372
яки сабақты басқаша құру керек.
Бұл аса мәртебелі уақыттың
қожайыны – мұғалім мен оқушы. Уақыт резервін олардың өзара
қарым-қатынасынан, арласуынан, ынтымақтастығынан жасауға,
мұғалімнің баланың ойлау әрекетін түсініп басқара алуынан,
белсендіріп ынталандыру арқылы табуға болады.
Оза оқыту – оқудың тиісінше ұйымдастырылған нәтижесі.
Оза оқытуға адам өзі келу керек. Сондықтан бұл жерде ең бас-
тысы оған қол жеткізе білуде.
Неден бастау керек немесе тірек кестелері не үшін керек?
Жаңа тақырыпты меңгерту жұмыстарының қай кезеңінде
әлсіз және орташа оқитын оқушылар сабақта пассив болып, са-
бақтан қалып қалады? Мұғалім бастапқыда ашық түсті суреттер-
мен, картиналармен, кестелермен түсіндірген
кезде балалар са-
баққа жақсы қатысып отырады ғой, сұрақтарға да жауап береді,
кейде дұрыс тұжырымдар да жасайды.
Мен осы кезеңнің қай тұста басталатынын ұзақ уақыт табуға
тырыстым және байқағаным: балалар ашық түсті, түсінікті
көрнекіліктерден кейін кішкене қиынырақ материалға көшкен
кезде, меңгеріп алған тұжырымдарынан өзіндік пайымдаулар
жасайтын кезде қиындықтарға кезігеді екен. Ал
ол кейбір
оқушылар үшін көп жағдайда қиындық тудырады екен. Олар
бірінші сабақтан-ақ түсінбейді, игере алмайды. Оның себебі
осыдан басталып, біртіндеп пассивтілік көбейе түседі екен.
Әр оқушыны барлық сабақта
белсенді іс-әрекетке жұмыл-
дыру, өтіліп жатқан тақырып бойынша түсініктерін ұғым қалып-
тастыруға, тұрақты дағдыларын қалыптастыруға дейін жеткізу –
менің мақсатым осы. Ал оған қол жеткізуде маған
тірек кесте-
лері
көмек береді.
Тірек кестелері немесе қарапайым тілмен айтқанда сабақтың
қазығы – бұл жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың көз
алдында кесте, карточка, сызба, сурет түрінде жасалатын тұжы-
рымдар.
Бұл кестелермен жұмыс істеудің маңызды шарты – олар
плакаттар сияқты жай ілініп тұрмауы керек,
оларды сабақта
үнемі пайдаланып отыру керек. Тек сонда ғана олар мұғалімге
балаларды жақсы оқытуға, ал балаларға
оқуды оңай игеруге
көмегін тигізеді.
373
Бірінші сынып оқушылары – бала-бақшаның кешегі түлек-
тері. Олар бейнелермен, нақты образдар арқылы ойлайды.
Мінекей, математикалық шешімдерді бейнелейтін ашық
түсті ойыншық-суреттерден кейін оны тірек кесте түрінде
көрсетеміз.
Ол суреттегі есепті шешу кезінде бірінші сабақта жасалады:
«Вазада 2 алма жатты. Анасы онда тағы да 3 алма салды. Вазада
қанша алма қалды?»
Кестенің мақсаты – есепті алғаш түсіндірген
кездегіден
қандай да бір көрнекі, образды ой қалдыру. Кестеде бейнеленетін
тұжырымдарға мұғалімнің сұрақтары арқылы келеді: «Есепте не
белгілі? Нені білеміз?» Бәріміз жауап береміз: «Вазада 2 алма
болғанын білеміз, анасы онда тағы 3 алма салды». Осы кезде
мұғалім рамканы есептің шарттарымен толтырып, тақтаға
былай
деп жазады:
2 3 ?
2 + 3 = 5
5
шарты
сұрақ
шешімі
жауабы
2 3 «Бұл
есептің шарты
. Есептің шартын көрдік, – дейді
мұғалім. – Бізден не сұрап тұр?» – «Вазада қанша алма бар?»
Тақтадағы кестені одан әрі толықтырамыз:
2 3? «Бұл
Достарыңызбен бөлісу: