196
барлық күш-жігері де осыған бағытталған. Осы мақсат – біліп,
жаттап алу, тану мақсаты бірінші орынға неғұрлым көбірек
қойылатын болса, бұл мақсат оқушының ішкі күшін неғұрлым
көбірек билеп алса, идея солғұрлым кейінгі қатарға шегінеді,
білімнің сенімге айналу коэффициенті солғұрлым төмен болады.
Сөйтіп, оқушылар фактілердің, құбылыстардың, заңдардың
мәнін аз ойлап, оған аз талдау жасайтын жерде бұл коэффициент
мейлінше төмен болмақ.
Өкінішке қарай, сабақтағы ой еңбегін: тыңда – есіңде сақта –
жауап бер деген схемаға келіп саятын мұғалімдер бар. Мұндай
схема жағдайында идея сананы жанап қана өтетін сияқты.
Ағынан жарылатын болсақ, ашығын айтайық, бізде байы-
бына бармай оқитын, идеялар санасына тереңдеп енбейтін
қаншама оқушылар бар. Интеллектік дамуға ғана емес, сонымен
қатар адамгершілік дамуға да жаттап алудың тигізетін зияны
орасан зор. Жаттап алу материалдың идеялық мазмұнын
бейтарап қалдырады. Қалай болса солай жаттап алудың қаупін
жою үшін нағыз тәрбиеші материалды алғашқы қабылдауының,
онымен алғашқы танысуының өзінде-ақ оқушының фактілердің,
құбылыстардың, көзқарастардың, тәуелділіктің идеялық мазмұ-
нына ойша тереңдеуіне ұмтылады. Мұғалім өз тәрбиеленушілері-
нің алдынан білім дүниесіне жеткізетін жол ашып, оның жеке
басына жанасқан, оның ойына, сезіміне, ар-намысына үңілген
сәттен бастап тәрбиешіге айналады.
Практикалық тәжірибеге сүйене отырып, мен адамгершілік-
тің қалыптасу үдерісінің мәнін негіздеп беруге ұмтылайын.
Меніңше, бұл мәнді айқындайтын аса маңызды тұжырым мына
ақиқат:
Достарыңызбен бөлісу: