73
хайуандық сипатындағы біздің талап-тілегімізді біздің жүрегіміз-
дің, ақыл-ойымыздың және біліктеріміздің күштері мен туа
біткен нышандарының
одан жоғары тұрған ішкі, құдай берген
мән-мағынасына дәл солай міндетті түрде толық бағынуын,
басқаша айтқанда, негізінде тәніміз бен қанымыздың жанымызға
бағынуын талап етеді. Бұдан одан әрі адамның күштері мен туа
біткен нышандарын табиғи үйлесімді дамыту мақсатында қол-
данылатын тәрбиелеу өнерінің құралдарының жиынтығы біздің
күштерімізді дамытып және қалыптастырып келе жатқан таби-
ғаттың өзі жүріп келе жатқан
жолды
анық білмесең де, оны қалай
болғанда да
іштей сезуің керек екенін
шарт етіп қояды
деген
қорытынды шығады. Табиғаттың бұл жүрісі өзгермейтін, мәңгі-
лік заңдарға сүйенеді, олар адамның әрбір күшінде туа пайда
болады және тоқтаусыз өзі дамуға талпынады. Біздің дамуымыз-
дың бүкіл табиғи барысы осы талпынудан туады. Адам бір
нәрсеге күшім бар деп ойлайтын болса, ол соның бәрін алғысы
келеді және ол бойындағы осы талпынудың әсерінен соның бәрін
істеуді қалап тұруға тиіс.
Осы күшті
сезу мәңгілік, күмәнсіз және өзгермейтін заң-
дарды білдіру деген сөз, табиғаттың жүрісі адамның дамуына
қатысты осы заңдарға сүйенеді.
Негізінен, адамның бойындағы жекелеген туа біткен бір
нышанның ерекшеліктерінен туындайтын
бұл заңдардың заң-
дарға тән күштердің бір-бірінен айырмашылығы болатыны
секілді, бір-бірінен айырмашылығы бар. Бірақ мына күштер
секілді олар да адам табиғатының бірлігінен туындайды, сондық-
тан қаншалықты айырмашылығы болса да, олар бір-бірімен
терең байланысқан. Адам баласының бойында бірге болып,
үйлесімдік пен тепе-теңдікті сақтағанның
арқасында ғана олар
адам үшін нағыз және толықтай табиғи үйлесімді болып табы-
лады әрі адамды қалыптастыруға себепкер болады. Қандай
жағдайда болмасын дәлелденетін ақиқат мынау: адамды қызық-
тырып әкететін нәрсе ғана пәрменді түрде, шынымен және та-
биғи үйлесімді етіп қалыптастыруға көмектеседі, ол адам таби-
ғатының барлық күштеріне, яғни жүрегіне, ақыл-ойына және
қолына әсер етеді. Адамға бұлайша әсер етпейтін нәрсенің бәрі,
оның жан дүниесін тұтастай қызықтырмайтын нәрсенің бәрінің
әсері табиғи үйлесімді емес және осы
сөздің толық мағынасында
74
адамды қалыптастыруға көмектеспейді. Адамға біржақты, яғни
оның күштерінің біреуіне ғана, жүректің күшіне ме, ақыл-ойдың
немесе қолдың күшіне ме әсер ететін нәрсенің бәрі оның күш-
терінің тепе-теңдігін шайқалтады және бұзады, білім құралдары-
ның табиғаттан қол үзуіне апарып соғады, ал оның салдары –
жер-жерге жаппай тарап кеткен қате тәрбие мен адамдардың
табиғилықты жоғалтып алуы. Адам жанын асқақтататын құрал-
дардың көмегімен ешқашан да
Достарыңызбен бөлісу: