Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет148/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

 оқытудың тұтас жүйесі.
Оқыту-
дың бұл типінің негізінде
мұғалім мен оқушылардың өзара 
қимылының ерекше түрі
жатыр, ол тип оқу проблемаларын шешу 
жолымен жаңа білімдерді және әрекет тәсілдерін меңгеру 
жөніндегі оқушылардың жүйелі түрде өздігінен орындайтын оқу-
танымдық қызметімен сипатталады. Біз проблемалық оқытуды 
оқушылар өздіктерінен ашқан заңдардың, ережелердің үздіксіз 
тізбегі деп түсіндірмейміз, қайта ғылыми ұғымдар жүйелері мен 
ойлау логикасы әдіс, тәсілдерін меңгеру жөніндегі 
олардың 
репродуктивтік және шығармашылық қызметінің толық көлемде 
ұштастырылуы
деп қараймыз. 
«Проблемалық оқыту» ұғымы атауының өзі тіпті де ұғым-
ның этимологиясымен емес, мәнімен байланысты. Мәселе мына-
да:
 жаңа білімдер
(мазмұн) оқушылар үшін
 әрқашан проблемалы,
ал меңгеру әдісі болса, проблемалы да, проблемалы емес те 


385 
(репродуктивті) болуы мүмкін. Проблемалық оқыту оқытудың 
жаңа типі ретінде мұғалім мен оқушы жұмысының оқу үдерісін 
активтендіретін бұрыннан мәлім барлық тәсілдерін бойына 
жинақтаған. Бірақ ол тек қана оқу белсенділігін ғана емес, соны-
мен бірге оқушының танымдық қызметін де қамтамасыз ететін, 
оның, ұдайы ізденіс әрекетін қамтамасыз ететін принциптер мен 
ережелерді де (мәселен, проблемалық ситуацияларды талдау, 
проблемаларды көру және оларды шеше білу шеберліктерін) 
қамтиды. Ізденіс әрекетінің нәтижесінде білімдерді шығармашы-
лық меңгеру тәжірибесі қалыптасады, ең маңыздысы 
шығарма-
шылық қызмет тәсілдерін меңгеру
жүзеге асады. Мұндай нәтижеге 
дәстүрлік түсініктегі оқу үдерісін активтендірумен қол жеткізуге 
болмайды. 
Елеулі жайт мынау: проблемалық оқыту проблемалық пен 
мақсат қою принциптерін ескере отырып құрылған
 оқыту метод-
тарының жүйесіне
ие;
Проблемалық ситуация мен оқу проблемасы проблемалық 
оқытудың негізгі ұғымдары болып табылады, проблемалық 
оқыту сабақ беру мен оқу қызметінің механикалық қосылуы 
ретінде емес, қайта осы екі іс-әрекеттің
 диалектикалық өзара
әсер 
етуі мен
өзара байланысы
ретінде қарастырылады. Олардың 
әрқайсысының өзінің дербес функциялық құрылымы болады. 
Проблемалық оқу
– бұл
 проблемалық ситуация жағдайларында
мұғалімнің түсіндіргендерін қабылдау, проблемалық ситуация-
ларды өздігінен (немесе мұғалімнің көмегімен) талдау, проблема-
ларды тұжырымдап, оларды ұсыныс, гипотезалар жасау арқылы 
(логикалық және интуитивті) шешу, гипотезалар мен ұсыныс-
тарды негіздеу және дәлелдеу жолымен, сондай-ақ шешімнің дұ-
рыс-бұрысын тексеру жолымен білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін 
меңгеру жөніндегі оқушылардың оқу-танымдық қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет