Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет20/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Тұлғааралық қатынастар.
Басқа ересектерге қарағанда
өзін-өзі кемелдендіретін индивидтер неғұрлым тереңірек тұл-
ғааралық қатынастарда болады. Басқа адамдар сияқты емес, олар 
өз махаббатын, сезімдерін көбірек білдіруге дайын тұрады. 
Осы және басқа құбылыстардың бір салдары – өзін-өзі ке-
мелдендіретін адамдар шектелген адамдармен тығыз байланыста 
болады. Олардың досы аз. Солардың кейбіреуіне ғана шын 
сезіммен қарайды. Оның бір себебін былай түсіндіруге болады: 
қарым-қатынас көп уақытты алады. Адалдық – ол минуттық іс 
емес. Менің бір досым осыны: «Менің көп доспен араласатын 
уақытым жоқ. Нағыз дос туралы сөз болғанда, ол ешкімде де жоқ 
шығар», – деп түсіндіреді. Бұлайша дос таңдаудағы іріктеушілік 
олардың басқа адамдарға деген тартымдылық, достық қаты-
настарымен бірігіп жатады. Біздің қамқорлығымыздағылар
басқа барлық адамдарға деген мейірімділік сезімдерін көрсе- 
туге бейім болады. Олар кішкентай балаларды ерекше жақсы 
көреді... 
Бірақ, сонымен бірге бұл махаббатты іріктелмеген деуге 
болмайды. Өзін-өзі кемелдендіретін индивидтер қылмыскер
өтірікші адамдарды сабасына тез түсіруі мүмкін. Бірақ көзбе-көз 
сөйлескенде оларға ерекше қатынастарды көрсетудің қажеті 
болмайды. Бұған мынадай түсініктеме бар: «Көп адамдар өздері-
нің қолдарынан келетін нәрселерге ұмтылмайды, олар ойланып 
және ойланбай істеу арқылы өздерін қайғы-қасіретке ұшырата-
ды, содан ол не үшін болды деп ойланады, уайымдайды. Адамдар 
өздерінің келеңсіз мінездері үшін өз күйзелістерімен жауап 
береді. Оларды кінәлау орнына аяу керек». 
Қоршағандарға қарсы болу: 1) өздеріне байланысты; 2) сол 
немесе басқа адамдарға көмектесуден туындайды. Сонымен, 
Фроммның жіктеуіне сәйкес, дұшпандық мұндай адамдардың 


55 
мінездік ерекшеліктері емес, реактивті немесе ситуациялық ерек-
шеліктері болады. 
Этика.
Менің байқауымша, өзін-өзі кемелдендіретін ииди-
видтер күнделікті өмірде жақсылық пен жамандық арасындағы 
ерекшеліктерді ажыратуда сенімсіздік танытпайды. Бұл индивид-
тердің белгілі бір моральды стандарттары және этикалық кодекс-
тері болады, соларды ұстанады, сол принциптерді бұзбауға тыры-
сады. Сонымен, олардың жалпы қалыптасқан жақсылық пен 
жамандық туралы түсініктері ерекше болуы мүмкін. 
Қазір біздің заманымызда Құдайға сенемін деген адам 
Құдайды шынайы кейіпкер ретінде емес, ерекше метафизикалық 
тұжырымдама ретінде суреттейді. Егер біз дінді тек әлеуметтік-
мінездік аспектіде қарастырсақ, онда өзін-өзі кемелдендіретін 
адамдардың барлығын, атеистерді қоса, діншіл деуге болады. 
Бірақ діннің жаратылыстан жоғарылық компонентін есептей 
отырып, біз мүлдем қарама-қарсы қорытындыға келеміз: олар-
дың ешбірін діншіл деуге болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет