377
көңілін көтеруге, тіпті көзге көрінер-көрінбес алға басқан әр
қадамы үшін міндетті түрде мақтап отыруға тырысады.
Еңбектегі табыс оқушы мен мұғалім,
мұғалім мен ата-ана
арасындағы өзара түсіністікке негіз болады. Демек, мектептің
тәрбиелеушілік ықпалы мен отбасының әрекетін бір мақсатқа
жұмылдырады. Балаға жүрек жылуымен жақындап, өзара түсі-
ністік орнатпайынша, жетістікке жету қиын.
Егер балалар алдарына қойылған міндеттерді шешіп, ерекше
қызығушылықпен, ынтамен, бір-біріне көмектесе отырып оқыса,
үйлеріне өткен сабақтан қуанып барып, ертеңгі күнді асыға күтіп
келетін болса, оқуға деген құштарлығы нығая түседі. Ал бұл
мұғалім еңбегінің табыстылығының бір көрсеткіші, нәтижесі.
Бізге, мұғалімдерге, В.А. Сухомлинскийдің
мына сөздерін
ұмытпау керек: «Еңбектегі табыс – жетістікке жеткен адамның
үлкен мақтанышы. Өз еңбегіне мақтанбайынша, нағыз адам
қалыптаспайды». <...>
Сонымен, түсіндіріп оқыту, тірек-кестелермен жұмыс
балаларға сабақтағының барлығын санасынан өткізуге, өз әрекет,
амалдарын түсіндіруге, негіздеуге, дәлелдеуге көмектеседі. Сол
себептен де барлық оқушылар жақсы әрі байланыстырып сөйлей
алады, есепті шешуде, грамматикалық жаттығуларды орындауда
логикалық тұрғыдан пайымдай алады.
Қиын тақырыптарды, сұрақтарды оза, қайта-қайта қайталап
(пропедевтикалық оқыту) оқу оларды жақсы меңгеруге көмек-
теседі, оқушылардың қалып қоюының алдын алады, сабақтардың
кемшіліктері мен ескерілмей қалған жақтарын жоюға көмекте-
седі. Маңызды тақырыптарды өтуде оза оқыту, ертеңгі күнге
бағдарлап оқыту тек терең әрі іргелі білім ғана емес, бұл уақыт
резерві болып та есептеледі. Сол себепті де бізге уақыт әрдайым
жеткілікті, сол себепті де «цейтнот» – уақыт жетімсіздігі сезімі
бізге жат. Біз асқан сабырлықпен, асықпай және саспай жұмыс
істейміз, өйткені уақыт резервін оза оқыту бізге мынадай
сенімділік береді: кез келген қиындықты біз жеңе аламыз, керек
болса, қиын материалды қайта қарап, оны тағы да бүге-шігесіне
дейін қайта түсініп аламыз.
Біздің оқушыларымызға ережелер мен тұжырымдарды меха-
никалық жолмен жаттап алу жат нәрсе. Олар оны санасына құ-
йып алады: практикалық тапсырманы орындау барысында (есеп
378
шешу, мысалдар, теңдіктер) берілген тірек-кесте бойынша өздері
ереже шығарады. Мұндай тірек-кестелер сондай көп емес.
Ештеңе өзінің шегінен шықпаса ғана жақсы болады!
Тірек-кестелер жоғары жұмыс
қабілетін қамтамасыз етеді,
сондай-ақ сабақтың өту қарқынын арттырады. Тапсырманы
орындауға қажетті ережелерді балалардың үнемі есіне түсіріп,
оған алтын уақытты құртып отырудың қажеті жоқ: олар оны
кестеден оқиды. Бүгін оқиды, ертең оқиды. Бір аптадан кейін
олар оқымайды да, ережеге сәйкес жұмыс істеу дағдысын саналы
түрде меңгеріп алады. Тағы бір екі аптадан кейін кесте алынып
тасталады, себебі оның қажеті болмай қалады.
Түсіндіріп басқару – бұл да сабақтың қозғаушы күші, әр
оқушы жұмысқа тартылады. Мәселен, мықты оқушы түсіндіріп
жатыр делік, – сол кезде барлығы оған өз күшін жандандыру
арқылы ілесуге тырысады. Ал егер әлсіз оқушы түсіндіріп сабақ
айтатын болса, ол да оған бар күшін салады, өйткені ол жауап-
кершілікті сезінеді: ол барлық сыныпқа түсіндіріп отыр ғой,
жолдастарын өзіне ертіп келе жатыр ғой...
Түсіндіріп басқару үш әрекетті біріктіреді (ойлаймын,
айтамын, жазамын), сол себепті де оқу үдерісінің саналы өтуіне
мүмкіндік береді, сонымен қатар кері баланысты қамтамасыз
етеді: мұғалімге оқушылардың білім деңгейін бақылауына,
қалып бара жатқандарда уақытында анықтауға,
білім мен
дағдыларды меңгеруді алға жетелеуге, яғни оқудың табыстылы-
ғын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бағдарламадағы түрлі тақырыптар бойынша (математика
және орыс тілінен) тірек карточкалары, біріншіден, қателіктердің
алдын уақытылы алып отыруға, екіншіден, (дәл уақытында,
сабақта) қателікті сол сәтте қайта түсінуге, үшіншіден, жалпылап
қайталау профилактикасын жүргізуге көмектеседі.
Білімді тақырып бойынша бекіту үшін және жалпылап
қайталау үшін карточкаларды фронталдық және жеке тапсырма-
ларда қолданады! Мысалы, карточканы бірінен соң бірін көр-
сетемін, сол кезде балалар тексеретін сөзді айтады немесе
карточкалар тақтаға ілініп қойылады, ал орфограммалар жа-
бын қағазбен жабылып тұрады. Оқушы керекті әріпті тез жазған
соң
жабын қағазды алып, өзінің жауабын тексереді. Тиімді әрі
тез!
379
Сыныпта жайбарақат ахуал жасау, мейірімділік пен өзара
қол ұшын созу жағдайын туғызу, ұжымды сезіну – бұл да
табыстылыққа керек құрамдас бөлік. Балалар еркін, ашық,
ешқандай «ұрыста» тұрғандай қорқыныш жоқ, ерекше ынтамен
белсенді жұмыс істейді, себебі мұғалімнің назары олардың қате-
ліктері мен кемшіліктерінде емес, кішкентай болса да олардың
табыстары мен жеңістерінде екенін біледі.
Дәл осындай барлығы рақат
алатын ынтымақтасқан сабақ
оқудағы табыстылық сезімін, бұдан да қиын тапсырмаларды
шешуге, таным жолымен алға қарай жүруге ынта-жігерін туды-
рады.
(Ақпарат көзі:
http://pedagogic.ru/books/item/f00/s00/z0000039/st003.shtml.
Ж.М. Бектұрғанованың аудармасы)
Педагог әрі философ, педагогика ғылымда-
рының докторы (1972 ж.), филология ғылымда-
рының кандидаты (1966ж.), профессор, РБА
академигі. Иркутск әскери авиатехникалық учи-
лищесін, Мәскеу шет тілдері әскери институ-
тын бітірген. Қазан университетінде араб
тілінің оқытушысы, Татарстанның ағарту ми-
нистрі қызметтерін атқарған. Негізгі еңбек-
тері педагогика теориясы мен практикасына
арналған. Педагогикадағы проблемалық теория-
сының авторы: проблемалық оқытуды оқушы-
лардың ойлауын дамытуға арналған дидактика-
лық жүйе ретіндегі негіздеді, педагогикаға
«бинарлық» әдіс ұғымын енгізді. Проблемалық оқытуға сүйене
отырып, жалпы білім беретін және кәсіби мектептердегі са-
бақтың жаңа тұжырымдамасын ұсынып, құрылымын анық-
тады. Оны логика-психологиялық, дидактикалық және әдісте-
мелік интегративтік тұтастықта көрсетті. 500-ден астам
еңбектің авторы. Олардың ішінде «Проблемалық оқытудың
теориясы мен практикасы», «Проблемалық оқыту. Теориялық
негізгі мәселелер», «Қазіргі сабақ және теория мәселелері»,
«Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру», т.б. еңбек-
тері бар.
Достарыңызбен бөлісу: