374
2 3?
2+3
«5 – бұл
есептің жауабы
. Біз есептің жауабын айттық».
Әрі қарай мұғалім балаларды жаңа ғана талдау жүргізген
есеп бойынша жалпылау жасауға әкеледі: «Есеп
қандай бөлік-
терден тұрды?» (шарты, қойылған сұрақ, шешім, жауап). Кестені
осы сөздермен толықтырамыз.
Келесі сабақта кесте балалардың көз алдында тұрады.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Есептің бөліктерін айтыңыз» ... Ешбір
оқушы өзін қорғансыз сезінбеді. Балалар кестеден «Шарты,
сұрағы, шешімі, жауабы» дегенді бәрі әрі әрқайсысы жеке-жеке
оқиды.
Мұғалім: «Ал енді кітаптың 12-бетіндегі сурет бойынша есеп
құрастырамыз: Балалар бақшада алма теріп жүрді. Міне, себет-
терін толтырып 3 бала келе жатыр. Оларға қарсы тағы бір қыз
келе жатыр. Бақшада барлығы неше бала бар?» Есептің бөлікте-
рін табыңыз.
Оқушылар талқылап, шартын, қойылған сұрақты, оның ше-
шімін және жауабын табады.
Балалардың барлығының жауабын мұғалім тақтаға схема
түрінде жазады. Ешқандай артық сөздің керегі жоқ, қатты қысым
да жоқ. Тіпті әлсіз оқушылардың өзіндегі томаға тұйықтық жоға-
лып кеткендей.
Кесте арқылы тез жұмыс істеу сабақтан сабаққа артып
отырады. Балалар мұғалімнің олардан не сұрап тұрғанын біледі.
Тақтаға жазу да біртіндеп азая түседі. Енді тек ауызша ғана айтып
қояды:
– Шартын көрсетіңіз.
– Сұрақты табыңыз.
–
Шешімін айтыңыз, Лена.
Сол кезде Ленаның дауысы естіледі:
–
5-ті жазамын, «алу»
белгісін қоямын, 2-ні жазамын,
«шығады». 5 санына «белгі» қоямын, 2-ні аламын (бір, екі),
шығады – 3. (Балалар өз қалаулары бойынша сызғышпен есеп-
тейді). <...>
Немесе мынадай тірек қазық: бірінші және екінші ондық
сандарды өтудегі керекті құрал – абак (Батыс Еуропада ХVІІІ
ғасырға дейін қолданылған есеп тақта – аудармашыдан).
375
Мұндай ойыншықтар (тақталар) әрбір оқушыда бар. Бала-
ларға ойын ойнап жатқан сияқты көрінеді. Ал
бірақ ол қиын
ақыл-ой жұмысы – нақты түсініктер жасайды, сандардың құра-
мын өтуде біліктерін шыңдайды, есептер арқылы алғашқы
математикалық түсініктері қалыптасады. Сондай-ақ тапсырманы
орындау уақытын да үнемдей алады.
Сабақ 5 санының құрамы туралы.
– 2 саңырауқұлақты қой, сонан соң тағы үшеуін қой.
Барлығы қанша саңырауқұлақ бар?
– Ал енді тиындардан 5 тиын жинаңыз (тақтаның рейкасында
мәндері әр түрлі тиындар бар).
Бір оқушы тапсырманы орындайды. Балалар оны толықты-
рады.
Ал енді, абакпен – есеп тақтамен орындайық.
Барлық балалар бір уақытта
тапсырманы орындауға
кірісіп, есеп тақтасының алдыңғы бетін мұғалімге
көрсетеді.
Мұғалім: «Коля қалай құрды? Лена ше? Кім
басқаша құрды?»
Балалар: «5 – бұл 4 және 1, 5 – бұл 3 және 2, 5 –
бұл ...»
Бірінші ондық сандарды өтуде әр сабақта есеп
тақтамен жұмыс істейді: «Есеп тақтаға 10 санымен
есеп құрыңыз».
Балалар тағы да тез жауап береді: «10 – бұл 8 және 2, 10 – бұл
9 және 1, 10 – бұл 5 және 5, 10 – бұл 4 және 6, 10 – бұл...». Ал енді
7 санымен ойша құрастырыңыз. Тапсырма оқушыларда қиындық
тудырмайды. Оны балалардың
тақтада есепті шығару жолын
сөзбен айтып жазуы барысындағы айтқан сөздері растайды.
Тақтада мынадай мысал бар: Мықты оқушы жазып жатыр:
«9-ды жаздым, «алу» жаздым, сосын 8-ді жаздым, «шығады».
Есептеймін: 9 – бұл 8 және 1.8-ді аламын, қалады 1.1-ді жаза-
мын».
Әлсіздеу оқушылар мұндай талдауды бірден жасай алмайды.
Олар тірек құралды – сызғышты пайдаланады. Бұл да жаман
емес. Ең бастысы, олар да басқалармен,
озып келе жатқандармен
бірге жұмыс істеп отыр, уақыт өте келе тірек құралдарын
пайдаланбайтын болады. <...>
376
Қорыта келе, бағдарламаны оза оқыту заңдылық деп айтар
едім. Ол оқу материалын мықтап
бекіту негізінде қалыптасып,
алдағы қиын тақырыптарды еркін оқуына көмектеседі, осылайша
ол тақырыптар балаларға қиын болудан қалады. Басты міндет
шешілді: түсінікті, бірізді, қызық әрі нәтижелі оқыту. Балаларға
оқу оңай, себебі олар жұмыс істей алады, оқып-тану жолында
жолдастарына қамқорлық көрсетіп, бір-біріне көмектесу
арқылы
қиындықтарды жеңе алады.
Еңбекқор азаматты тәрбиелеу... Қазіргі реформалар жағ-
дайында мектептің алдына қойылып отырған қазіргі заманғы
маңызды талаптардың бірі осы. Іргесі мықты салынған білім –
бұл қажырлы, табанды еңбектің нәтижесі. Мұндай еңбекке
үйрену жолы қандай, оған қалай әдеттену керек, кезігуі мүмкін
қиындықтарды жеңуге тырысуға қалай әдеттену керек?
Еңбексүйгіштікке
тәрбиелеудің, оқуға деген ынта мен
іскерлікті қалыптастырудың мықты тетіктерінің бірі деп
білмейтін дүниесін танып-білу жолындағы баланың жеткен өз
Достарыңызбен бөлісу: