397
әрекеттің тәсілін меңгереді. Олар ұғымның ақиқаттығын дәлел-
деуді жүзеге асырады, ал бұл белсенді ойлау қызметімен байла-
нысты.
Демек, ғылыми дүниетанымды тиімді қалыптастырудың
бірінші аса маңызды шарты – оқушының
ұғымдар жүйелерін мең-
геру
жөніндегі белсенді интеллектуалдық ойлау қызметі.
...дүниетанымның мазмұны – ұғымдар мен түсініктердің жай
ғана жиынтығы емес,
сенімдер жүйесі.
Сенімдер тек қана білімдер
емес,
сонымен бірге сезімдер, эмоциялар да болып табылады,
дәлірек айтқанда, ол білімдер мен шындық болмыстың талассыз
бейнесі ретіндегі білімдерге деген ерекше қарым-қатынастың
бірлігі. Сенімдердің эмоциялық жағы оларды терең сезінумен
байланысты.
Сенімдер жүйелері ретінде дүниетанымды
қалыптасты-
ру оқу-тәрбие үдерісінде интеллектуалдық, эмоциялық-еріктік
және пәрменді-практикалық факторлардың бірлігінсіз мүмкін
емес.
Демек, ғылыми дүниетанымды тиімді қалыптастырудың аса
маңызды екінші шарты – адамның сезімдері мен эмоцияларына
ықпал жасау, оның білімдерін сенімге айналдыру.
Проблемалық оқытудың кез келген жағдайда бірдей тиімді
болуы мүмкін емес. Практика проблемалық оқыту үдерісінің
жаңа білімдерді меңгеру немесе
бұрынғы білімдерді жаңа
ситуацияда қолдану кезінде оқушылардың интеллектуалдық
қиындықтарының да, сондай-ақ олардың танымдық белсенділігі
мен дербестігінің де әр түрлі дәрежесін тудыратынын көрсетеді.
Шығармашылық түрлеріне сәйкес проблемалық оқытудың да үш
түрін бөліп керсетуге болады:
Бірінші түрі
– т е о р и я л ы қ ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ –
бұл теориялық зерттеу, яғни оқушының өзі үшін жаңа ережені,
заңды, теореманы және т.б. іздестіруі әрі ашуы. Проблемалық
оқытудың бұл түрінің негізінде теориялық оқу проблемаларын
қою және шешу жатыр.
Екінші түрі –
т ә ж і р и б е л і к ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ –
бұл
практикалық шешімді іздестіру, яғни белгілі білімді жаңа
ситуацияға қолдану тәсілін іздестіру, конструкциялау, өнерта-
быс. Проблемалық окытудың бұл түрінің негізінде практикалық
оқу проблемаларын қою мен шешу жатыр.