60
бастық, Дионис-Аполлон сапалары, т.б. қарама-қайшылықтарын
зерттеуде де байқалады. Бұл индивидтерде
Иg, Эго
және
Супер-
Эго,
невроздардағы сияқты, бір-біріне қарсы тұрмайды; жоғары
және төмен қажеттіліктері мен қызығушылықтары бір-бірімен
сәйкес келеді. Сол сияқты мыңдаған философиялық қарама-
қайшылықтардың өзі де шын мәнінде қарама-қайшылық емес....
Мысалы, жақсы әйел мен жаман әйелді таңдаудың керегі не,
өйткені сау әйелде осы қасиеттердің екеуі де бар.
Сау адамдар осы және басқа қасиеттерімен де орта статис-
тикалықтан ерекшеленеді, олар тек сандық емес, сапасы жағынан
ерекше, осының өзі бізге психологияның екі түрінің бар екенін
негіздеуге мүмкіндік береді. Зақымданған әлсіз дамыған адам-
дарды зерттеу тек зақым психологиясы мен зақым философия-
сын құруға ғана мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге өзін-өзі
кемелдендіретін индивидті зерттеу неғұрлым әмбебап психо-
логия ғылымының негізі болуы керек.
Өзін-өзі кемелдендіргендердің креативтілігі
Өзімнің креатив туралы көзқарасымды ең алғаш рет 15 жыл
бұрын өзгертуге тура келді, сол кезде мен дені сау, жоғары
дамыған және ересек, өзін-өзі кемелдендірген адамдарды зерттей
бастадым. Содан бастап, мен көптеген көзқарастарымды өзгерт-
тім және ол қазір де бірнеше рет қайталанатын шығар. Сіздерге
өзімнің байқағандарымды ұсынамын, онда тек қозғалған тақы-
рыптың қызықтылығы ғана емес, сонымен бірге менің психоло-
гия туралы жалпы түсінігім мен оның мақсаты туралы көзқарас-
тарымның өзгергені де қызықты.
Достарыңызбен бөлісу: