Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет150/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Продуктивтік
қызметтің репродуктивтік қызметтен айыр-
масы мынада: оқушы белгілі білімдерді жаңа ситуацияда өздігі-
нен қолданады немесе белгілі ситуацияда өзі үшін жаңа білімдер, 
әрекеттің жаңа ережелерін (алгоритмді өзі конструкциялайды) 
табады. Бұл жағдайда оның үлгі бойынша, дайын алгоритм 
бойынша да әрекет жасауы жоққа шығарылмайды. Оқушының 
іс-әрекеті пайымдаумен, ойлаумен, өздігінен ақыл-ой әрекетінің 
тәсілін іздестірумен, яғни танымдық үдерістің (проблема қою, 
ұсыныстар жасау және т.б.) кезеңдерімен анықталатын проб-
лемалық ситуация жағдайларындағы логикалық ізденіспен си-
патталады. Бұл ақылды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеуге, 
қызмет тәжірибесін қалыптастыруға алып келеді – тәжірибені 
үлгі бойынша, алгоритм бойынша алу мүмкін емес; өйткені 
таным үдерісінің әрбір кезеңінде ақыл-ой қызметі әдістерінің 
жаңа ұштастырылуы талап етіледі. 
Шығармашылық қызмет репродуктивтік қызметтің анти-
поды болып саналады. Ол үлгіге, шаблонға төзбейді. Кейбір 


388 
авторлар ойлаудың шығармашылық қызметін продуктивтік 
қызметінен ажыратпайды, кейбіреулері ажыратады да, алғашқы-
сының өзіндік белгілерін бөліп көрсетеді: жаңа идеялар, проб-
лемаларды шешу тәсілдері, өмір шындығын керкем бейнелеу тек 
қана логикалық жолмен емес, сонымен бірге ойлап табу, интуи-
ция, қиял бойынша да пайда болады. 
Шығармашылық – эвристикалық қызмет, онын мәні тез түсі-
нуден, негізгі идеяны, ұғымның мәнін аңғара қоюдан, күтпеген 
жерден әрекет тәсілін немесе образды тауып алудан тұрады. 
Мұндай қызмет жоғары эмоциялылықпен, субъектінің объектіге 
(сұраққа, тапсырмаға, пәнге және т.б.) деген үлкен қызығушы-
лығымен сипатталады. 
Шығармашылық ойлаудың белгісі деп, мәселен, үйреншікті 
нәрседен аулақтай, одан дер кезінде қол үзе білуді, басқаша емес, 
солай ғана ойлау әдет күшін жеңе білуді есептейді. Мұндай шебер-
лік, әсіресе типтік емес есеппен, проблемалық сұрақпен, тапсыр-
маның әдеттен тыс тұжырымымен кездескен кезде қажет. Академик 
Б. Кедров шығарма үдерісінде ойдың алға жүруін уақытылы кідір-
тетін танымдық кедергінің қалай пайда болатыны жайында айтады. 
Бұл идеяны суретші Ю. Макаренко бірнеше есеп-жаңылтпаштар 
мен жұмбақтарды мысалға келтіре отырып сипаттап берді. 
Мынадай да сұрақ қойысады: мылқау сатып алушы дүкеннен 
өзіне балға керек екенін қалай түсіндіреді? Жауап орнына әдетте 
үндемей жұдырықпен қағады. Ал соқыр адам өзіне қайшы керек 
екенін қалай көрсетеді? Жауап беріп тұрған кісі соқырдың 
өтінішін қол қимылымен емес, сөзбен айта алатынын ұмытып, 
саусақтарымен ауаны қайшылай бастайды. 
Қайың діңдерінің санын, әр діңдегі бұтақтың санын, әр 
бұтақтағы қураған бұтақшалардың санын береді де, одан кейін 
ағаштағы алманың санын сұрайды. 
Екі қолын көрсетіп тұрып, былай деп сұрайды: неше саусақ 
бар? Жауап: 10. Ал он қолда ше? Әдетте, 100 деп жауап береді. 
Ал шындығында дұрыс жауап 50 деу ғой. 
Көзі көретін екі адамның бір бауыры соқыр, бірақ бұл 
соқырдың көзі көретін бауырлары жоқ. Қалайша бұлай болуы 
мүмкін? Әңгіме тек бауырлар жайында болып отырғандай сезім 
туады, ал шын мәнісінде көзі барлар апа-қарындастары болып 
табылады. 


389 
Әрине, таным қызметін продуктивтік және шығармашылық 
қызметке бөлу мейлінше шартты нәрсе: қай-қайсысында бірін-
шісінің де, екіншісінің де элементі болады. Мұндай бөліс оқушы-
лардың шығармашылық қызметінің табиғатын ғылыми түсінді-
руден гөрі, көбінесе мектеп оқушысының ақыл-ой қызметі ме-
ханизмін түсіну үшін қажеттірек. 
Іс-әрекеттің психологиялық теориясын ойлау проблемалық 
ситуациядан, проблемадан басталады деп санайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет