Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Х тарау  Мектептегі оқыту ісі универсалдық болсын



Pdf көрінісі
бет47/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Х тарау 
Мектептегі оқыту ісі универсалдық болсын 
Мектепте оқып, білім үйрену дегеніміздің мағынасы неде?
Енді мектеп жұрттың бәрін бәріне оқытуға тиіс дегенді дә-
лелдеп көрелік. Бұл қисынның мағынасын жұрттың бәрі барлық 
ғылым мен өнер (әсіресе дәл және терең білім беретін ғылымдар) 


114 
саласынан бірдей алу деп түсінуге болмайды. Ғылымның бәрін 
түгел үйрену пайдасыз, өмірдің қысқалығын еске алсақ, ғылым-
ның бәрін адам үйреніп, игереді деу мүмкін емес. Біздің байқай- 
тынымыз қандай ғылым болса да (физика, арифметика, гео- 
метрия жазаласа ауылшаруашылығы, яки бау-бақша егу) бізде 
кең қанат жайған, тереңдеп дамыған. Қандай ғана ақылды адам 
болмасын, ол қаншама теориялық ойға салынып, тәжірибелер 
жүргізгенмен, сол ғылымдарды түгел игеріп шығуға оның бар-
лық өмірі жетпес еді... Алайда дүниеге көрермен ретінде емес, 
қайраткер ретінде келген адамның бәрінің де өмірде бар, үнемі 
өзгерісте болып тұратын құбылыстардың негізін, қасиетін
мақсатын ғылыми негізде танып білуіне қажет делінген қам-
қорлықтың бәрін де егіп, сол жолға табысқа жетіп отыру зиян 
емес. Ондай адамның әлемде кездесетін құбылыстар жайында аз 
да болса өзінше түсінігі болады және сол ұғымдарын өмірдің 
белгілі бір мақсаты үшін ақылмен қолданса, қателіктен, зиян-
дықтан аман болады. 
Алты қабілет 
Бұл тұста адам қабілетінде қандай айырмашылықтар болаты-
ны жөнінде бірер сөз айталық. Ол қабілеттер мынадай болып кез-
деседі. Біреудің қабілеті өте алғыр (өткір), екіншілерінікі тұйық 
(топас) болады, біреу иілгіш, көнгіш болса, екіншілері қаттылау, 
тіктеу келеді. Біреулер білімге аса пейілді болса, басқалар 
механикалық жұмысты тәуір көреді. Осы үш қабат болып келген 
егіз қабілеттер өзінің алты түрлі қырымен ұштасып жатады.
Біріншіден, ақылы өткір, білімге талапты, алғыр шәкірттер 
болады. Олар басқаларға қарағанда оқуға аса қабілетті, зерек 
болмақ. Оларға ғылыми тағамнан басқаның қажеті жоқ. Жеміс 
беретін жақсы ағаштай олар өздігінше өсіп жетіледі. Ондай шә-
кірттерді ақылды түрде қолдап, асықпай білім алуына, уақыттан 
озып, күшін ретсіз сарп етіп, қажырын кемітіп, қанатын қайырып 
алмасына жәрдемдесеміз. 
Екіншіден, ақылы зерек, орындағыш болса да шабан қимыл-
дайтын балалар болады. Олар қамшымен жүретін шабан ат сияқ-
ты. 
Үшіншіден, ақылы зерек, білімге талапты, бірақ жүгенсіз 
кеткен өжет, өркеуде шәкірттер де болады. Мұндайларды мектеп 


115 
ұнатпайды, көбіне оларды оқып береке таппайтын балалар деп 
ойлайды. Алайда аса ұқыптылықпен тәрбиелесе, солардан әдетте 
ұлы адамдар шығады. Бұған мысал ретінде тарихтан Афинаның 
атақты қолбасшысы Фемистоклды айтуға болады. Ол жасында 
өте сотқар болған. Сол баланың мінезі кейін сындырған нандай 
өзгеріп шыққанда, оған жұрт қайран қалып: «Бас білмеген асау 
жылқыны дұрыс үйретсең, ол тұлпар болады» деген. Мұны аты 
шулы Ескендірдің тұлпары Буцефал жайындағы аңыз дәлелдейді. 
Ат өте асау болып, өзіне ешкімді жолатпаған, сонда Ескендірдің 
әкесі Филипп: «Жұрт бұл тұлпардың қасиетін білмей босқа 
жамандайды» дейді екен. Ескендір қамшы ұрмай атының тілін 
тапқан кезде, Буцефал оның жан серігі болып шыққан. Ескендір 
сияқты батырға дүние жүзінде одан асқан қасиетті ат болмаған. 
Осы әңгімені келтіре отырып, Плутарх: «Бұл аттың өнегесі бізге 
көп нәрсені баяндайды, табиғатынан дарынға бөленген ғажайып 
ұлдар ұстаздарының топастығынан өмір сүрмей, өледі, себебі 
ондайлар биік, еркін тұрған тұлғаларды басқара алмай, тұлпарды 
есекке айналдырады», – деген.
Төртіншіден, оқу тұсында орындағыш, білгісі келетін, бірақ 
жалқау, солғын, шабан шәкірттер де кездеседі. Мұндайлар озат 
балалардың қатарында көрінуге тырысады. Озаттар қатарында 
ұстау үшін олардың әлсіз жерін біліп, жағдайына көшіп, оларға 
асқынған қатал талап қоймай, тапсырманы оңайлатып, өздеріне 
жылы шырай, төзімділік білдіріп, одан да дәлірек айтқанда, 
ынтасынан айырылып қалмас үшін марапаттап, қолдап отыру 
қажет. Кенже түйнектеген жеміс ағашындай, ондайлардың жыл-
дам мақсатқа келуі қиын, алайда ғылымға кеш келсе де, ұғымы 
орнықты болады. Мысалы, баспахананың әріптерін теру қиын, ол 
таңбасын терген соң кітаптан бөлек кетеді, сол сияқты мұндай 
шәкірттердің көп жайда өмірге келуі дарындылардан гөрі қиын-
дау, соның есесіне бір нәрсені ұғып алса, оны әсте ұмытпайды. 
Сол үшін ондай шәкірттерді мектептен оңай қуа салуға бол-
майды.
Бесіншіден, топас, оның үстіне еш нәрсеге қызығып кіріс-
пейтін сүлейсоқ болады. Егер өжеттеу болмаса, оларды түзетуге 
болады. Бұл үшін үлкен ақылдылық және төзімділік керек. 
Ең соңғы орында тұлғасы бұзылған, жауыздыққа ғана жүгі-
нетін қытымыр шәкірттер тұрады. Бұл топтағы шәкірттердің 


116 
көпшілігінен үміт күту қиын. Алайда табиғатта барлық бұзыл-
ғандарға қарсы қолданылатын құралдар бар, табиғатынан жеміс 
бермейтін бедеу ағаш болса, дұрыс ексең, оның да жеміс беретіні 
белгілі. Сондықтан бұл тұста да шаршап шалдығудың қажеті 
жоқ, қайта сол шәкірттер табиғатынан орын алған өжеттікті 
жеңуге тырысу керек.
Бұл айтылғандардың бәрі Плутархтың мына сөзіне келіп 
тіреледі: «Қай баланың қалай болып туылатыны бөгде адамның 
бірде-бірінің ықтиярында емес, бірақ дұрыс тәрбие арқылы 
оларды жақсы адам ету – біздің билігімізде». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет