Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


адамды тәрбиелейтін орта жасалып, үнемі байытылып



Pdf көрінісі
бет82/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

адамды тәрбиелейтін орта жасалып, үнемі байытылып 
отырғандықтан ғана алдын ала ықпал жасау құралдары 
тиімді болады.
Бұл қағиданы ұмыту, өкінішке қарай, өте жиі кездесетін 
келеңсіз зардаптарға: сөз бен істің, мінез-құлық пен сана-сезімнің 
алшақтауына алып келеді.
Орта деген – кең әрі сан-салалы ұғым. Бұл әрі оқушының 
қоршаған заттар дүниесі, әрі үлкендердің іс-әрекеті, әр мұғалімнің 
өз басының үлгісі, әрі мектеп коллективі өмірінің жалпы мораль-
дық тынысы (адамға қамқорлық идеясы қалай нақтыланады), 
сергектік, мейірбандылық. Отбасы ерекше орын алады. Егер орта 
адамның бойында жақсы сөз арқылы айтылғаннан мүлдем басқа-
ша нәрсені орнықтыратын болса, сөз – мұғалімнің оқушыға ықпал 
жасайтын осынау данышпандық, күшті құралы – өзіне қарама-
қарсы шығады: ол екіжүзді, ізгілікке сенбейтін етіп тәрбиелейді. 
Орта мен нысаналы тәрбие құралдарының арасындағы сәйкессіз-
дік соңғы жылдары кең таралған теріс тұжырымның белсенді 
қызмет, әсіресе еңбек, тәрбиенің сөзге қарағанда неғұрлым тиімді 
құралы болып табылады-мыс деген тұжырымның негізіне айнал-
ды. Орта (бұл ұғымға қызмет те қосылады) болмайынша сөз қау-
қарсыз, ал сөз болмайынша, тәрбие үшін қажетті ортаның болма-
уы мүмкін емес. Егер жеке адамның адамгершілік дамуының то-
лық үйлесіміне жеткіңіз келсе, орта мен сөздің үйлесімін жасаңыз.
(Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. 
 – Алматы: Ана тілі, 1984).
Орыс психологы әрі философы, КСРО Ғылым Академия-
сының корреспондент-мүшесі, іс-әрекет психологиясының 
негізін қалаушылардың бірі. Ол жалпы психология теориясы мен 
әдіснамасы, педагогикалық психология, философия, логика, ойлау 
психологиясы, психология тарихы, сезім, темперамент, қабілет 
психологиясы мәселелерімен айналысқан. «Жалпы психология 
негіздері» атты іргелі зерттеу еңбегінің авторы.
1914 жылы Германиядағы Марбург университетінің фило-
софия факультетін аяқтап, «Әдіс мәселесі жайында» тақы-
рыбында докторлық диссертациясын қорғаған. 


201 
1922 жылы психология мен педагогика 
үшін маңызды болып табылатын мәселе 
сана мен іс-әрекеттің бірлігі ұстанымын 
негіздеп, психологияға іс-әрекет тұрғысы-
нан келу теориясын алғашқылардың бірі 
болып енгізді. 30-жылдары бұл ұста-
нымның мәнін нақтылап, адам және оның 
психикасы алдымен практикалық іс-әрекет 
барысында қалыптасады деді. Психология-
лық ғылымдардың жаңа әдіснамалық ұста-
нымдарын қалыптастырды, соның ішінде 
детерменизм ұстанымын («сыртқы себеп-
тер ішкі жағдайлар арқылы іске асады»), 
психиканы үдеріс ретінде қарастыру 
тұжырымдамасын жасап, кейін шәкіртте-
рінің ойлау үдерісіне қатысты зерттеулерінде іске асырылды 
(А.В. Брушлинский, К.А. Абульханова-Славская және т.б.). 
1942 жылы «Жалпы психология негіздері» (1940 ж.) еңбегі 
үшін Сталиндік сыйлықтың иегері атағын алған.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет