329
Жалпы белгілі бір зат тобының қайталанатын тұрақты әр
түрлі қасиеттерінің
анықталған инварианты, яғни мәнді белгісі
болып табылады. Көптеген еңбектерде «жалпы» және «мәнді»
терминдері бір мағынада қолданылады: « Мәнді белгілерді бөліп
алу үшін оларды заттарға ортақ және басқаларға тән емес
белгілер ретінде қарастыру шарт». Абстрактілі белгілер жалпы
қасиеттер
ретінде бөлініп, нәтижесінде жалпылау мәніне ие
болады. Заттың «мәні» де көп жағдайда «жалпы» ретінде сипат-
талады. Құбылыстар мен заттардың жалпы қасиеттерін ала оты-
рып, ол (адам) олардың мәнін таниды. «Егер адам... өзінің қажет-
тіліктеріне сай шындықты өзгерткісі келсе, онда ол оның мәнін,
заттар мен үдерістердің жалпы заңдылықтар қатынастарын тану
керек».
Дегенмен бірқатар жағдайда «мәнді» мен «жалпының»
арасында айырмашылық жүргізіледі. Осылайша, мәнді белгілер
әрқашанда жалпы белгілер болып табылады, алайда кейде мәнді
емес те белгілер жалпы болады. «... Мәселен, оқушылардың фор-
масы жалпы болып табылады да, бірақ оқушылардың үлгерімі
мен тәртібіне мінездеме бергенде мәнді белгі болмайды». Сонда
мәнді және мәнді емес жалпы белгілерді айырудың негізі қандай?
Өкінішке қарай, психологиялық-дидактикалық әдебиетте
бұл мәселенің арнайы талдауы жоқ.
Оқу материалында мәнді
емес белгілерді фактілік бөлу бойынша пайымдаудан, бірінші-
лерде заттардың белгілі бір шеңберінен
бөлінбейтін
( ажырамай-
тын) болып табылатын, оны қандай да бір
басқа заттардан
бір-
текті ажырататын
жалпы қасиеттер туралы айтылады. Соны-
мен, «үшбұрыштың сыртқы бұрышы» түсінігін қолдана отырып,
оқушылар берілген схемада, бір жағынан, барлық сыртқы
бұрыштар үшін ортақ мәнді белгіні (бұл белгі – «ішкіге аралас»
болу),
екінші жағынан, түрлі сыртқы бұрыштарды ажырататын
мәнді емес белгілерді (мысалы, бұрыштың өлшемі, оның схемада
орналасуы және т.б.) бөледі. Бұл жерде мәнді белгі жай ғана
жалпы емес, сонымен бірге аралас бұрыштар сияқты бұрыштың
түрінен бөлінбейтін белгі болып табылады. Осы белгі бойынша
кез келген аралас бұрыштар барлық аралас емес бұрыштардан
біртекті ерекшеленеді.
«Мәнді» мен «мәнді еместі» мұндай түсіндіру оқушыларда
«ойпат» пен «үстірт» сияқты географиялық түсініктердің және
330
«трапеция» сияқты геометриялық түсініктің қалыптасу үдерісін
бейнелеуде кездеседі.
Жоғарыда келтірілен дәстүрлі
психологиялық-педогогика-
лық әдебиеттерде жалпылау үдерісіне берілген түсіндірме
Достарыңызбен бөлісу: