194
қабырғасындағы жылдарда адамның жан дүниесін, сана-сезімін,
сенімін тәрбиелейтін білімдерге ерекше назар аударылуға тиіс.
Жалпы алғанда, өмірдің өзі тәрбиелейді деген сияқты пікір
де тек метафора ғана. Жекелеген адамды нақты кісілер тәрбие-
лейді. Ал егер ол мектепте тәрбие көрмей, өмірге адамгершілік
жағынан жұрдай болып аяқ басса, ол қоғамға қауіп төндіреді.
Еңбек тәрбиелейді
(«Жұмыс істесе, еңбек тәрбиелейді») деген
пікірге одан да көбірек түсіндірме керек. Қоғамдық өмірдің өзге
жақтарынан оқшау алғанда, еңбек өздігінен тәрбиелеп шығар-
майды. Еңбектің тәрбиелік күші оны адамның биік мақсаттары мен
ізгі қатынастары арқылы адамға айналдырылғанда ғана көрінеді.
Кейбір мектептерде білім беру мен тәрбие берудің арасында
алшақтық бар: ізгі жандылықты қалыптастыруға тиісті білім
сана-сезімді қозғап, нанымға айнала бермейді.
Адам туралы білімнің тәрбиелік күші орасан. Мектептің
міндеті: адам парасатының туындауы туралы, өнер туралы, адам
істерінің әсемдігі туралы, зұлымдыққа ымырасыздық пен
төзбеушілік туралы білімдерге ие бола отырып, адамның өзін-өзі
танып білуі, әдемі болып көрінуге құштарлық арқылы шабыт-
тануы керек. Қазір оқу-тәрбие жұмысының өмірдің өзі алға
қойып отырған өте маңызды мәселесі –
Достарыңызбен бөлісу: