Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Артықшылыққа талпынысты қалай басқаруға болады?



Pdf көрінісі
бет10/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

 
Артықшылыққа талпынысты қалай басқаруға болады?
Сонымен алдыңғы тарауларда біз әрбір баланың артықшы-
лыққа талпынысы туралы сөз қозғап, жан-жақты талқыладық. 
Әрбір ата-ананың немесе педагогтың міндеті – мұны жемісті 
және пайдалы арнаға бағыттауында. Олар осындай талпыныс 


39 
күйгелектік пен қобалжудың емес, салауатты тіршілік әрекеті 
мен бақыттың нәтижесі болуын қамқорлыққа алуы тиіс. 
Бұған қалай қол жеткізуге болады? Артықшылыққа тал-
пыныстың өнімді және пайдасыз көріністері арасындағы айырма 
неде? Ол қоғамға қатысты мүдделілікте. Егер ол қоғаммен 
байланысты болмаса, қандай да бір жетістіктің құндылығын 
түсіну мүмкін емес. Егер көпшілік құнды және жоғары деп 
танитын ұлы ерлікті еске алатын болсақ, мұндай ерліктің батыр-
лардың өздері үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызы зор болға-
нын байқауға болады. Осыған орай, бала тәрбиесі ол әлеуметтік 
сезімді немесе қоғаммен ынтымақтастық сезімді сезіне алатын-
дай етіп ұйымдастырылуы тиіс. 
Әлеуметтік сезімі дамымаған бала қиын бала қатарына 
жатады. Бұл балалардан артықшылыққа деген ұмтылысы талап 
етілмеген. 
Алайда қоғам үшін не құнды болып табылатындығы туралы 
көптеген пікірлер бар. Бір нәрсе даусыз: ағаш туралы оның 
жемісіне қарап айтуға болады. Кез келген нақты қылықтың нәти-
жесі қоғам үшін оның пайдасының бар немесе жоғын көрсетеді. 
Бұл біздің уақыт пен нәтижелерді ескеруге тиісті екенімізді 
көрсетеді. Нәтижесінде кез келген әрекет шындық қисынымен 
қиылысуы тиіс және осы қиылыс жалпы алғанда, қоғамның 
қажеттіліктеріне қатысты осы әрекеттің орынды екенін көр-
сетеді. Құндылықтардың жалпы өлшемі осындай және ерте ме, 
кеш пе осы стандартқа қарсылық білдіру немесе келісу міндетті 
түрде байқалады. Бақытымызға орай, өзіміздің күнделікті 
тіршілігімізде біз пікірдің күрделі әдістемесін талап ететін 
жағдайға жиі ұшырамаймыз. Салдарын біз әр уақытта анық біле 
бермейтін әлеуметтік құбылыстар мен саяси беталыстарды 
алатын болсақ, онда бұл жерде дауласуға тура келеді. Алайда 
біртұтас халықтың немесе жекелеген индивидтің тіршілік 
әрекетінің нәтижесі олардың пайдалы әрі шын немесе керісінше 
екенін айқын көрсетеді. Ғылыми тұрғыдан алғанда, бұл абсо- 
люттік ақиқат және өмірдегі проблеманың дұрыс шешімі 
екендігіне көз жеткізбейінше, біз не нәрсені барлығына бірдей 
пайдалы әрі жақсы деп айта алмаймыз, ал ол болса жер, ғарыш 
және адамдық қатынастардың қисынымен шартталған. Адам 
болмысының осы жағдайы шешімі өзінде болатын, әйтсе де 


40 
өзіміз барлық уақытта шеше бермейтін өзіндік математикалық 
есепті білдіреді. Біз тек мәселенің өзектілігі тұрғысынан шешім-
нің дұрыстығы туралы пайымдай аламыз. Өкінішке орай, 
шешімнің дұрыстығын тексеру қателікті түзетуге мүмкіндік 
болмайтын кезде, өте кеш пайда болады. 
Өз өмірін қисынды және объективтік тұрғыдан қарастыр-
майтын адамдардың көпшілігі өзінің мінез-құлқының келісім-
ділігі мен бірізділігін бағалай алмайды. Проблемаға душар 
болғанда, олар шарасыз; және істі қолға алудың орнына, олар 
мұншама қиындық тудырған жолдың дұрыс таңдалмағаны 
туралы ойлана бастайды. Егер бұл балаларға қатысты болса, олар 
пайдалылық қағидасынан алшақтап, оқиғаның мәнін түсінбей-
тіндіктен, кері тәжірибеден оң сабақ алатын күйде болмайтынын 
естен шығармаған жөн. Осыған орай, баланы өз өмірін оқыс 
оқиғалар сериясы ретінде емес, өз өміріндегі өзара байланысты 
оқиғалардын үзік тізбегі ретінде қарастыра білуге үйрету қа- 
жет. 
Оның басынан өтетін бірде-бір оқиға бүкіл өмірінің кон-
тексінен шығарылып тасталуы мүмкін емес: кез келген оқиға 
оның басында бұрын-соңды орын алғандарға байланысты түсін-
діріледі. Бала осыны түсінген уақытта өзінің не себепті сәтсіз-
дікке ұшырағанын түсіне алады. 
Артықшылыққа деген балалық талпыныстың дұрыс немесе 
қате бағытының айырмашылығын қарастырмас бұрын біздің 
ортақ теориямызға қайшы келетін мінез-құлықтың ерекше тұр-
патын қарастырған жөн. Бұл – жалқаулық, осындай мінез-құлық 
тұрпатының болуы әрбір балада туа біткен артықшылыққа тал-
пыныс болады дегенге қайшы келеді. Жалқау балаға үнемі ақыл 
айту оның кеудемсоқтығын, артықшылыққа деген талпынысын 
булықтырады, алайда жалқау баланың жағдайын зерттеуден, біз 
барлығына бірдей қабылданған үрдістің қате екендігін ұғамыз. 
Осындай баланың бірқатар белгілі артықшылықтары бар. Ол 
басқа адамдардың үмітін ақтай алмадым деп абыржымайды; егер 
ол шамалы нәрсеге қол жеткізсе, оны кешіреді, ол еш нәрсемен 
күреспейді және осы арқылы барлығына қатысты өзінің ықылас-
сыз немесе мағынасыз көңілін көрсетеді. Алайда өзінің жалқау-
лығының арқасында, ата-анасы онымен айналысуы қажет деп 
табатындықтан, ол назардан тыс қалмайды. Көптеген балалар- 


41 
дың қалай да болмасын алдыңғы қатарда болғылары келетін-
діктерін көргенде, не себепті кейбір балалар осыған өздерінің 
жалқаулықтары арқылы қол жеткізетіндіктерін түсіне бастай-
мыз. 
Әйтсе де бұл жалқаулықты психологиялық тұрғыда толық 
түсіндірмейді. Көптеген балалар өзінің жағдайын жеңілдету 
құралы ретінде жалқаулық позициясын таңдайды. Олардың қабі-
летсіздіктері мен тәрбиесіздіктерін көптеген жағдайларда жал-
қаулыққа жатқызады. Оларды қабілетсіздіктері үшін кінәлаудың 
орнына, керісінше, ата-аналарының: «Егер ол жалқау болмаса, не 
істей алар еді?» дегендерін де естуге болады. Бұл өзіне сенімсіз 
балалардың жанына шипа. Бұл табыс орнына қолданылатын 
жағдай және ол тек балаларда ғана емес, ересектерде де кездеседі. 
Еrep «жалқау болмағанда, барлығына да қол жеткізер едім»
деген жалған формула оларды сәтсіздікті сезінуден қорғайды. 
Шындығында мұндай балалар бір істі жасағанда, болмашының 
өзі олар үшін зор мәнге ие болады. Нәтижесінде олар осылай 
мақтау естиді, ал осы уақытта тұрақты белсенділік танытатын 
басқа балалардың үлкен жетістіктері өз дәрежесінде таныл-
майды. 
Жалқау балалар сақтық жібі бар шалбарда жүретіндерге 
ұқсайды: егер құласа да жеңіл құлайды. Басқа балаларға қара-
ғанда, жалқау балаларға да жеңіл ұрсады және жеңіл кінәлайды 
және бұл олардың жанына қатты батпайды. Осындай балалар 
қабілетсіз екендіктерінен гөрі, жалқаулығы үшін жазалағанды 
жеңіл қабылдайды. Басқа сөзбен айтқанда, жалқаулықты өзіне 
деген сенімсіздігін жасыру үшін, өздері ұшырайтын проб-
лемалардан аулақ болуға әсерін тигізетін перде ретінде қолда-
нады. 
Егер оларға әсерін тигізетін әдістерді қарастыратын болсақ, 
«олардың жалқау балалардың талпынысымен үндесіп жатқанын 
көреміз, оларға неғұрлым көп ұрсатын болсаңыз, ол солғұрлым 
мақсатына жақын.
Пайдалы іс-әрекеттен жалқаулықтың көмегімен құтыла 
алмайтын жағдайда, кейбір балалар одан «стимуляция» жолымен 
қашуға тырысады. Басқа болса емтихан кезінде ерекше қозады; 
Осындай психологиялық беталыс жылауық балада кездеседі: 
жылау мен жүйке қозуы олар үшін артықшылықтарға жету 


42 
құралы. Осы санатқа қандай да бір мүше қызметінің бұзылуына 
байланысты ерекше қарым-қатынасты талап ететін балаларды, 
мәселен кекеш балаларды жатқызуға болады. Кезінде кішкене 
балалармен жұмыс жасағандар, әлбетте, тілінің дамуы барысын-
да олардың барлығында да аздаған кекештікке бейімділік 
болатынын байқаған болар. Бұл үдерістің шапшаңдығы немесе 
тежелуі көптеген факторларға, жекелеп алғанда, әлеуметтік 
сезімнің деңгейіне тәуелді. Өз құрбыларымен байланыс орнатуға 
тырысатын ашық балалар осындай байланыстардан қашатын 
балаларға қарағанда сөйлеуге тез үйренеді. Сөз артық нәрсе 
ретінде қабылданатын жағдаят та кездеседі. Мысалы, ерке және 
шамадан тыс қамқорлыққа алынатын балалардың әрбір тілегі, 
айтып үлгірместен орындалады (әдетте мылқау балалармен 
жұмыс істеуде осылай жасалады). 
Әдетте 4-5 жасқа дейін сөйлеп үйренбесе, ата-аналар оларды 
мылқау емес пе деп мазасыздана бастайды. Бірақ артынша олар 
балалары өздерін қалыпты еститінін байқайды, өз кезегінде бұл 
пайда болған мазасыздықты жояды. Екінші жағынан, олар сөз 
артық деп табылатын ортада өмір сүреді. Балаға бәрі де «күміс 
табақшамен» ұсынылатын болса, онда сөз қажет етілмейді және 
мұндай жағдайда тіл, әрине, кеш дамиды. Бала тілі оның артық-
шылыққа талпынысы болуының және деңгейінің индикаторы 
болып табылады. Осы талпынысты білдіру үшін ол сөйлеуге тиіс: 
ол отбасына қуаныш әкеле ме немесе өзінің әдеттегі қа-
жеттіліктерін қанағаттандыру нысаны ретінде қызмет ете ме. 
Осы талпынысты белгілі бір нысанда жеткізуге мүмкіндік бол-
майтын кездері біз, әрине, тіл дамуындағы қиындықтарды күте-
міз. 
Тілдің басқа да кемістіктері бар, мысалы, Р, Ш, Ф дауыс-
сыздарын айтудағы қиындықтар. Бұлар барлығы да түзетіледі, 
сондықтан да кекеш, сақау немесе анық сөйлемейтін ересек-
тердің көп болуы түсініксіз. 


43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет