Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет11/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

А. Маслоу – америкалық танымал 
психолог, ізгілікті психологияның негізін 
қалаушы. 1928 жылы Мэдисон универси-
тетіне (Висконсин) оқуға түсіп, 1931 жы-
лы магистр, ал 1934 жылы психология 
докторы дәрежесін алады. Оның қажет-
тіліктер теориясы тұтынушылар мінез-
құлқы мен мотивация теориясын құруда 
маңызды рөл атқарып, экономикада кең 
қолданыс тапты.
 
 
Өзін-өзі кемелдендіру.
 
Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар: 
психикалық 
 
денсаулықты зерттеу 
Бұл тарауда көп жағынан әдеттегіден ерекше зерттеулердің 
нәтижелері көрсетіледі. Ол алдын ала жоспарланбаған. Бұл зерт-
теу ешбір әлеуметтік тапсырыспен емес, жеке тұрғыдан өткізіл-
ген. Менің жеке қызығушылығым тағы әр түрлі тұлғалық, мо-
ральдық, этикалық және ғылыми мәселелерді шешуге арналған 
жолдарды іздестіруге итермеледі. Ең бастысы, басқаларды оқыту 
емес, өзімнің бірнеше болжамдарымды дәлелдеп, сұрақтарыма 
жауап табуға тырыстым (америкалық баспа редакторының ескерт-
песі: Маслоу өзін-өзі кемелдендіретін адамдар туралы зерттеу-
лерді арнайы жасалған сұрақнама бойынша өмір бойы жүргізген). 
Менің зерттеулерімнің нәтижесі мені таңғалдырды; олар өте 
әсерлі болғандықтан, кейбір әдістемелік кемшіліктеріне қарамас-
тан, оқырмандармен бөлісуге шешім қабылдадым. 
Бұл зерттеулерде қазір өмір сүруші адамдар қарастырылып, 
олардың аттарын айтуға болмағандықтан, ғылыми жұмыстың 
негізгі екі шарты орындалмады: солардың негізінде қорытынды 
жасалатын нәтижелердің қайталануы мен жалпыға ортақ мәлі-
меттердің алынбауы. Бұл қиыншылықтар зерттеуге тарихи тұлға-
ларды, қосымша зерттеулерде жас адамдар мен балаларды қосу 
арқылы шешілді, бұлардың нәтижелерін еркін түрде жариялау 
мүмкін еді. 
Зерттеуге қатысқан адамдар мынадай топтарға бөлінді: 
САЙ КЕЛЕТІНДЕР: нақты өзін-өзі кемелдендіретін жеті 
адам және өзін-өзі кемелдендірген екі адам (сұхбат жүргізілді). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет