395
ұғымның (ережелер, заңдар және т.б.) мәнін түсіндіреді;
ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір пробле-
маны шешуге алып келген
ғылыми зерттеудің жолдарын,
логикасын көрсетеді.
Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың
екінші тәсілі
–
сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, атап айтқанда,
мұғалімнің түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу
проблемаларын шешу жолымен оқушылардың ұғымдарды
өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту.
Бұл тәсіл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады, өйткені
проблемалық оқыту үдерісінде жаңа ұғымдардың мәнін оқушы-
лардың өздері продуктивтік, шығармашылық қызмет барысында
(мұғалімнің көмегімен және басшылығымен) ашады, оның үстіне
қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын
қалыптастырады, ал білімдерді «бір ғана зердемен емес, өз ойы-
ның күш салуымен» (Л. Толстой) алады.
Сөйтіп,
бір жағынан, мұғалім неғұрлым күрделі және
өздігінен оқып үйрену үшін шама жетпейтін жаңа ұғымдарды
түсіндірудің сапасын арттырады, екінші жағынан, жеке өзінің
түсіндіруінің
санын азайтып, оқу проблемаларынан тұратын, сол
дәрежеде білім алған оқушылардың шамалары жететін ұғымдар-
ды өздігінен оқып үйрену үдерісін ұйымдастырады. Бұл үдерісті
сапалы және берік есте қалдыру үшін оқу материалын жеңілдету
жолымен емес, қайта оқу үдерісін біртіндеп күрделендіру
арқылы
интеллектуалдық қиындықтар жүйесін
жасау жолымен
жүруге тиіс. Бұл дамыта оқытудың басты бағыты және білімдерді
саналы, терең әрі берік меңгерудің
шешуші шарты болып
саналады. Л.В. Занковтың зерттеулерінің көрсеткеніндей, баста-
уыш кластарда оқушылардың шамасы келетін қиындық дәрежесі
жоғары сабақтар өткізу олардың ақыл-ойының даму үдерісін
тездетеді.
Оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру кейде оқу материалын
қиындатумен байланыстырылады, бұл, әрине, оқушылар үшін
өзінің шама жетерлік болу дәрежесін темендетуге және артық
ауыртпалыққа алып келеді. Біз артық ауыртпалық түсіру мен
сабақ берудің ғылымилық дәрежесі арасына, үдерісуалдық пен
мағыналық қиындық арасына теңдік белгісін қоюға негіз жоқ деп
есептейміз. Математикадағы алғашқы қадам үшін алгебраның
396
элементтері арифметиканың элементтеріне
қарағанда көбірек
лайықты болатынын және бұл жағдайда бастауыш білім беруді
төрт жылда емес, үш жылда аяқтауға болатыны теориялық және
практикалық жақтан анықталған.
Соңғы жылдар зерттеулерінің нәтижелері: егер мұғалімнің
әрекеттері оқушының танымдық қажеттерін қалыптастыруға
және неғұрлым жоғары дәрежеде қорытылған білімдерді меңге-
руді қамтамасыз ететін оның ойлау қызметінің құрылымын
өзгертуге бағытталса, оқытудың
ғылыми дәрежесі артатыны
туралы тұжырым жасауға негіз береді.
Проблемалық оқыту –
Достарыңызбен бөлісу: