79
болады. Шешесі ешқандай ережені сақтамай, бірдеңені қажет
етіп жатса да, жылап жатқан баланы қанағаттандырмай тастап
кеткенде, емшектегі нәрестенің бойындағы зиянды мазасыз-
дықтың және оның барлық салдарының мәйегі тым қатты дамып,
өршеленіп кетеді. Ол бір ыңғайсыздықты сезеді, жиі-жиі және
ұзақ уақыт күтуге мәжбүр
болғандықтан, оның қанағаттандыр-
сам деген қажеттігі азапқа, жоқшылыққа және дертке айналады.
Нәрестенің қажетін кешігіп барып қанағаттандыру анаға деген
сүйіспеншілік пен сенімнің қасиетті өскіндерін енді бұрынғыдай
табиғи үйлесімді жолмен өмірге әкеле алмайды. Сүйіспеншілік
пен сенімнің өскіндері қанағаттандырып барып тыныштандыр-
ған кезде ғана дамиды, енді тыныштықтың
орнына нәрестенің
бойында
зиянды мазасыздық
, хайуандық тағылықтың нышаны
пайда болады.
Емізулі нәрестенің өмірінің алғашқы күндеріндегі мазасы-
ның кетуінен оның физикалық күшінің ашулы сезімдерінің
алғашқы белгілері мен хайуанша күш
көрсетуге бейімділік,
сонымен қатар адамгершілігі жоқ, құдайды білмейтін тынымсыз
рухтың барлық тозағы туады, ондай рухқа адамшылықтың өзінің
ішкі көркем мән-мағынасы жат, ол оны мойындамайды да.
Шешесі қажетін қанағаттандырмаған соң, түскен азабынан
қатты ашуланған аш бала, жемтігін сарыла күткен жабайы аңдай
шешесінің кеудесін бас салады. Ал егер ол жеңіл-желпі емгісі
келсе, ол анасына адамша қуана жабыса кетер еді. Себебі
қандай
болса, ондай болсын, бала анасының мамықтай қолы мен күлім-
сіреген көздерін сезбесе, оның көздері мен еріндерінен күлімсі-
реу де, жайбарақат жатқан кездегі табиғатынан өзіне тән сүйкім-
ділігі де ұшып кетеді. Бұл – тыныштығынан айырылған баланың
бойында енді-енді оянып келе жатқан адамшылықтың жоқтығы-
ның алғашқы белгісі. Керісінше, оның бойында мазасыздық пен
сенімсіздіктің барлық белгілері көріне бастайды, бұлар сүйіс-
пеншілік пен сенімнің енді-енді дамып келе жатуын тоқтатады,
олардың берекесін кетіреді және баланың бойында енді ғана
басталған дамудың болуына қауіп туғызады.
Бірақ баланы жайбарақат, қолдан еш нәрсеге қызықтыр-
маған кезде қажет етпеген физикалық
игілікпен тым тойғызып
жіберу де қасиетті тыныштықтың игілікті күшінің іргесін тү-
бірінен шайқайды,
Достарыңызбен бөлісу: