53
Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар түбінде басқалардан өзін-
дік
ойлары және мінез-құлқымен, олардың эмоциялық көрі-
нуімен ерекшеленеді... Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар әдеттегі
адамдардың әлсіздігін байқағанда жиі қайғырады, өзінен-өзі
ашуланады... Олар шеттетілгеніне қарамастан, өздерін қоршаған-
дармен ажырамас тартымдылықты сезінеді.
Сыпайылық пен қоршағандарды сыйлау.
Барлық қам-
қорлығымыздағыларды түгелдей демократияға
берілгендер деп
санауға болады. Мен бұны бұрынырақ зерттеген
(Maslow, 1943
)
авторитарлы және демократты мінез құрылымын талдау негізінде
айтып отырмын, оны егжей-тегжейлі келтіру мүмкін болмаған-
дықтан, бақылаудың негізгі нәтижелерін мен тек қысқаша сипаттап
кетуді мүмкін деп таптым. Өзіндік кемелденген адамдардың бәрінде
де ақыл-ойдың демократиялық белгілері нақты немесе жеңілдеу
түрде көрінеді. Олар кез келген адамға, әлеуметтік топтарға, саяси
көзқарастарына,
нәсіліне қарамастан, егер ол рухани жағынан
жақын болса, достық пейіл танытуға дайын. Қарапайым адамдар
осыларға барынша көңіл аударғанымен, олар үшін кейде осы ерек-
шеліктердің мүлдем маңызы жоқ деген әсер де туындауы мүмкін.
Өзіндік кемелденген адамдардың демократиялығы осымен
шектелмейді. Басқа
ерекшеліктеріне қарамастан, өздерін бір
нәрсеге үйрететін адамнан үйренуге олар даяр болады. Осындай
қатынастарда өзіндік кемелденгендер өзінің әлеуметтік мәрте-
бесі мен беделдеріне көңіл бөле қоймайды. Яғни біздің қамқор-
лығымыздағылар өзіндік сыпайылық сияқты қасиетке ие деп
айтуға болады. Олардың бәріне де өздерінің білімі қаншалықты,
нені білуі керек және өздерін қоршағандар қанша біледі – бәрі
әбден айқын. Сондықтан да өзіндік
кемелденгендер өздерінде
жоқ білімдер мен дағдыларды үйренуге дайын тұрады және
оларға шынайы таңданушылық та танытады.
Демократиялық пеп талғампаздықтың жоқтығын ажырата
білу қажет. Өзіндік кемелденгендер адамзат нәсілінің іріктелген
тобына жатады, дегенмен мұндай іріктелушілік адамның тегі,
нәсілі, отбасы, жасы, атағы және биліке ешқандай қатыссыз, олар
досты да
өзі сияқтылардан таңдайды; бұл жердегі маңыздысы
мінез, қабілет және талант.
Бұдан басқа аса маңызды тағы да бір үрдіс бар, бірақ оны
байқау оңай емес: бұл кез келген адамға, ол
тек адамзат тегіне
54
жатқандықтан, құрмет көрсету. Тіпті бұзақы, антұрғандармен
қатынаста да біздің қамқорлығымыздағылар адамның адамдық
арын таптауға дейін бармайды.
Дегенмен бұл жағдайда олар
өздерінің жақсылық пен жамандық, жақсы мен жаман туралы
нақты көзқарастарын басшылыққа алады. Олар жамандықтан
қашу, келеңсіз
әрекеттерден шеттеу орнына, онымен күресуге
дайын тұрады. Өзіндік кемелденгендер әдеттегі адамдардан гөрі
өз ашуларын көрсетуде көп күмәнданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: