399
Аталған шеберліктер оқушының бойында: а) проблемаларды
шешудің бұрын меңгерілген (мәлім) тәсілдерін жаңа оқу ситуа-
циясында немесе өмірлік ситуацияда (фактілерді
ауыстыру,
таңдау және талдау, жаңаның бұрын оқып үйренілген нәрсемен
байланыстарын табу және т.б.) қолдану; ә) оқу проблемала-
рын шешудің жаңа тәсілдерін (шешудің мүмкіндігін анықтау,
фактілерді талдаудың нәтижелерін қорытып, нақтылау және
т.б.) табу
қабілеттерінің
қалыптасқан-қалыптаспағанына байла-
нысты.
Барлық осы көрсеткіштер түгел алғанда
оқушының интел-
лектуалдық даму дәрежесін
сипаттайды және мұғалім оларды
оқушының ақыл-ой дамуындағы ілгерілеуінің
көрнекі көрсеткіш-
тері
ретінде, оқу үдерісін тиімді басқарып, оқушыны танымдық
дербестіктің қол жеткен дәрежесінен гөрі неғұрлым жоғары
дәрежесіне көшіру үшін қажетті кері информацияның негізгі
мазмұны ретінде қолдануы мүмкін. Сабақ өту әдістері, мұғалім
сұрақтар, міндеттер және тапсырмалар түрінде қалыптастыратын
оқу проблемаларының әр алуан типтері басқару әдісі болып
табылады. Осылардың бәріне және мұғалім мен оқушының өзара
қимылының сипатына байланысты шартты түрде проблемалық
оқытудың төрт д ә р е ж е с і н бөлуге болады:
–
дербес емес (әдеттегі) белсенділік дәрежесі
–
оқушының
мұғалімнің түсінігін қабылдауы, проблемалық ситуация
жағдайларында ақыл-ой әрекет үлгісін меңгеруі, оқушы-
ның характерді жаңғыртатын өзіндік жұмыстарды, жат-
тығуларды орындауы, ауызекі жаңғырту;
–
жартылай өздігінен болатын белсенділік дәрежесі
бұрынғы
білімдерді жаңа ситуацияларда қолданумен және мектеп
оқушыларының мұғалім қойған оқу проблемасын шешу
тәсілін іздестіруге қатысуымен сипатталады;
–
дербес белсенділік дәрежесі
–
репродуктивтік-ізденіс
типіндегі жұмыстарды орындау, бұл кезде оқушы оқу-
лықтың мәтіні бойынша өзі жұмыс істейді, бұрынғы бі-
лімдерін жаңа ситуацияға қолданады, конструкциялайды,
қиындығы орташа есептерді шығарады, мұғалімнің сәл
демеуімен гипотезаны дәлелдейді және т.б.
–
шығармашылық белсенділік дәрежесі –
шығармашылық
қиялды, логикалық талдау мен табуды, оқу проблемасын
400
шешудің жаңа тәсілін ашуды, өздігінен дәлелдеуді талап
ететін өзіндік жұмыстарды орындау; өздігінен тұжырым
жасау мен қорытынды шығару, өнертабыс және көркем
шығармалар жазу.
Оқытудың бәрі проблемалық болуға тиіс пе? Жоқ,
бәрі емес,
егер проблемалық оқытуды оқу проблемаларын шешу ғана және
барлық оқу материалын өздігінен меңгеру ғана деп білсек. Иә,
оқытудың
барлығы
проблемалық болуға тиіс, егер проблемалық
оқытуды білімдерді
оқу проблемаларын шешу жолымен, жаңа-
лық ашу жолымен өздігінен меңгеру мұғалім немесе оқулық
(немесе диктор) баяндаған білімдерді репродуктивтік меңгеру-
мен
ұштастырылатын
әдістер жүйесі ретінде түсінсек. Оқушы
адамзат білімінің бүкіл тарихи даму жолын қайталай алмайды
және қайталауға тиіс те емес, бірақ ол бұл дамудың принциптері
мен әрекеттің жалпыластырылған тәсілдерін қайталауға тиіс,
мұны оқушы оларды меңгеріп, өз бойында шығармашылық қыз-
мет тәсілдерін қалыптастыру үшін қайталауға тиіс. Иә,
бар-
лығын,
егер проблемалық оқытуды зерттеу әдісімен ұқсастыр-
май, оқушы
ойының
және оның
есінің
дамуын,
білімдерді
шығар-
машылық
меңгеруді,
ғылыми
фактілерді жинақтап,
сенімдерді
қалыптастыруды
қамтамасыз ететін оқыту типі ретінде түсін-
сек.
Проблемалық оқытуға барлық оқушылардың шамасы жете
ме? Іс жүзінде барлығының дерлік шамасы жетеді. Алайда
оқушылардың жас және даралық ерекшеліктеріне, олардың проб-
лемалық, оқудың әдістеріне үйретілу дәрежесіне байланысты
проблемалылық деңгейі мен танымдық дербестік дәрежесінің
айырмасы болады.
Достарыңызбен бөлісу: