Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет151/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Проблемалық ситуация
– адам пайда болған құбылысты, 
фактіні, шындық үдерісін қалай түсіндіруді білмеген, мақсатқа 
өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете алмайтын жағдайда туған оның 
интеллектуалдық қиналуы. Бұл түсіндірудің жаңа тәсілін немесе 
әрекет тәсілін іздестіруге түрткі болады. Проблемалық ситуация 
деп продуктивтік, шығармашылық, танымдық қызметтің заңды-
лығын айтамыз. Ол ойлаудың басталуымен байланысты, белсенді 
ойлау қызметі проблемалар қою және шешу үдерісінде жүзеге 
асады. 
Қарапайымнан күрделіге қарай жүру, материалдың оқушы 
түсіне алатындай болуы, оқытудың өмірмен байланысы және т.б. 
– бұл тек оқушының нәтижелі іс-әрекетінің шарттары ғана. 
Таным (ойлау) қызметінің заңдылықтары оқу үдерісін ұйымдас-
тырудың принциптерімен ережелерінде ескерілмей келді, алайда 
олар практикада шындық болмыстың барлық құбылыстарының, 
үдерістерінің диалектикалық байланысы арқасында ықпал жасап 
отырды. Қиындық келтіретін сұрақ, стандартты емес міндет 
барлық уақытта проблемалық ситуациялар тудырып отырған, 
бірақ педагогтар оны саналы түрде қолдана алмады, өйткені 
дидактикада оның мәнін, эвристикалық функциясын теориялық 
түсіндіру болған жоқ. 
Психология ғылымы
проблемалық ситуация жағдайларында
адамның продуктивтік танымдық қызметінің белгілі жүйесі бола-
тынын: проблемалық ситуация проблема оны шешудің тәсіл-
дерін іздестіру проблеманы шешуді анықтады. 
Мұғалімнің мектеп оқушысының оқу үдерісін танымдық 
қызмет кезеңдерін ескере отырып құруға талпынуы бұл үдерістің 
логикасын өзгертеді, оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа схема- 
сы, жаңа принципі пайда болады. Ойлау адамның проблемаға тап 
болуынан басталатын болғандықтан, проблемалық оқытудың 


390 
негізі мұғалім жүйелі түрде және діттеп жасайтын проблемалық 
ситуациялар болып табылады. 
Ақыл-ой операциялары (әрекеттерінің) толық циклінің 
проблемалық ситуацияның пайда болуынан бастап проблеманың 
шешілуіне дейін бірнеше кезеңі болады:

проблемалық ситуацияның пайда болуы;

қиындық мәнін ұғыну мен проблема қою;

ойлап табу немесе жорамалдар жасау мен гипотезаны 
негіздеу жолымен шешу тәсілін табу;

гипотезаның дәлелдемесі,

проблема шешімінің дұрыстығын тексеру.
Оқушылар пайда болып отырған ситуацияда белсенді ақыл-
ой ізденісін талап ететін ойлау үдерісінің барлық немесе негізгі 
кезеңдерін өздігінен өткен жағдайда ғана олардың танымдық 
қызметі дербес қызмет болып саналады.
Ойлаудың белсенділігі мен оқушылардың оқып үйреніп 
отырған мәселеге деген ынтасы, тіпті, проблеманы мұғалім қой-
ған және шешкен күннің өзінде де, проблемалық ситуацияда 
пайда болады. Бірақ жоғары дәрежелі белсенділікке пайда болған 
ситуацияда проблеманы оқушы өзі тұжырымдап, жорамал ұсын-
ған, гипотезаны негіздеп, оны дәлелдеген және проблема шеші-
мінің дұрыстығын тексерген кезде қол жетеді. Проблеманың 
шешілуі – бұрынғы білімдерге сүйенген жаңа фактілерді талдау-
дың нәтижесі, белгілі бір қағида ақиқаттығын дәлелдеудің нәти-
жесі. 
Сөйтіп, проблемалық оқыту үдерісі кезеңдерге бөлінеді, бұл 
кезеңдердің бірізділігін ойлау үдерісінің логикасы күні бұрын 
белгілейді, ал оның басталатын жері проблемалық ситуация 
болып табылады. 
Мектеп оқушысының проблемалық оқуын ұйымдастыру-
дағы мұғалім
 қызметінің
ерекшелігі неде? Мектеп оқушылары-
ның оқу үдерісін басқару жөніндегі мұғалім әрекетінің негізгі 
түрі (оқыту тәсілі) бұл жағдайда жаңа материалды түсіндіру емес, 
қайта проблемалы және проблемалық ситуациялардың пайда 
болуына әкеп саятын сұрақтар, танымдық міндеттер, оқу тап-
сырмаларын қою болып саналады. Бұл мектеп оқушыларының 
ақыл-ой әрекетіне түрткі болады және олардың өзіндік ізденіс іс-
әрекетін (проблемалық сұрақтарға жауаптар іздеу, өз бетімен 


391 
есептер шығару немесе тапсырмалар орындау) қамтамасыз
етеді. 
Сөйтіп, оқушының танымдық (ойлау) іс-әрекеті репродук-
тивтік және продуктивтік сипатқа ие. Оқу міндетіне байланысты 
оқушы әр түрлі ақыл-ой әрекеттерін жасайды (жаттап алып, 
қайта жаңғыртады, талдайды, қорытады, шешеді және т.б.). Оқу 
міндеттерін (сұрақтар қою, тапсырмалар беру және т.б.) өзгерту 
жолымен мұғалім оқушыларды әр түрлі ақыл-ой әрекеттеріне 
ынталандырады. Бірақ мектеп оқушысының бойында танымдық 
дербестікті, шығармашылық ойлау дағдыларын үнемі қалыптас-
тырып отыру үшін оны нақ қандай әрекеттерге үйрету керек? 
Ең алдымен, салыстыру, талдау, синтез жасау, абстракция- 
лау (дерексіздендіру), жалпылау, нақтылау, классификациялау, 
жүйелеу, ой қорытындысы сияқты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет