386
екінші сапаға өтуін қамтамасыз ететін ілгерілемелі (үдемелі)
қозғалысын қажет етеді. Бұл қозғалыстың қозғаушы күштері диа-
лектикалық сипаты бар
қайшылық
болып табылатыны анықтал-
ған. Ол қайшылықтардың негізінде
психикалық оза бейнелеу
құбы-
лысы жатыр.
Дәстүрлі дидактика оқу үдерісінің заңдылықтарын сипатта-
ғанда оларға сүйенбеді, сондықтан оқу үдерісінің
оқушының
продуктивтік таным әрекетінің үдерісі ретіндегі мәнін ашып бере
алмады.
Көрнекті психолог Г.С. Костюк бала дамуының қозғаушы
күші қайшылық болып табылады деген қорытынды шығарады
(1956). Оған ілесе дидакт М.А. Данилов оқу үдерісінің қозғаушы
күші, бір жағынан, бүкіл оқыту
барысы алға қоятын таным
міндеттері және екінші жағынан, оқушының білім, шеберлік,
дағдысы мен оның ақыл-ой дамуы дәрежесінің арасындағы қай-
шылық болып табылады деп анықтады (1959).
Бұл қорытынды
оқытуды активтендіру теориясының дамуындағы аса маңызды
кезең болып табылды және психологтар мен дидактердің
эксперименттік зерттеулерінің нәтижелерімен ұштастырылып,
қазіргі дидактиканың негізіне алынды.
Теориялық зерттеулер
оқыту мен мектеп оқушысының
оқу
теориясын
жасау үдерісін оқып үйренуге жіктеп қараусыз дидак-
тика дамыта оқытуды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар бере
алмайтынын көрсетті. ...Мектеп оқушысының оқу үдерісін
логика мен психология тұрғысынан талдау түсіндірме-иллюс-
традиялық оқытудың негізінде дәстүрлі формалдық логика
мен адамның репродуктивтік ойлауының ғана заңдылықтарын
ашатын ассоциативтік ойлаудың
психологиялық теориясы жат-
қанын көрсетті. Қазіргі кездегі формальды (математикалық)
логиканы диалектикалық логикамен ұштастыру және қызмет-
тің психологиялық теориясын дамыта оқытудың негізі бола
алады.
Оқудың табиғатын түсінудегі аса маңызды нәрсе деп мына
фактіні есептеген жөн: таным теориясы ретінде диалектикалық
логика интеллектіні дамытудың қозғаушы күші
деп адамның
санасындағы қайшылықты есептеп, оларды
проблема
категория-
сына қосады, ал проблема категориясын таным формасы, білімді
қозғау формасы деп санайды.
387
Білімдерді проблемалық меңгерудегі оқушының ақыл-ой
қызметінің ерекшеліктері неде?
Психология адамның ойлау
қызметінің екі негізгі түрін – репродуктивтік пен продуктивтік,
шығармашылық деп бөледі.
Репродуктивтік деп үлгі бойынша, алгоритм бойынша істе-
летін қызмет есептеледі. Мұғалім жаңа ұғымның мәнін
түсіндірген екен – оқушы да оны солай етіп өзіне түсіндіре алу
керек. Оқулықтан оқып, экраннан көрген екен – мазмұнындағы
негізгі нәрсе мен екінші қатардағы нәрсені бөліп (бұлай болмаған
жағдайда іс-әрекет жай ғана орындаушылық немесе тіпті догма-
лық әрекет болады деп), оны қайталап айтып беру керек. Мұғалім
қалай әрекет жасау керек екенін көрсеткен екен, оқушының да
дәл солай әрекет жасауы, яғни оның әрекеттерін аудармай қайта-
лауы керек. Тапсырма алған екенсің –
оны алгоритм бойынша,
яғни нұсқау бойынша, қорытып шығарылған ереже бойынша,
сабақта жаттап алғаның бойынша орында. Білімдерді репродук-
тивтік меңгеру – жаңа ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру-
дың анағұрлым үнемді жолы. Ғылым негіздерінің мектептік кур-
сы мазмұнының көпшілік бөлігі мұғалімнің өзі жасаған пробле-
малық ситуациясы жағдайларындағы нақ түсіндіру жолымен
берілуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: