Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет4/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Джон Локк 
(1632-1704) 
 



Жігіттің жампозы нені білуі керек? 
Балаға жақсы тәрбие беру ата-ананың мүддесі, парызы және 
ұлттың жақсы болмағы тәрбиеге тәуелді, сол себепті әр адам оны 
жүрегімен қабылдап, ақылмен немесе әдет-ғұрыптың міндеттеуі-
мен терең зерттеп, көз жеткізіп барып, жастардың түрлі өмір сүру 
жағдайларын ескеретін, қайырымды, қолынан іс келетін іскер 
және қабілетті адамдарды тәрбиелей алатын жолды жүзеге 
асыруға өзінің тарапынан барынша үлес қосуы керек; алайда 
жігіттің жампозына лайықты болуды барлық тәрбиенің ең ба-
сына қою бәрінен маңызды дер едім. Егер осы мәртебеге лайық-
ты адамдар күндердің бір күнінде тәрбие арқылы дұрыс жолға 
түсер болса, қалған дүнияуи әлемді тез тәртіпке келтірері хақ.
«Жаны сау адамның тәні де сау» – бұл әлемдегі бақыт атаулы 
осы қысқа тұжырымда берілген. Екеуі де бір адамда табылса, 
оларға тілейтін тілек шамалы; ал осы екеуінің ең болмағанда, 
біреуі болмаса, онда оның орнын толтыру өте қиын. Адамның 
бақытты немесе бақытсыз болмағы өз қолында. Кімде-кімнің 
рухы оған ақылсыз басшы болса, сол ешқашан дұрыс жолды 
таппақ емес; ал кімде-кімнің тәні сау болмаса, әлсіз болса, дұрыс 
жолмен алға жүруге күші болмайды. Шынында, табиғатынан 
дене бітімі де, ішкі рухы да мықты әрі күшті адамдар болады, 
оларға сырттан келетін көмектің аса қажеті жоқ. Табиғи дарын-
дылығының арқасында олар тумысынан сұлулыққа құштар 
болады, табиғатынан бақытты жаратылысының арқасында 
ғажайыптар жасау қабілетіне ие болып келеді. Бірақ оған үлгі 
болатын мысалдар тым аз, біздер кездестіретін адамдардың 
көпшілігі өзінің тәрбиесінің арқасында иә мейірімді, иә жауыз, 
иә пайдалы, иә пайдасыз болып келеді. Адамдар арасындағы 
айырмашылық нақ осыдан көрінеді. Біздің нәзік балалық шағы-
мыздағы азғантай, көзге көрінбейтін әсерлеріміздің аса маңызды 
әрі ұзақ уақыттық салдары бар: бұл кезде кейбір өзендердің 
бастау көзінде бір азғантай күштің әсері суды арнасынан бұрып, 
қарама-қарсы бағытта ағуға мәжбүрлегені секілді жағдай орын 
алады; бастау көздерінде болған осындай кішкентайдың әсердің 
салдарынан судың қозғалысы түрлі бағытта ағады, ақыр соңында 
бір-бірінен қашықтағы алыс жерлерге дейін барады.
Баланың жанын бағыттау да өзеннің суын қандай да бір 
жолға бағыттағандай оңай; тәрбиенің басты міндеті осы және ол 



ең алдымен, адамның ішкі жан-дүниесін қамқорлыққа алуы тиіс, 
алайда оның сыртқы тұлғасын да назардан тыс қалдыруға 
болмайды. Мен сөзімді осы соңғысынан бастаймын. 
Ең бірінші, біз мынаны білуіміз керек – бала қыста да, жазда 
да тым жылы киініп, оранбауы керек. Біз дүниеге келгенде, біздің 
бетіміз де денеміздің басқа бөліктері секілді өте сезімтал болады. 
Тек әдет арқылы денені шынықтырып, оны суыққа төзімді 
болуға жаттықтыруға болады. Біздің денеміз әуел бастан неге 
әдеттенсе, соған төзімді болады.
Саяхат туралы жазылған соңғы шыққан жазбалардың 
бірінен осыған тамаша үлгі боларлық мысал таптым, оны автор-
дың өз сөзімен жеткізейін. «Мальтада Еуропаның басқа бөлік-
теріне қарағанда күн өте ыстық, тіпті Римдегіден де аптап ыстық, 
тым тымырсық, өйткені ауаны тазартатын жел өте сирек болады. 
Сол себепті ол жердегі қарапайым халық сығандар секілді қап-
қара. Алайда қарабайыр шаруалар күннен қорықпайды: күннің 
ыстығында олар үзіліссіз және шақырайған күннен тығылмай-ақ 
жұмыс істейді. Осыдан кейін табиғат адамның ойына келмейтін 
түрлі құбылыстарға ие, тек біз оған бала кезімізден бейімделуіміз 
керек деген ойға көзім жетті. Мальтиялықтар нақ осылай істейді, 
балаларын бесіктен белі шықпай жатып, он жасқа дейін 
көйлексіз, шалбарсыз, бас киімсіз жүргізіп, ыстыққа икемдейді, 
денесін шынықтырады»... Сіздер мынаны естен шығармаулары-
ңыз қажет: егер табиғат балаңыздың басын қорғау үшін жақсы 
шаш беріп, өмірінің алғашқы екі жылында жақсы денсаулық 
берген болса, сөйтіп, ол күні бойы бас киімсіз жүре алса, оның 
басын түнде ашық қалдырған дұрыс; баланың басын жылыда 
ұстауға әдеттену оны бас ауруына, тұмауға, жөтелге, басқа да 
түрлі ауруларға бейімдейді.
Мен бұларды тек ұл балаға қатысты айттым, себебі менің 
мақсатым жігіттің жампозын бала жастан тәрбиелеуге қажетті 
әдістерді анықтау болып табылады. Бұл әдістер қыздарды тәр-
биелеуге толық жарамайды.
Баланың аяғын күн сайын салқын сумен жууға, ал аяқ 
киімінің суды басқанда су өтетіндей жұқа болуына кеңес берер 
едім. Барлық аналар мен қызметкерлер маған дүре қарсы шыға 
ма деп қорқамын. Аналар оның аяғы лас болады десе, қыз-
меткерлер оның шұлығын жуу үшін көп тер төгу керек деп 



ойлайтын шығар. Ал шынында, денсаулық бұл көзқарастардың 
бәрінен де қымбат қой. Алақанға салып өсірген жастың аяғына 
су өткені қандай қауіпті әрі зиянды деп ойлаған адам оған аяққа 
өткен сызды елемеуге әдеттенген кедей ата-аналардың балалары 
сияқты неге бала кезінде жалаң аяқ жүрмеді екен деген аянышты 
көзбен қарар еді... Ондай қауіптің алдын алу үшін ұлдардың аяқ 
киімін су өтетіндей етіп жасау керек, күн сайын аяғын салқын 
сумен жуу керек. Ол тазалық үшін де қажет; бірақ бұл жерде мен 
денсаулық жайын ойлап отырмын... Күнде кешке, қыста үзіліссіз 
өте суық сумен жуынған кездерге өзім куә болдым. Бір баланың 
өзінің тым жас болғанына қарамастан, өзі аяғын сүртіп, жуа 
алмаса да, аяғын тізесіне дейін бетін қалың мұз басқан суық суға 
салғанын көргенмін. Оған баланы кішкентай әрі нәзік кезінен 
бастап-ақ үйреткен. Ең бастысы, мақсат – дененің бұл бөліктерін 
салқын сумен жиі жууға әдеттеніп, сол арқылы болуы мүмкін 
зиянның алдын алу, оған шынығудың уақытын ата-ананың 
ақылы мен ыңғайын сеніп тапсырған жөн. Меніңше, уақыттан 
гөрі, бұл жерде дұрыс тәсілмен іске асырылғаны маңызды: соның 
нәтижесінде қалыптасатын денсаулық пен қайрат бәрінен де 
қымбат. Сондай-ақ айтылған тәсіл аяқтың күстенуінен, қажа-
луынан да сақтайды, бұл кейбір адамдар үшін үлкен жетістік. Тек 
оны көктемде бастаңыз, алдымен қанжылым сумен шомылып, 
сонан соң біртіндеп суық суға көшіңіз; осылайша қыста да, жазда 
да шомылуды жалғастыра беріңіз. Әдеттегі қалыптасқан өмірге 
өзгеріс енгізу баяу, залалсыз өтуі керек: осылайша денеңізді 
қайғы-қасіретке, ал өз басыңызды қауіп-қатерге тікпей-ақ, тә-
ніңізді бәріне икемдеуге болады.
Бала жүзуге үйрене алатын жасқа жеткен кездегі оның 
пайдасы туралы айтудың қажеті шамалы, егер оны үйрететін 
адам болса, әрине. Жүзу көптеген адамдардың өмірін құтқарады, 
римдіктер оны пайдалы деп есептегендері соншалық, ол сауат-
тылықтың белгісі болған, ал жаман тәрбие алып, ештеңеге 
үйренбеген адам туралы олардың мынадай мақалдары бар: «Ол 
сауаттылыққа да, жүзуге де үйренбеді». Балаға бұл өнерді 
игерудің пайдалы болуымен бірге, ол кез келген уақытта адамға 
керек болып қалады, жаздың қайнаған ыстығында салқын суға 
жиі шомылудың денеге әкелетін пайдасы сан алуандығы 
соншалық, оған үйренуді мадақтаудың қажеттілігін айтудың өзі 


10 
артық; тек мынадай сақтықты естен шығармаған жөн: бала қаны 
мен жүрек соғысын белсендірген дене жаттығуларынан соң, демі 
басылмайынша суға түсуге болмайды.
Сондай-ақ барлық адамдар үшін, әсіресе балалар үшін көп 
уақытты таза ауада өткізіп, барынша оттың жанына жоламағаны 
жөн, тіпті қыстың қақаған күндерінде де. Сол арқылы бала ыстық 
пен суыққа, күн мен жаңбырға төзімді болуға үйренеді; егер 
адамның денесі оларға төзімді болуға әдеттенбесе, оның тәні 
оған бұл өмірде жақсы қызмет ете алмайды; ересек адам үшін 
оған әдеттену тым кеш. Оған жастайынан, біртіндеп әдеттену 
керек: осылайша денені барлық нәрсеге төзімділікке дағды-
ландыруға болады. ... Жампоз жігітті бетін күн мен жел жеп қоя-
ды деп үнемі көлеңкеде ұстау – жігіттің кербезі, сұлуын жасап 
шығару үшін керек шығар бәлкім, бірақ тек істің адамын тәрбие-
леуде ғана емес... Қыздардың сұлулығы одан да көп күтімді қа-
жет етеді десек те, олар таза ауада қаншалықты көп болса, 
соншалықты күшті, сау болады деп сеніммен айта аламын; олар-
дың тәрбиесі қаншалықты қатал болса, ол тәрбие соншалықты 
болашақ өмірлеріне пайдалы болады.
Қыздар туралы айтқанда бір нәрсені айтпай кетуге бол-
майды: балаңыздың көйлегі тым тар болмауы керек, әсіресе 
кеуде жақ бөлікте. Денені қалыптастыруды табиғатқа сеніп 
тапсырайық, ол өзіне жақсысын тауып алады: өзіне ерік берілген 
табиғат біздің нұсқауларымызға қарағанда әлдеқайда күшті әрі 
анық жұмыс істейді. Егер балаларының тәнін жатырында жат-
қанда-ақ, қалыптастыру біздің әйелдеріміздің қолынан келген 
болса, ал олардың көпшілігі солай етуге тырысады, тастай байлап 
өсірген балалардың арасында қазірде қаншалықты аз болса, 
соншалықты тумысынан дене бітімі сұлу балаларды таба алмас 
едік... Мен денесін тастай етіп байлап жүргеннен көп азап шеккен 
балаларды көп көрдім, сол себепті мынадай байламға келдім: 
маймылдардан басқа, олардан аз ғана ақылдырақ бола тұра, өз 
балаларын мағынасыз мейіріммен және шектен тыс еркелікпен 
құрбан ететін басқа да жаратылыс иелері бар болса керек.
Төстің тарлығы, жағымсыз иісі бар қысқа дем, ауру өкпе, қа-
бырғаның майысуы – міне бұлар қатты корсет пен тар көйлектің 
салдары. Жіңішке бел мен сымбатты дене қалыптастырудың бұл 
тәсілі оны одан сайын құртады. Қытай әйелдерінің аяқтары өте 


11 
кішкентай екені баршаға мәлім (олардың одан бір сұлулық 
көретіні тіпті қызық), ол аяқ киімді бала кездерінен тым тар етіп 
кигендіктен. Мен жақында қытай кебісін көргенімде, ол ересек 
әйелдерге арналған деп түсіндірді: бұл кебіс осы жастағы біздің 
әйелдеріміздің аяқтарына тым тар болды, олардың өлшемі біздің 
кішкентай қыздарымыздың біріне де келмес еді. Сондай-ақ қы-
тай әйелдерінің бойы кішкентай және аз ғұмыр кешетіні байқал-
ған екен, ал олардың еркектерінің бойлары ұзын және олар да 
осылай жасайды екен. Қытай әйелдеріндегі бұл кемшілікті кейбі-
реулер кебісті тым тар кигеннен дейді, себебі осының салдары-
нан қан айналымы қиындайды да, бойы өспей, дененің саулығы-
на зиян келеді. 
Тамақ туралы айтатын болсақ, ол өте қарапайым әрі күн-
делікті тағам болуы керек; бала балалар киімімен жүрген кезде, 
әйтпесе екі немесе үш жасқа дейін оған етті тіпті бермеуге кеңес 
берер едім...
Егер жас жампоз ет жемесе болмайды десеңіз, тек күніне бір-
ақ рет, және тек бір ғана сұрыптағысын. Әдеттегі сиыр еті, қой 
еті, т.б. қандай да бір қоспаларсыз... баланың көбірек нан жегенін 
қадағалау керек, нанның өзін немесе басқа нәрсемен қосып және 
қандай да бір қатты тағамды шайнап жеу үшін қосып беру керек. 
Біздер, ағылшындар, бұны көп жағдайда елемейміз, асқазан 
ауруы және басқа да зиянды нәрселер осыдан пайда болады.
Таңғы ас пен кешкі асқа балаларға сүт, сүт сорпа, суға піскен 
ботқа, сұлы және басқа да Англияда дайындалып жүрген тағам-
дарды беру өте пайдалы; бар болғаны бұл тағамдардың қара-
пайым және қоспасыз, сондай-ақ, қанты аз, оның тіпті болмағаны 
керек... Тағамды мөлшермен тұздаған жөн, дәмдегіштері бар 
тамақтарға үйретпеген дұрыс... Тұзды шектен тыс қолдану шөл-
детіп, шамадан көп су ішкізіп қана қоймайды, басқа жағынан да 
денеге зиянды.
Тамақтану уақытын айтар болсақ, оны белгілі бір уақытқа 
тәуелді ету қате дер едім; егер қалыптасқан әдет бойынша тамақ 
белгілі бір уақытқа тәуелді болса, баланың асқазаны өзінің 
үйренген уақытында тамақ сұрап тұрады, егер тамақ ішетін 
уақыт өтіп кетсе, ол ашуланшақ болады; нәтижесінде ашулан-
шақтық семіздікке әкеледі, иә болмаса, тамаққа тәбеті тартпаған-
дықтан асқазан зардап шегеді. Сол себепті таңғы, түскі, кешкі 


12 
асқа бір уақытты әрдайым белгілемес едім, керісінше олардың 
уақытын күн сайын өзгертіп отырар едім. Егер белгіленген 
уақытқа дейін баланың тамақ жегісі келсе, нанның бір тілімін 
беріңіз. Кімде-кім тамақтанудың бұл тәртібін өте қатал әрі бала 
үшін тым жұпыны деп ойласа, бала ешқашан тамақтың азды-
ғынан аш болмайтынын және солып қалмайтынын білсін, егер ол 
түскі асқа ет пен жарма жеп, кез келген тамақ жегісі келген кезде 
оған тағы құнарлы нан мен сыра беріп отырса, әрине; мұндай 
тәртіп есейе келе көз жеткізгенім, бала үшін ең дұрыс. Таңертеңгі 
уақыт әдетте оқуға арналады, оған тойып тұрған асқазан кедергі 
келтірері анық. Қатқан нан ең жақсы тағам болуымен бірге, басқа 
тамақтарға азғырмайды; егер кімде-кім баланың физикалық және 
рухани дамуына ерекше қамқорлықпен қарап, одан ақымақ әрі 
ауру адам шығарғысы келмесе, таңғы аспен тойдырмайды. Бұл 
тәртіп дәулетті және мәртебелі адамдарға келмейді деудің де 
қажеті жоқ. Жампоз жігіт кез келген уақытта қару ұстап, сарбаз 
болуға дайын болып тәрбиеленуі тиіс.
Сусыннан ішсе де, ол тек қуаты әлсіз сыра болуы тиіс; оны 
да тамақ арасында емес, тек аузына бір тілім нан салған соң ғана 
ішуі керек. Оның себебі бар.
Су ыстық күйінде іш ауруы мен асқазан ауруын күшейте 
түседі, маған белгілі себептердің ішіндегі білетінім. Егер бала 
ойыннан денесі қызып, су ішкісі келсе, оның нанды аузына 
салмасы анық; айтылған шарт бойынша ішу рұқсат етілген болса, 
ол су ішуден азырақ бас тартуы тиіс, өйткені ол қатты қызуланып 
тұрған кезде суды ішуге мүлдем болмайды; ол үшін бала алдымен 
ең болмаса тілім нанды аузына салуы керек, сөйтіп, сыраны 
қанның қызуымен бірдей етіп жылытуға уақыт ұтамыз да, оны 
ішу қауіпсіз болады. Ол қатты шөлдеген болса, сыраны көр-
сетілген деңгейде қуана қыздырып ішіп, өзінің шөлін қандыр-
ғаны дұрыс. Егер ол сыраны қыздырып ішкісі келмесе, одан бас 
тартқанның еш зияны жоқ! Осылайша, ол бас тартуға үйренеді, ал 
ол деген жанның саулығына да өте пайдалы әдет... Жеңіл сусын-
дарды, сондай-ақ қуаты мықты сыраларды ішуге үйренген кезде 
үнемі шөлі қанбай жүреді. Тәрбие ісінде мынаны естен шығарма-
ған дұрыс, қандай әдетті қалыптастырғыңыз келеді; сол себепті 
бұл жағдайда да басқа жағдайлардағыдай, әуел бастан балада бекі-
тіп, дамытқыңыз келмейтін әдеттерден аулақ болғаныңыз жөн.


13 
Әуелі бала егер кейде шарап немесе қуатты сусындар ішетін 
болса, оның анда-санда ішкенін қадағалау керек. Англияда ба-
лаға шарап беру әдет-ғұрпынан кең тараған ғұрып жоқ; ал оның 
адамды күйрететін әсеріне тең келетін ештеңе жоқ. Жүректің 
қуатын арттыру үшін тек дәрігердің нұсқауымен болмаса, қал- 
ған жағдайларда балалар ешқандай қуатты сусындарды ішпеуі
тиіс.
Баланы еркелетіп, мейірім танытқанда ұйқыдан басқа еш-
теңеге рұқсат бермеген жөн. Тек осы жағдайда ғана олардың 
барлық тілектерін орындау керек: баланың өсуі мен денсау-
лығына ұйқыдан артық әсер ететін ештеңе жоқ. Бұл жерде бар-
жоғы баланың ұйқысына қай уақыт ыңғайлы деген мәселені ғана 
басын ашып алу керек. Бұл ретте баланы таңертең ерте тұруға 
үйрету керек деп жауап берген дұрыс. Бұл денсаулық үшін ең 
дұрысы; бала кезінен қиналмай ерте тұруға әдеттенген болса, 
есейген кезде де өз өмірінің ең жақсы әрі пайдалы бөлігін төсекте 
езіліп жатып, жалқаулықпен өткізбейтін болады. Сол себепті де 
баланы ерте оятатын болсақ, кешкісін де оларды төсекке ерте 
жатқызуымыз керек; осылай олар кешкі уақыттарын зиянды, 
кесірлі көңіл көтерулерден аулақ болады. Балаға кішкентай 
кезінде ұйқыға қатысты көп еркіндік берген жөн, тіпті оларға 
қалағанша ұйықтауына мүмкіндік берген жөн. Бірақ оны жеті 
жастан ба, әлде он жастан бастап шектеген жөн бе, оны нақты 
анықтау мүмкін емес: ол үшін баланы темпераменті мен ерік-
жігерін, дене бітімін ескеру қажет. Бірақ жеті мен он төрт жас 
аралығында олар әлі де ұйқыны жақсы көретін болса, оларды 
әдеттегі ересек адамдарда болуы керек сегіз сағаттық ұйқымен 
шектей бастау орынды. 
Баланың төсегі қатты болуы керек, себебі ол адамның мү-
шелерін бекітеді. Үйінде қатты төсекте ұйықтап үйренген адам 
өзінің саяхаттары кезінде әдеттегі жұмсақ төсегін іздеп, ұйқы-
сыздық ауруына шалдықпайтын болады.
Менің айтқандарым келесі орындауға жеңіл әрі көп те емес 
ережелерге келіп тіреледі: барынша көп таза ауа, жаттығу, ұйқы, 
қарапайым тағам; ешқандай шарап немесе қуатты сусындар 
болмауы керек; дәрі-дәрмек өте аз болсын; тым жылы әрі тар 
киім болмасын; басты және аяқты суыққа үйрету керек, аяқты 
суық сумен жиі жуып, ылғалға үйрету қажет.


14 
Дененің мықтылығын оның жоқшылыққа төзімділігінен 
көре алатын болсақ, жанның жағдайы да дәл осындай. Кез келген 
мейірбандыққа және абыройға негіз болатын ұлы ұстаным – 
адамның өз қалау-тілектерінен бас тартып, әдет-дағдысына бой 
ұрмастан, тек қана ақылдан шыққан асылдың айтқанымен жүру.
Бала тәрбиесінде жіберілетін үлкен қателік – ата-аналар 
баланың жанын тәртіпке бағындырып, ақылдың тілін алуға 
үйретуге өте аз назар аударады, әсіресе жас жан тым нәзік, 
ықпалға берілгіш кезеңдерді басынан өткергенде бұл сәт 
назардан тыс қалып қояды. Мен осыны байқадым. Әсіресе 
жаратылысынан балаға махаббаты айрықша ата-аналар, егер 
ақыл ата-ананың балаға деген бұл ықыласын жан-жақты 
бақыламайтын болса, оның соқыр сезімге айналып кетуі ғажап 
емес. Ата-аналар нәрестелерін өте жақсы көреді, бұл – олардың 
парызы; бірақ кейде олар балаларының кемшіліктерін де бірге 
жақсы көріп кетеді. Олардың ойынша, балаға ешқандай тыйым 
салуға болмайды екен; оларға өз еркімен жүруге мүмкіндік беру 
керек; балалар кішкентай болғандықтан да үлкен бұзақылық 
жасамайды деп ойлайтын ата-аналар өздерінің кішкентайла-
рының дұрыс әдетке жатпайтын анау-мынау ұсақ нәрселеріне көз 
жұмып қарайды. Олардың тентектіктеріне сүйсініп қарайды, 
себебі ата-аналар тентектік балаларына жарасады деп ойлайды.
Сүйкімді де сүйікті балалары төбелесуді де, басқаларды 
мазақтауды да білуі керек; ол керектінің бәрін алып, өзіне 
ұнағанын істеу керек. Балаларының кішкентай кездерінде 
еркеліктерін осылайша көтермелеп, еркелетіп, ақыр соңында 
олардың құдай берген қабілеттерін құртады және кейін өздері өз 
қолдарымен улаған бұлақтың суы неліктен кермек татиды деп 
таңғалады да. Өйткені бала өскен сайын, олардың жаман әдеттері 
де бірге өседі; балалары есейіп, ересек атанған кезде де ата-
аналары оларды өздерінің қол ойыншықтары сияқты мәпелеп, 
әлдилегісі келеді. Міне, сол кезде ата-аналардың шағымы 
көбейеді. Балалары тіл алмайды, бұзақы; ата-анаға балаларының 
бассыздықтарын көру ауыр, ұрығын өздері сеуіп, өздері 
көтермелеген жаман әдеттерін көріп ұялады. Сол кезде, бәлкім, 
бұл тым кеш те болуы мүмкін, дегенмен де сол тәрбиедегі өздері 
өз қолдарымен өсіріп, бүгінде тамырын тым тереңге жіберген 
арам шөптерді түбірімен жұлып тастағанға қуанар ма еді, әйтсе 


15 
де бұл өте қиын. Өйткені бала бесіктен белі шыққанша өз бетімен 
жүруге үйреніп қалған, ендеше енді шалбар киген кезде де сол 
өзінің қалағанына ұмтылғанына қарап оған неліктен таңғалуы-
мыз керек? Әрине, жасы келген сайын оның кемшіліктері айқын 
көріне бастайды; өзінің жұмсақтығының зияндығын да сезбейтін 
көрбақ ата-аналар бар. Бала сөйлеп немесе жүріп үйренгенге 
дейін-ақ өзінің күтушісіне бұйырып үйренген; ол өзінің ата-
аналарын былдырлап сөйлеместен бұрын-ақ билеп алған. Ен-
деше, неліктен енді есейіп, күші толып, ақылы асқан кезде 
ұстамды әрі тілалғыш болуы керек? Неліктен енді жеті, он төрт 
немесе жиырма жасқа жеткенде осыған дейін әке-шешесі 
молынан жасап келген жеңілдіктердің бәрінен айырылуы тиіс? 
Итке немесе жылқыға, тіпті болмаса, басқа жануарға сынақ 
жүргізіп көріңіз, үлкейген кезде жастайынан қалыптасқан 
олардың жаман әдеттері мен дойырлықтарын жөндеу оңай ма 
екен? Оның үстіне ешбір жануарда адамда бар бассыздық пен 
өзін ғана дәріптеудің, өзін ғана емес өзгені де билегісі келетін 
пиғылдың жартысы да жоқ. Бұл – адамға тән... Жастайынан 
барлығын ақылына бағындыруға үйренбеген адам, есейіп, 
ақылына құлақ асатын жасқа жеткенде де оны тыңдап, мойын-
сұнуы неғайбыл. Мұндай субъектіден қандай адам шығатынын 
да болжап білу қиын емес. Мен бұл жерде көргенсіздікке тікелей 
үйретіп, ізгілік пен мейірбандық жолынан азғыратын жағдай-
ларға назарларыңызды аударғым келеді. Баланы жүріп үйренбес-
тен-ақ озбырлық пен кек алудың, қатыгездік тәртіптеріне 
иландырады. «Соқ, мені, ал мен оны соғамын» – бұл балалардың 
күндегі үйренетін сабағы, біреуге қастық жасайтындай баланың 
қолының күші жоқ деп, бұған мән бермейді. Бірақ мен сіздер- 
ден сұрайын: бұл баланың жанын азғырмай ма? Бұл баланы 
озбырлыққа және дөрекілікке үйрету болмай ма? Егер оларды 
кішкентайынан біреудің қолымен басқаларды ұруға, ренжітуге, 
біреудің реніші мен қайғысына мазақпен қарауға үйретсе, 
есейген кезде де күші толып, қайратының басымдығын сезгенде 
де өз қара басы үшін біреуді ұрып-соғуға дайындағандық болмай 
ма?
Сыпайылық жөнімен тәнімізді жабуға, денемізді жылы 
ұстап, қорғану үшін киетін киімімізді де ата-аналар өздерінің 
есалаңдығы мен көрбақтығының салдарынан балаларына басқа 


16 
мақсатта киюге ұсынады. Ол даңғойлық пен бақталастықтың 
нысанына айналды. Балаға кербез көрініп жүру үшін жаңа 
костюм киюге ықыласын тудырады; ал кішкентай қызы жаңа 
әсем көйлегі мен телпегін киіп әсемденіп алған соң, қызын 
ханшайымдай көретін анасы оны ең аз дегенде өз-өзіне сүйсінуге 
үйретпегенде неге үйретеді? Осылайша, кішкентай балалар 
көйлекті алдымен киіп үйренбестен бұрын өзінің көйлегімен 
мақтануға үйренеді. Егер ата-аналары оны осы жастан соған 
үйретсе, одан кейін де өзін-өзі сыртқы тұлғасындағы тігінші- 
нің немесе ісмердің затына қарап бағалауды неге жалғастыр-
масқа?
Баланың аузына салынатын өтірік пен шындықтан бұлтарту, 
тіпті кешірімнің өзі алдау емей немене, егер ол мұғалім мен ата-
анаға пайдалы болған кезде көтермеленіп отырса. Өзінің мәр-
тебелі тәлімгерінің пайдасы үшін шындықтан жалтару кешірімді 
ғана емес, мақұлданатынын көрген бала оны өзіне пайдалы 
жағдайда да мүддесіне жаратпайды деуге бола ма? 
...тұрмысы жақсы отбасыларының үйлерін аралап көрелік: 
мұнда тамақ пен ішімдіктің маңызды орын алғаны соншалық, 
егер бала өзінің үлесін алмай қалса, ол немқұрайдылық болып 
есептелетіндей жағдайға жеткен. Ол өмірдің бақытына айнал-
ған... Артық ішіп-жеуге жеткізбейтін, қарапайым және асып-
тасыған тамаққа үйретпейтін ата-анасы бар бақытта балалардың 
өзі жанын улайтын зиянкестерден аулақ болуы неғайбыл... 
Жақсы тағамның барлық жерде жақсы қабылдануы тәбетті оя-
тып, баланың асып-тасыған дастарханға деген құмарын туғызып, 
бар шығынды соған жіберуге бейімдейді. Бұл кесел деп танылған 
күннің өзінде де, «жақсы тұрмыстың» белгісі емес пе? Суық ақыл 
бұл қоғамдық пікірге қалай қарсы тұра алады? Жақсы деп таны-
лып, жоғары санаттағы адамдардың ортасында да бағаланатын 
бұл көзқарастың артық, қажетсіздігін айтса, оның ішкі дауысына 
басқалар құлақ асады деп ойлайсыз ба? 
Қазіргі кезде бұл кеселдің кең таралып, күшті қолдау алғаны 
соншалық, оны кесел емес, ізгілік-мейірбандықтың бірі деп 
атауға лайықты ма деп қалам, тіпті білмеймін. Біреу оған қарсы 
пікір айтса, оны ақылсыздық немесе сауатсыздық демей ме? 
Менің айтқандарыма сын-мін тағушылар көп болатынын, орын-
сыз, кекесінді қылық болып қабылданатынын білдім, бірақ бұл 


17 
мәселені ата-аналар балаларын тәрбиелеуде қырағы және мұқият 
болуға итермелеймін деген үмітпен ғана қозғап отырмын, бала- 
лары үшін қызығатын әрі кеселді нәрселер қаншалықты жан-
жақтан төніп тұрғанына көздерін жеткізер... 
Меніңше, кез келген ізгілік пен абырой, мейірбандыққа 
адамның өз қалау-тілектерінен ақылы қоштамаған жағдайда бас 
тарта алу қабілеті негіз болуы тиіс секілді... Балаға ештеңеге жол 
бермеу керек деуден немесе бесіктен белдері шықпай жатып адам 
баласының барлық ақылына ие болсын деуден аулақпын. Мен 
ойын мен ойыншыққа шынайы қажеттілікпен қарайтын, мейірім-
ді қатынасқа мұқтаж баланы көремін. Менің айтпағым: балаға 
қажеті жоқ нәрсені істегісі келгенде немесе алғысы келгенде, 
олар кішкентай екен деп немесе олар сұрады екен деп рұқсат ете 
беруге болмайды; керісінше, қандай да бір талаппен сұраған 
жағдайда, нақ сол жағдайда оларға рұқсат етілмейтініне көздері 
жетулері керек. Үстелдің басында отырып, қойылған тағам-
дардан ештеңе сұрамай, тек бергенді қанағат тұтқан баланы 
көрдім. Көзінің алдындағының бәрін сұрамай, айқаймен талап 
еткен басқа балаларды да көрдім; олар әр тағамнан және барлық 
басқа адамдардан бұрын беруді талап етті. Бұл айырмашылық 
неде – соңғылары сұрағандарын алуға әдеттеніп, айқаймен талап 
етсе, алғашқылары қанағатын тойдыруға дағдыланған. Бала 
кішкентай болған сайын, олардың тәртіпсіз қылықтары мен 
керексіз тілектерін соншалықты аз қанағаттандыру керек деп 
ойлаймын; олардың ақылдары әлсіз болған сайын, оларды 
абсолютті бағындырып, қамқорлығындағы адамның тілін алуға 
үйрету керек. Бұл жерден шығатыны және мен онымен түбегейлі 
келісемін, балаға саналы, парасатты адам қарауы керек.
Сонымен, кімде-кім баласын үнемі басқарғысы келсе, олар 
кішкентай болып тұрған кезде бастауы керек, олардың ата-
ананың айтқанына толық бағынғанын назарға алу керек. Балаңыз 
балалықтан ересек өмірге жеткенде сіздің тіліңізді алғанын 
қалайсыз ба? Олай болса, балаңыз бағынуға және кімнің басқа-
руында екенін түсінуге қабілеті жеткенге дейін сіз міндетті түрде 
өзіңіздің әкелік беделіңізді қалыптастыруыңыз керек. Егер 
балаңыз сізді көргенде құрметпен қорқып тұрсын десеңіз, бұл 
сезімді оның санасына бала жастан сіңіріңіз; ол есейген сайын 
оның сізге жақын болуына мүмкіндік беріңіз, есесіне балаңыз 


18 
кішкентай кезінде сіздің тіл алғыш оң қолыңыз болады және 
есейген кезде ол сіздің адал досыңызға айналады. Меніңше, 
балаға мейірімдікпен, тұрпайылықпен қарайтын кейбір адамдар 
мұны дұрыс түсінбейді, балаға кішкентай кездерінде олар қатал-
дық танытады, ал есейген кезде оларды өзінен алыс ұстайды; 
еркіндік пен қоштау балаға пайда әкелмейді, естиярлықтың 
жетіспеуі оларды шектеуге және тәртіпке мәжбүрлейді; және 
керісінше; өктем және қатал қатынас – балаңыз есейген кезде 
оларға масыл болғыңыз келмесе және балаңыз өз ішінен «Әке, 
қашан сен өлесің?» деп айтқанын қаламасаңыз, өзінің ақылы бар 
балаға ықпал етуде тиімсіз әдіс.
Баласы кішкентай кезінде ата-анасына толық билікке ие 
құдайдай қарап, оларға құрметпен қорқып қараса, нәтижесінде 
ер жеткенде ата-аналарынан ең жақсы және жалғыз сенімді досты 
тауып, сондай махаббат пен сый танытса, мұны бәрі қолдайды 
деп ойлаймын. Мен көрсеткен жол – осы нәтижеге әкелетін 
жалғыз жол. Балалар ер жеткенде оларды өзіміз сияқты қалау-
тілектері бар тең адам ретінде көруіміз керек. Біз өзімізге 
өзгелердің саналы тіршілік иесі ретінде қарағанын қалаймыз, біз 
еркіндікке тырысамыз, үнемі сөгіс пен айқайдан шаршаймыз, 
жолымызда кездескен адамдардың бізбен қатал немесе алыс 
қарым-қатынаста болғанымен келіспейміз. Ересек адамға осын-
дай қатынас жасайтын болсақ, ол өздеріне оңай болатын басқа 
ортаны, басқа достарды, басқа тыңдаушыны іздейтін болады. Сол 
себепті баланы бала болып тұрғанша басынан қатал ұстасақ, олар 
тіл алғыш болады, қатынастың басқа түрін білмейтіндей қатал 
тәртіпке жағымды қарайды. Егер олардың есейгеніне қарай және 
өзінің ақылымен жүре алатын жасқа жеткенде басқарудағы 
қаталдық біртіндеп жұмсарады (еңбегіне қарай), әкенің балаға 
қатынасы жұмсарғандықтан да олардың арасы жақындай түседі, 
әкенің бұрынғы қаталдығы олардың махаббатын күшейте түседі, 
өйткені бала бұл әкенің баласына деген мейірімінің белгісі 
екенін, ата-ананың және басқалардың махаббаты мен құрметін 
ақтауға қабілетті етіп тәрбиелеуге деген ниеті екенін түсінеді. 
Балаларыңызға беделіңізді орнатудағы басты ұстанатын тәртіп-
теріңіздің мәні осында. Қорқыныш пен құрмет олардың жанын 
билеуде басты орында, ал махаббат пен достық оны тек бекітуі 
керек.


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет