Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет142/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

(Монтессори М. Помоги мне сделать это самому / сост., 
вступ. статья М.В. Богуславский, Г.Б. Корнетов. – М.: Карапуз, 
2000. – 272 с., ил; Ж.М. Бектұрғанованың аудармасы).
 
 
Лысенкова Софья Николаевна но-
ватор-педагог, КСРО-ның халық мұға-
лімі. 1946 жылдан бастауыш сынып 
мұғалімі болып қызмет етті, өмірінің 
соңына дейін мектепте жұмыс істеді. 
Бастауыш сыныптарда оқыту жүйе-
сін жетілдіру тәжірибесі мен тұжы-
рымдарын саралай келе, оза оқыту 
идеясын ұсынып, авторлық әдістемелік 
жүйесін жасады. Ол оза оқыту әдісінің 
негізіне оқу үдерісін түсіндіріп басқару 
идеясын қазық етіп алды. Алғашында 
Софья Николаевна 
Лысенкова 
(1924-2012) 
 
 
 
 


369 
ол әр баланы сабаққа қатыстыру тәсілі болғанмен, кейін ол оза 
оқыту әдістемесінің маңызды элементіне айналды.
Түсіндіре отырып басқару П.Я. Гальпериан мен Н.Ф. Талызи-
наның ақыл-ой іс-әрекетін жүзеге асыру кезеңдеріне сәйкес 
келеді. Осылайша, автор сабақтың өту қарқынын, балаларын 
сөйлеу тілі мен логикалық ойлауын дамытудың жолын көрсе-
теді. Төртінші сыныпта түсіндіріп басқару дәлелдеп басқару 
дәрежесіне көтеріледі.
С.Н. Лысенкованың оза оқыту идеясы Л.С. Выготскийдің 
актуалды және жақын аралықтағы даму өрісі туралы ойымен 
де астасып жатқанын көруге болады.
 
Оқуды оңай игеру 
 
 Ашық сабақ беріңіз!
Менен нағыз күшті сабақ қандай сабақ деп сұрағанда, мен 
әдетте былай деп жауап беремін: «Ең алдымен, бәріне және 
барлық оқушыға уақыт та, назар да жеткілікті болған сабақ».
«Уақытты үнемдеу керек», – деп жиі айтады бізге дәстүр 
бойынша. Менің ойымша, уақытты ұту керек деген дұрыс. 
Ауқымды жаттығуларға уақыт ұту, үнемі қайталап отыру үшін 
уақыт ұту, барлығы және әрқайсысы сәтті алға жүріп отыру үшін 
уақытты ұту керек.
Мен кәсібімді жақсы көремін. Бастауыш сынып мұғалім 
болып істегеніме 40 жылдай болды. Маған «Ашық сабақ бе-
ріңізші!» деген бір ғана өтінішімен келіп жатқан әріптестерім 
жылдан-жылға көбейіп келеді. Осы ондаған жылдардың ішінде 
олардың қаншасы болды! Аудан үшін, қала үшін, сабағын қайта 
құрғысы келетіндер үшін, оқушыларының көз жанарынан білімге 
деген отты өшіргісі келмейтіндер үшін, оқу еңбегі балаға 
сәтсіздіктердің қайғылы салдарын емес, жетістіктің шабытты 
қуанышын әкелсін дейтіндер үшін...
Менің әдістемем бірден емес, біртіндеп жасалды. Басында 
мен балалар үндемей отырмаса екен, көбірек сөйлесе екен деп 
тырыстым, сол үшін әрқайсысын сабаққа қатыстыруға тырыс-
тым. Осылайша, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет