеуінің
 көрнекі көрсеткіш-
тері
ретінде, оқу үдерісін тиімді басқарып, оқушыны танымдық 
дербестіктің қол жеткен дәрежесінен гөрі неғұрлым жоғары 
дәрежесіне көшіру үшін қажетті кері информацияның негізгі 
мазмұны ретінде қолдануы мүмкін. Сабақ өту әдістері, мұғалім 
сұрақтар, міндеттер және тапсырмалар түрінде қалыптастыратын 
оқу проблемаларының әр алуан типтері басқару әдісі болып 
табылады. Осылардың бәріне және мұғалім мен оқушының өзара 
қимылының сипатына байланысты шартты түрде проблемалық 
оқытудың төрт д ә р е ж е с і н бөлуге болады: 

дербес емес (әдеттегі) белсенділік дәрежесі
– оқушының 
мұғалімнің түсінігін қабылдауы, проблемалық ситуация 
жағдайларында ақыл-ой әрекет үлгісін меңгеруі, оқушы-
ның характерді жаңғыртатын өзіндік жұмыстарды, жат-
тығуларды орындауы, ауызекі жаңғырту; 

жартылай өздігінен болатын белсенділік дәрежесі
бұрынғы 
білімдерді жаңа ситуацияларда қолданумен және мектеп 
оқушыларының мұғалім қойған оқу проблемасын шешу 
тәсілін іздестіруге қатысуымен сипатталады; 

дербес белсенділік дәрежесі
– репродуктивтік-ізденіс 
типіндегі жұмыстарды орындау, бұл кезде оқушы оқу-
лықтың мәтіні бойынша өзі жұмыс істейді, бұрынғы бі-
лімдерін жаңа ситуацияға қолданады, конструкциялайды, 
қиындығы орташа есептерді шығарады, мұғалімнің сәл 
демеуімен гипотезаны дәлелдейді және т.б. 

шығармашылық белсенділік дәрежесі –
шығармашылық 
қиялды, логикалық талдау мен табуды, оқу проблемасын 


400 
шешудің жаңа тәсілін ашуды, өздігінен дәлелдеуді талап 
ететін өзіндік жұмыстарды орындау; өздігінен тұжырым 
жасау мен қорытынды шығару, өнертабыс және көркем 
шығармалар жазу.
 
Оқытудың бәрі проблемалық болуға тиіс пе? Жоқ, 
бәрі емес,
егер проблемалық оқытуды оқу проблемаларын шешу ғана және 
барлық оқу материалын өздігінен меңгеру ғана деп білсек. Иә, 
оқытудың
 барлығы
проблемалық болуға тиіс, егер проблемалық 
оқытуды білімдерді оқу проблемаларын шешу жолымен, жаңа-
лық ашу жолымен өздігінен меңгеру мұғалім немесе оқулық 
(немесе диктор) баяндаған білімдерді репродуктивтік меңгеру-
мен
 ұштастырылатын
әдістер жүйесі ретінде түсінсек. Оқушы 
адамзат білімінің бүкіл тарихи даму жолын қайталай алмайды 
және қайталауға тиіс те емес, бірақ ол бұл дамудың принциптері 
мен әрекеттің жалпыластырылған тәсілдерін қайталауға тиіс, 
мұны оқушы оларды меңгеріп, өз бойында шығармашылық қыз-
мет тәсілдерін қалыптастыру үшін қайталауға тиіс. Иә,
бар-
лығын,
егер проблемалық оқытуды зерттеу әдісімен ұқсастыр-
май, оқушы
 ойының
және оның
 есінің
дамуын, 
білімдерді
шығар-
машылық
меңгеруді,
ғылыми фактілерді жинақтап,
сенімдерді 
қалыптастыруды
қамтамасыз ететін оқыту типі ретінде түсін-
сек. 
Проблемалық оқытуға барлық оқушылардың шамасы жете 
ме? Іс жүзінде барлығының дерлік шамасы жетеді. Алайда 
оқушылардың жас және даралық ерекшеліктеріне, олардың проб-
лемалық, оқудың әдістеріне үйретілу дәрежесіне байланысты 
проблемалылық деңгейі мен танымдық дербестік дәрежесінің 
айырмасы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет