Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет143/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

түсіндіріп басқару
(комментированное управ-
ление – аудармашы) идеясы туды, әдетте мен оны түсіндіру 
деймін. Мен жалғыз үйретпеймін. Сыныптағы 
әр бала
өз іс-


370 
әрекет, амалын сөйлеп, сөзбен түсіндіру арқылы олар басқаларды 
да өз ойына «ілестіріп» үйретеді. Баланы ең бірінші күннен өз 
ойын сөзбен түсіндіріп сөйлеуге үйрету – менің әдістемемдегі 
ұстанымдардың бірі. Баланың сөйлеу тілінің ғана емес, ойын 
дамыту, өзге жолдастарының алдындағы және өзіне өзі, өз сөзіне 
жауапкершілікке, өзін-өзі талдауға, өз-өзіне баға беруге және 
өзінің оқу-таным үдерісін өзі реттеп отыруға тәрбиелеу осыдан 
басталады.
Содан кейінгі мәселе – бәріне және барлық оқушыға 
уақытты жеткізу үшін күн демей, түн демей, уақыт резервін табу. 
«Іздеген жетер мұратқа», – дейді бір мақалда. Мен оған өз тәжі-
рибем арқылы көзімді жеткіздім.
Мұғалімнің шығармашылығы баланың шығармашылығын 
тудырады. Балалар – сабақтың барометрі. Бірде маған балалар 
шынымен оқымайтын бір бөтен сыныпты алуға тура келді. Көп 
толқыдым: мені мойындар ма екен деп... Көп уақыт өтпей бала-
лар да мені көре бастады: «Сіз неге бізге ешқашан ұрыспайсыз?», 
«Сабақ неліктен осынша тез өтіп кетеді?» деген сұрақтар қойыл-
ды.
Бір айдан кейін маған оқу ісінің меңгерушісі сабағыма келді. 
Соңында:
– Мен бұл сыныпты білемін. Мына партаның астында кім 
отырғанын, анау бұрышта, анау есіктің артында кім тұрғанын 
білемін. Мұнда ешкім сабақ оқымайтын. Ал қазір бәрі де жұмыс 
істейді, көздері күлімдейтін болыпты! Сіз не істедіңіз? – деп 
сұрады.

Менің әдістемем де осы, – дедім мен. 
 
Иә, оза оқыту! 
Оза оқыту туралы ойымды алғаш рет 1971 жылы бастауыш 
сынып мұғалімдерінің Мәскеу қалалық конференциясында 
айтып берген болатынмын. Конференцияға бара жатып қатты 
толғандым: мені мұғалімдер түсінбейді, мінбеден қуады деп. Бәрі 
уақыт жетпейді, бағдарламаның қиындығы туралы айтып жатса, 
мен ше? Бірақ бәрінің түрлерінен сенімсіздік байқалғанмен, міз 
бақпай, ерекше зейін қойып тыңдады. Сөзім біткеннен кейін бір 
мұғалім қасыма келіп: «Осыншалықты қарапайым дүниені 
түсінгенше қаншалықты көп ойландық!» – деді.


371 
– Дәстүрлі оқыту әдістемесін қайта қарауға сізге не түрткі 
болды? – деп көп сұрайды кездесулерде.
– Өзіме деген көңіл толмаушылық, бәрін, соның ішінде әлсіз 
оқушыларды да жақсы оқытсам деген қажеттілік. Бағдарламаны 
оза оқыту арқылы мен оңай оқытамын, – деп жауап беремін 
әдетте.
Кейбіреулері бұған қарсы:
– Менің сыныбымда әлсіз оқушылар көп, сондықтан бұл 
мүмкін емес, – дейді.
– Ендеше сізге тіпті де оза оқыту керек, болашағы бар 
бағытта жұмыс істеу керек, – деймін.
Өз уақытында мені осындай «әлсіз оқушылар» көп тол-
ғандырған болатын. Мен басқа да көптеген әріптестерім сияқты 
сабақтан кейін оларға қосымша сабақ жүргізетінмін. Мен мұның 
нәтижесі болмайтынын білсем де жүргізе бердім. Неге нәтиже-
сіз? Бір қосымша сабақ әлсіз оқушы үшін өте аз. Жүйелі жүргізіл-
се, ол да шаршатады. «Мына азапты күндер қашан бітеді?» – 
деген ойлар балада осыдан кейін туады. Ал мені жүрегінің түбін-
де бір мыстан кемпірдей көреді.
Қосымша сабақтар маған да, қалып келе жатқан балаларға да 
түптің түбінде ұнамайтын. Осыдан кейін осы балалар материал-
ды неге әлсіз меңгереді деп ойлана бастадым. Бәрі керемет жақсы 
оқу үшін не істеу керек? Ақыр соңында көп оқушыларға тақырып-
ты меңгеру үшін қарапайым уақыттары жетіспейтінін түсіндім.
Лена Иванова 10-нан 7-ні алуды еш есептей алмай-ақ қойды, 
қанша тырыссақ та ол түсінбейді: 10 – бұл 7 мен 3, 7-ні аламыз, 
ал 3 қалады.
Бүгін түсінбеді, ертеңіне түсінбеді, өз бетімен орындайтын 
жұмысты да істей алмады. Бір ай өтті, бір жарым ай өтті. Жаңа 
материалды игеруде Ленада әлі де сол қиындықтар қалды, бірақ 
10 – 7 немесе басқа өткен сабақтардағы есептерді шығара алады. 
Уақыттың және үнемі қайталағанның көмегі болды. Демек, 
балаларға білім, біліктерді терең меңгеріп, нығайтуларына сол 
керек дүниені – керек уақытты беру керек және әрбір өткен 
тақырыппен көбірек әрі жан-жақты жұмыс істеуі керек. Бірақ 
оны қалай іске асырамыз, оның үстіне бағдарламамен бекітілген 
уақыттан қалып қоймау керек. Жауап парадокс болып көрінуі 
мүмкін: бағдарламаны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет