320
–
жалпы және арнайы білім беру аспектісінде ғылыми
пәндерді шектеу және
таңдау
әдістер мен мәселе қоя
білу;
–
дидактикалық педагогикалық үдерісте ғылыми пәндерді
бөлу
, ғылыми пән жүйелігі мен дидактикалық жүйелік
арасындағы қатынас, педагогикалық үдерістің жалпы
немесе арнайы білім берудің түрлі деңгейіндегі жүйелігі;
–
педагогикалық үдерістердің кешенді және сызықтық
құрылуы арасындағы қатынас,
мұндағы мәселе нені және
қайда оқытуға болатыны жөнінде (мысалы,
маңызды
психикалық дамудағы сенсибилизация фазаларының
дамуын, қаншалақты жиі және қандай саты мен деңгей-
де екендігін есепке алғанда), сонымен бірге ғылыми
пәннің білім берудің шыңына жеткізуге ықпал етуі
мәселесі;
–
білім мазмұнының
шоғырлануы
, яғни меңгерілген білім-
нің ғылыми дүниетаныммен, синтезімен байланысы;
осыған байланысты ғылыми пәнді берудегі талдау мен
жүйелеу аспектілері арасындағы қатынас мәселесі;
–
ғылыми
пәнді оқытуға қатысты
дидактикалық міндет-
тіліктің деңгейі
(«канонның» дәстүрлі сұрағы), осыған
байланысты жеке және саралап жіктелген білімнің дидак-
тикалық мәселесі, әсіресе мектептегі «білім беру ассорти-
ментіндегі» міндетті және факультативтінің қарым-
қатынас проблемасы (жалпы білім беретін мектеп, кәсіби
мектеп, техникум, ЖОО).
***
Дидактиканың басқа сұрақтардың ғылыми қойылуына қаты-
насы
төртінші
деңгейде құрылады және дидактиканың міндеті
ретінде
оқыту үдерісі заңдылықтарын
ғылыми талдауы арқылы
анықталады, осыдан оқыту үдерісін
басқарудың дидактикалық
тұжырымдамасы жасалады.
Жалпы педагогикалық міндетпен байланысты және
жалпы
педагогикалық алғышарт пен тарихи педагогикалық таным
негі-
зіндегі оқыту үдерісін қалыптастыруда меңгерудің дидактикалық
үдерісін ғылыми негізделген басқаруға әсер ететін пәндер негізгі
321
рөл атқарады. Бәрінен бұрын бұл тәрбие теориясы, әлеуметтану
және әлеуметтік психология (әлеуметтік үдеріс ретіндегі оқыту),
диалектика, логика, физиология, педагогикалық кинематика, оқу
іс-әрекетінің психологиясы және эвристика (жаттығу үдерісі мен
танымдық үдеріс ретіндегі оқытуға қатысты), психология, лин-
гвистика, интеррогативті логика (коммуникативті құбылыс ре-
тіндегі оқытуға қатысты), әдеп және эстетика (меңгеру үдерісінің
аксиологиялық деңгейіне, сонымен қатар оқыту үдерісі қалыпта-
суының этикалық және эстетикалық компонентіне қатынасы
бойынша).
Ғылыми мәселенің осы және басқа да қойылуларын дидак-
тикалық мәселенің жаңа қойылуына синтездеу қажет.
Мұнда мәселе маңызды ғылыми пікірлерді іріктеп алуда
емес, осы ғылыми
мәселенің қойылуын жеке
дидактикалық
мәселенің қойылуына транспозициялау болып отыр. Дидактика-
ның мұндай маңызды әдіснамалық мәселелерінен эмпириялық
жолмен ығу мүмкін емес, оны негізгі теориялық жолмен жасау
қажет.
***
Бесінші
деңгейде дидактиканың ғылыми негізделу мәселесі
,
дидактика әдіснамасының
мәселесі қойылады.
Дидактиканың негізгі әдіснамалық мәселесі, басқа да кез
келген ғылымдағы сияқты, ғылымның жалпы әдіснамасына оның
қатысы диалектикалық және тарихи материализмге қатысы
болып табылады.
Диалектикалық талдау мен дидактикалық үдерістің интер-
претациясының негізгі сұрағы – оқыту үдерісін
дамудың диалек-
тикалық үдерісі
ретінде қарастыру.
Оқыту – диалектикалық (яғни ішкі қайшылықтармен «жыл-
дамдатылған») дамудың үш қатынастағы даму үдерісі: бірінші-
ден, оқыту – бұл
дамудың қоғамдық үдерісі
(нақтырақ,
дамудың
қоғамдық үдерісінің топшасы); екіншіден, оқыту – дамудың
педагогикалық
үдерісі (нақтырақ, тұлға қалыптасуына педаго-
гикалық бағытталған үдеріс); үшіншіден, оқыту – бұл дамудың
дидактикалық үдерісі (нақтырақ, дидактикалық үдерістің өзінің
даму үдерісі).
322
Диалектика «марксизмнің тірі жаны» (
В.И. Ленин
) ретіндегі
дидактиканың әдіснамалық негізгі және басты сұрағы. Бұл жағ-
дайда уақыт талабына жауап беру үшін үлкен теориялық жұмыс
қажет. Дидактиканың бұл негізі әдіснамалық сұрағы контексінде
дидактика үшін әдіснамалық ең басты нәрсе басқа ғылыми
пәндер мәселесінің қойылуы болып табылады, әсіресе
тарих
,
содан соң білім берудің
әлеуметтік аспектісі, экономикалық
аспект, ең соңғы кезекте әдеп пен эстетика.
Дидактиканы ғылыми шолудан біз дидактика мәселесінің
қойылуы барлық ғылыми пәндермен әлеуетті түрде байланысты
болады деген қорытындыға келеміз. Біз бұл дидактиканың
ғылымдармен «ауқымды байланыс жүйесін» бес логикалық
деңгейде көрсетуге тырыстық. Дидактикалықтың кешендігі мен
жан-жақтылығы жасалады.
В.B. Давыдов – педагоги-
калық психология саласында
тұлғаның таным іс-әрекетін
қалыптастыру және дамыта
оқыту теориясының негізін
қалаған психолог-ғалым, педа-
гог. Танымал кеңес ғалымы
Л.С. Выготскийдің ізбасары,
Д.Б. Эльконин мен П.Я. Галь-
периннің шәкірті.
Дамыта оқыту мәселелері
мен психикалық дамудың жас
ерекшелік нормаларын зерт-
теді. В.В. Давыдовтың теориялық тұжырымдары №91 Мәскеу
эксперименталдық мектебіне негізіліп, тиімділігі практикада
тексерілді. Адам ойының түрлі типтеріне қатысты теориясы
негізінде математика, орыс тілі, химия, география және басқа
да пәндер бойынша нақты бағдарламалар мен оқу-әдістемелік
құралдар жасалып енгізілді. Қазіргі педагогикада Д.Б. Эльконин
мен В.В. Давдовтың дамыта оқыту жүйесі туралы көп
айтылып жүр. Ол бойынша жасалған оқулықтар мектептің
бастауыш сыныптарында және кейбір жоғары сыныптарында
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: