Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет8/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

 Бipeyлepi 
үшін бұл процедура өте 
қиынға соғады: олар қызарады және бозарады, кекештенеді және 
дірілдей бастайды; олардың осындай ұялушылық пен үрейді 
сезінетіні соншалықты,
 тіпті eciнен 
де айырылып қалады. Басқа 
бipeyлepi 
сұрақтарға тек құрбыларымен
бipлeciп 
қана жауап 
береді. Басқа жағдайда олар өздерін зерттелуші рөліндеміз деп 
сезіктеніп, мүлдем жауап бермейді. Қарастырылып отырған 
артықшылыққа ұмтылыс ойындарда да көрініс беруі мүмкін. 
Баланың сынақтан өтуі де басқалары атқа мінуші (шабандоз) 
рөлінде болғанда, оның ат рөлінде болуына жол бермейді. Ол 
әрқашан да шабандоз болуды қалайды, ол әрқашан басқару мен 
жетекшілік етуге тырысады. Бірақ егер оны осы рөлді меңгере 
алмағаны үшін ойыннан аластатса, ол ойынға басқа балалардың 
араласуымен қанағаттанады. Ал егер одан кейінгі сәтсіздіктер 
оның рухының төмендеуіне әсер ете берсе, ақыры оның атаққұ-
марлығы әбден төмендейді және кез келген жаңа ситуация бала-
ны алға жетелеудің орнына артқа тартады. 
Әлі сәтсіздіктерге ұшырай қоймаған кейбір атаққұмар 
балалар да жарысу түріндегі кез келген ойындарға бейімділік 
танытады, бірақ олар да жеңіліске ұшырағанда дәл солай 
қорқады және абдырап қалады. Өзін-өзі бекіту тілегінің деңгейі 
мен бағытын көбінесе балалардың сүйікті ойындары, сүйікті 
ертегілері, тарихи фигуралар мен тұлғаларға байланысты анық-
тауға болады. Ересектерге келсек, атаққұмар адамдарға жақсы 
үлгі ретіндегі Наполеонға табынушылықты жиі кездестіруге 
болады. Өз армандарындағы ұлылық сезімі (мания) әрқашанда 
аса күшті жетіспеушілік сезімінің белгісі болып табылады, ол 
түңілген адамдарды өтем іздестіруге және шынайылық шегінен 


28 
тыс пайда болған сезімдерге бөленуге итермелейді. Осыған ұқсас 
нәрселер түс көруде де болады. 
Балалардың өздері артықшылыққа ұмтылуында пайдалана-
тын түрлі жолдарында бірнеше типтерді бөліп қарастыруға 
болады. Мұндай жіктеу аса дәл емес, өйткені типтердің саны өте 
көп және оның әрқайсысы негізінен баланың өзіне сенімділігінің 
деңгейімен анықталады. Осы кезге дейін дамуы қалтқысыз бо-
лып келген балалар өздерінің артықшылыққа ұмтылуын өздеріне 
пайдалы жаққа бұрады; олар мұғалімдерге жағуға, тәртіпті және 
жақсы оқушы болуға тырысады. Дегенмен біздің жеке тәжі-
рибеміз осындай жағдайлардың мүлде көп емес екенін көрсетеді. 
Тағы да өз құрбыларынан ерекшеленуге құмар және өздері-
нің артықшылық үшін күресінде аса табандылық көрсететін 
балалар да бар. Көбінесе мұндай ұмтылыс шектен тыс атаққұ-
марлықтың көрсеткіші болғанымен де, кейде өзіне назар аударт-
пайды, өйткені біз атаққұмарлықты жақсы қасиет деп санауға 
үйренгенбіз, баланы онан әрі тырысуға түрткілеуге үйренгенбіз. 
Бірақ бұл қателік болып табылады, өйткені осы жағдайда бала-
ның дамуы атаққұмарлықтың шектен тыс мөлшерінен зиян шегеді. 
Шектен тыс мөлшердегі атаққұмарлық күйзеліс тудырады, 
оған бала тек біршама уақыт қана төзе алады, дегенмен міндетті 
түрде күйзелістің аса күшейгенінің белгілері пайда болады. 
Мұндай бала көп уақытын кітап оқумен өткізеді, сондықтан 
басқа іс-әрекет түрлеріне аз көңіл бөлінеді. Мұндай балалар 
мектепте бірінші болғысы келгендіктен, белсенділіктің басқа 
түрлерінен қашқақтайды. Біз дамудың бұлай жүргеніне қанағат-
тана алмаймыз, өйткені бала осындай жағдайда ақыл-ойы жағы-
нан да, дене дамуы жағынан да дұрыс жетіле қоймайды. 
Басқаларды басып озуға жету мақсатында баланың өз өмірін 
осылайша ұйымдастыру тәсілін қалыпты даму үшін пайдалы 
деуге болмайды. Әйтеуір бір уақытта оған міндетті түрде уақы-
тының көбін кітап оқумен ғана өткізе бермей, бір мезгіл таза 
ауаға шығып, жолдастарымен ойнау және де басқа істермен 
айналысуы керектігін айту қажет. Мұндай балалар да онша көп 
емес, әйтсе де олар едәуір жиі кездеседі. 
Айтылғанға қосымша, сыныптағы екі оқушы арасында үнсіз 
бақталастық орнайтын жағдайларды да көрсете кетейік. Оларды 
бақылағанда, осы қарсыластарда кейде мүлдем теріс қасиеттер 


29 
дамитынын байқауға болады. Олар күншіл және қызғаншақ бола 
түседі, бұл – үйлесімді және тәуелсіз жеке тұлғаға мүлдем жат 
қасиеттер. Оларды басқа балалардың жетістіктері мазасыздан-
дырады, егер біреу ілгері кетсе, олардың жүйкесі сыр беріп, 
бастары немесе асқазаны және т.с.с. ауырады. Олар басқа біреуді 
мақтап жатқанда шет қалады, әрине, өздері ешқашан да мақтай 
алмайды. Міне, бұл – күншілдіктің көрінісі, ол тым ерекше 
атаққұмарлықты қалай да ақтай алмас. Осы сияқты балалар өз 
жолдастарымен сыйыспайды. Оларға әрдайым жетекшілік рөл 
қажет және олар ойынның жалпы ережелеріне бағынғысы кел-
мейді. Нәтижесінде олар балалар тобында ойнай алмайды және 
өз сыныптастарына қатысты өздерін тым жоғары ұстайды. Кез 
келген мектептес жолдастармен қарым-қатынас жасау оларға 
ұнамайды, мұндай ситуация неғұрлым ұзаққа созылған сайын, 
ондай балаларға жағдайлары солғұрлым өздеріне қорғансыз 
болып көрінеді. Олар ешқашан да жетістіктеріне сенбейді, өзде-
рін қатерлі жағдайда сезінгенде жылдам шатасып қалады. Олар 
қоршаған адамдардың да, өздерінің де өзінен күтетін үміттерінен 
әрдайым ауыртпалықты сезінеді. 
Олар отбасының өздеріне деген үмітін әрдайым сезініп 
отырады, сондықтан да алға қойылған кез келген міндетті 
қандай да бір желігушілікпен іске асырады, өйткені олардың көз 
алдарында әрдайым басқалардан асып түсу, атақты болу 
перспективасы тұрады. Мұндай балалар оларға артылған үміттің 
қиындығын сезінеді және осындай ауыртпалықты қолайлы 
жағдайлар бар уақытқа дейін ғана көтере алады. 
Егер адам абсолюттік ақиқатты білсе және балаларды осы 
секілді қиындықтан құтқарудың жетілген әдісін таба алатын 
болса, бізде «қиын бала» деген ұғым болмас еді. Ал әзірше бізде 
мұндай әдіс болмағандықтан, балалар оқуға мәжбүр болатын 
жағдайлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет