68
тереңдіктер – қуаныш бастауы, ойнау мүмкіндігі,
жақсы көру,
күлу және ең қажеттісі креативті бола алуы. Өзінің ішіндегі
тозақтан құтылу үшін адам аспанға апарар жолды табады. Сол
кезде адамның бойында жағымсыз қасиеттер пайда болады:
ақымақтық жасау, ойнау, жақсы көру қабілеттерін жоғалтады,
балалық және сенімділік танытудан айырылады.
Оның эмо-
циясы, ой-өрісі, қиялы күшті өзгеріске ұшырайды.
Бастапқы деңгей.
Психоанализдің психотерапия түріндегі
мақсаты – адамның интеграциясы. Психоанализ инсайт жолымен
емделуге бағдарланады. Креативтіліктің түбегейлі бастауларын
зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып,
біз бірнеше өзгерістерді
атап өте аламыз. Біздің бастапқы үдеріске көзқарасымыз қолда-
нуға келмейтін армандарға деген көзқарастан ерекшеленеді.
Менің ойымша, бірінші үдеріс тыйым салынған әуестікке қара-
ғанда өте қауіпті екені маңызды. Шехтельдің айтуы бойынша,
олар ұмытылады немесе басқа әдіспен басылады. Басқаша
айтқанда, алғашқы ой үдерістеріне қарсы тұру кеңшілік қоғамда
өте әлсіз.
Менің ойымша, оқыту үдерістері әуестіктерді ығыс-
тыруға аз әсер етеді, ал бастапқы үдерістерді қабылдау мен саналы
және санадан бұрынғы өмірге интеграциялауға көмектеседі.
Мысалы, сурет салу, поэзия, биге үйрету бұл бағытта көп нәрсені
үйренуге көмектеседі. Сонымен бірге динамикалық психологияда
оқыту да үлкен рөл атқарады. Дейч пен Мэрфидің «Клиникалық
сұхбат» деген еңбегінде алғашқы үдерістердің ұғымдарын қолда-
нады. Марион Милнердің «Сурет салуға қабілеттің жоқтығы»
(1967)
деген тамаша кітабы да осы пікірді жақсы дәлелдейді...
Достарыңызбен бөлісу: