Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет25/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Бастапқы тұжырымдамалар 
Менің денсаулық, данышпандық, дарындылық тепе-тең 
ұғымдар деген стереотиптен бас тартуыма тура келді. Бізді қор-
шаған сау адамдардың креативтігі өнімді деп атауға болмайды. 
Сонымен бірге оларды данышпан немесе өте дарынды деп 
санауға да болмайды. Олардың арасында ақын, сазгер, суретші не 
танымал ғалымдар жоқ. Көптеген данышпан адамдарды, мысалы, 
Вагнер, Ван Гог пен Байрондарды, психологиялық жағынан сау 
адамдар деп санауға болмайды. Бәрібір олардың арасында психо-
логиялық жағынан сау да, сол сияқты өте қызба адамдар да 


61 
болған. Осыдан мен мынадай тұжырымға келдім: индивидтің 
дарыны оның мінезі мен психологиялық денсаулығына байла-
нысты емес, бізге оның шығу тегі әлі белгісіз. Мысалы, матема-
тика және музыкалық дарындылық көбіне тұқым қуалаушылық-
пен анықталатыны сияқты, оларды оқыту үдерісінде дамыту қиын. 
Денсаулық пен ерекше дарындылық тәуелсіз, бір-бірімен аздап 
байланысты, ал тіпті ешқандай байланыссыз болуы да мүмкін 
екені анық. Қазіргі кезде психологияда тым ерекше дарын туралы 
ештеңе белгісіз. Мен бұл тақырыпты тереңдетпеймін, себебі менің 
назарым басқа нәрсенің креативтілігіне аударылған, оның тамыры 
тереңде, ол барлық адамдарда бар және психикалық денсаулықпен 
сәйкестеледі. Мен адамдардың көпшілігі сияқты, креативтілікті 
өнімділікпен теңестірдім. Мен әрбір суретші, ақын, композитор 
шығармашылық өмір сүреді деп ойладым. Креативтілерге ғалым-
теоретиктер, суретшілер, жазушылар, өнертанушылар жата алады 
деген түсінікте болдым. Басқа ешкім жатпайды. Менің ұғынуым 
бойынша, креативтілік – белгілі мамандықтарға ғана тән. 
Жаңа тұрғылар 
Бұл түсінік менің қарамағымдағы адамдардың арқасында 
түгел құрастырылды. Мысалы, бір әйелдің ешқандай білімі жоқ, 
ақшамен қамтамасыз етілмеген, жалпы шығармашылық жетістік-
тері де жоқ. Бірақ ол жақсы тамақ әзірлейді, жақсы әйел және 
ана, шаруашылықта тиянақты. Аз ақша жұмсаса да, үйі әрдайым 
керемет, әдемі болады. Қонақтарды ол тамаша күте алады. Оның 
тағамдарын хан сарайына ұсынуға болар еді. Оның жиһаз не 
ыдыс-аяқ таңдау талғамы өте жақсы, ол не істесе де бәрі ұқыпты, 
аса ерекше, сондықтан маған оны креативті деп атауға тура келді. 
Осы сияқты әйелдер мені – бірінші сортты көженің екінші сортты 
суреттен жақсы, ал бала бағу, тамақ әзірлеу және үй шаруашы-
лығын жүргізу креативті үдеріс болуы, ал поэзия ондай болмауы 
да мүмкін екендігіне сендірді. 
Екінші бір әйел өзін басқаларға қамқорлық жасауға бағыт-
таған, яғни ол әлеуметтік істермен айналысады, жесірлерге көмек 
көрсетеді. Осы әйелдің ұйымдастырған қауымдастығы көптеген 
адамдарға көмек береді. 
Тағы да менің қарамағымдағы адам – психиатр-дәрігер, 
ешқашан мақала жазбаған, бір де теория құрмаған, бірақ адам- 


62 
дарға өзін-өзі табу үшін көмектеседі. Келген адамға ол ерекше 
мейіріммен, сол ғана дүниедегі соңғы адам сияқты қарайды; өзін 
бірқалыпты ұстайды, бірақ даосизм рухында өзін өте ақылды етіп 
көрсетеді. Әрбір адам ол үшін ерекше, оның проблемасы қай-
таланбас нәрсе, сондықтан оның шешімі де ерекше болуы керек. 
Оның аса ерекше кәсіби шеберлігі, әсіресе өте қиын жағдайларда 
жұмыс істей алуы оның өз ісіне креативті қарайтынын (тап-
таурын емес) дәлелдейді. Басқа бір адам құрылыс бизнесі де 
шығармашылық мүмкіндіктерді ашатынын түсінуге көмектесті. 
Басқаша айтқанда, «креативті» және «эстетикалық» сөзін мен тек 
өнімдерге ғана емес, адамдарға, әрекетке, үдерістер мен қатынас-
тарға байланысты қолдануды үйрендім. Сонымен бірге жалпы 
шығармашылық өнімдер – поэма, роман, эксперимент және сурет 
дегендермен шектелсе де, басқа өнімдерді сипаттауда да қолдана 
бастадым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет