Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет18/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Қабылдаудың жаңашылдығы.
Өзін-өзі кемелдендіретін 
адамдар басынан кешірген өмір қуаныштарын қайта қуана 
қабылдай алу қабілетімен ерекшеленеді. К. Уилсон мұны «жаңа-
шылдықтың қуанышы»
(C. Wilson, 1969)
деп атады. Өзін-өзі 
кемелдендіретін адам күнделікті күннің шығуы мен батуына 
қуанышпен қарайды, бір осының өзі ол үшін өте әдемі. Өзін-өзі 
кемелдендіретін адам 30 жылдан кейін де отбасына риза және 
тіпті әйелі 60 жастан асса да, ол оның кереметтігінен жалық-
пайды. Бұл адамдар үшін күнделікті жұмыстың өзі де қызық. 
Тамсанудың объектісін таңдауда ерекшеліктер байқалады. 
Кейбір біздің қарамағымыздағы адамдар табиғатты қалайды. 
Біреулері үшін баламен қарым-қатынас бірінші орында. Бос уа-
қытын классикалық музыка тыңдауға арнайтын адамдар да бар. 
Менің бір нәрсеге көзім жетті, өзінде бар затқа үйренушілік 
– адамның бойында ашу-ызалық, адамзаттық қайғы-қасірет пен 
уайымның бастауы. Өкінішке орай, біздің жақын адамдарымыз – 
әйелдеріміз, күйеулеріміз, балаларымыз, достарымыз қасымызда 
болғанда бағалай алмаймыз, тек жоғалтқанда ғана түсіне бастай-
мыз. Осындайда денсаулық, саяси еркіндік, материалды жетістік-
тер туралы да айтуға болады, бұлардың нағыз құндылығы 
жоғалтқаннан кейін ғана түсінікті болады. 
Шыңына жеткен күйзелістер
. Бұл қасиеттерді Уильям 
Джеймс жақсы сипаттаған. Біздің қарамағымыздағы адамдардың 


52 
әңгімелері осы тақырыпқа зейін аудартты, олар өздерінің жы-
ныстық өмірлеріндегі күйзелістерді белгісіз терминдермен 
сипаттады, ол терминді жазушылар өз шығармаларына қолда-
натынын мен кейін білдім. Осындай күйзелістерден кейін 
адамдар өзгереді, мықты болады, ол күнделікті өмірде де бай-
қалады. 
Бұларды теологиялық және тым тылсым күйзелістерден 
бөліп қарау аса маңызды, дегенмен олар бір-бірімен мыңдаған 
жылдар бойы байланысты болып келді. Бұл күйзелістер табиғи 
жолмен пайда болады, яғни ғылыммен байланысты болғандық-
тан, мен оларды шыңына жеткен күйзелістер деп атадым. 
Теологиялық әдебиетте мистикалық күйзелістер басқалар-
дан сапалы түрде ерекшеленеді деген пікір бар. Көп индивид-
терде әлсіз мистикалық күйзелістер болады, бірақ тек таңдаулы-
лары ғана оларды үнемі, тіпті күнде сезеді... 
1935 жылы жүргізілген зерттеулерден кейін, мен шыңына 
жеткен күйзелістерді сезінген және сезінбеген адамдардың ара-
сындағы ерекшеліктеріне көп назар аудара бастадым. Сөз 
олардың сандық ерекшеліктері туралы болмақ, дегенмен олар да 
маңызды. Бұл тақырып менің бір жұмысымда толық қарасты-
рылады
(Maslow, 1969).
Өзін-өзі кемелдендіруші шыңына 
жеткен күйзелістерді сезінбейтін адамдар өмірді сол қалпында 
қабылдайды. Ал қайғының ең ауырын өз басынан кешірген адам-
дар поэзияға, эстетикаға, символдарға, т.б. әуес болады. Менің 
ойымша, бұл әлеуметтік өмірге әсер ететін маңызды мінез-
құлықтық ерекшелік. «Сау» өзін-өзі кемелдендіретін күйзеліссіз 
адамдар әлеуметтік әлемді жақсартуға тырысады: бұл саясаткер-
лер, реформаторлар, қоғам қайраткерлері. Ал күйзелістерді 
сезінетіндер поэзия, музыка, дін және философияға жақын тұ-
рады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет