132
оның тағдыры. Егер өзінің отбасы үнемі ұрсысатын болса, бала
әдетте агрессивті және қызғаншақ болады. Ол былай талқылау
жасауы мүмкін: «Мен қалай өмір сүру керектігін көремін:
шабуыл жасау, төбелесу және не қолыңа түссе, соны алу қажет».
Ол осылай өсуі де мүмкін.
Егер қалағанын бермесе, онда айнала-
сындағыларды кінәлайды және оның реніші оны одан сайын
қызғаншақ етіп өсіреді. Егер бұл тәжірибе оның санасында бүкіл
өміріне із қалдырмаса немесе оны тым күшті жараламаса, онда
бұл эмоционалды мәселе оған болашақта маңызды алаңдаушы-
лық туғызбайды. Баланың қандай жағдайда және қандай мөлшер-
де ата-анасына еліктейтіні оның өзіне байланысты, бірақ бала-
дағы мүмкіншіліктерді жүзеге асыруға көмектесу олардың қо-
лында. Олар баланың пайдакүнемдікке деген бейімділігін және
сыпайы
болуға ұмтылысын, оның адамдармен жағымды және
жағымсыз қатынасқа қабілеттілігін қолдаулары мүмкін. Егер
бала ата-ананың нұсқаған жолымен жүрмесе, ондай жағдайда ата-
ана өздерінің тәрбиелеу әдістерін қайта қарастырулары қажет.
Кішкентай бала өз әлемінің ортасында болады. Дұрыс назар
аударсаңыз, ол көбінде өзінің сұраныстарын қанағаттандыратын
адамдарға тікелей бауыр басатынын байқайсыз. Бауыр басушы-
лық жедел көмек көрсетумен ауыстырылғанда байқалса, онда
мұндай қатынас жүйесі әрқашан да сақталуы мүмкін емес. Ал
өзінің болашақ баласының анасы бола алатын әйелді кездес-
тіргісі, өз ұрпағын бақытты отбасында тәрбиелегісі келсе, ол
өзінің махаббат, сүйіспеншілігін ешқандай кедергісіз, үмітсіз
сыйлауы қажет. Бұл екі жыныс иелеріне де бірдей қатысты.
Мұндай махаббат «объектіге деген махаббат»
деп аталады,
қандай да бір нәрсеге лезде қанағаттану беретін махаббат, өзін
сүюді еске түсіреді.
Сондықтан бұл жағдайда баланың мінез-құлқы оның өзін
сүюі бойынша екенін көрсетеді. Бұл өзінің судағы сұлбасын
керіп, соған ғашық болған нарцисс жайындағы грек аңызын еске
түсіреді. Сондықтан ішке бағытталған, яғни өзіне бағытталған
либидо
нарцистік либидо,
ал сыртқа бағытталған либидо объекті-
лік либидо деп аталады. Бұдан балалықтың міндеті нарцистік
либидоны объектілікке ауыстыру болып бекітіледі. Бұл адамдар
арасындағы бақытты өмір үшін қажет; әсіресе ол бақытты ерлі-
зайыптылар және ата-ана болу үшін.
Себебі адам осы рөлдерді
133
атқара келе, өз қызығушылықтарын да құрбан ете келіп, басқа да
тіршілік иелерін қорғап, қоштауы керек. Мұндай риясыз іс-
әрекетте оған Суперэго көмектеседі. Сондықтан ерте балалық
кезде қалыптасқан борыш және жауапкершілік сезімді Суперэго
некедегі кейінгі жұмсалатын күштің және балаларды тәрбиелеу-
дің негізін құрайды. Суепрэго әбден тамырланып болған соң
(мөлшермен 6-дан 10-ға дейін), бала өмірдегі өз орнын қандай да
бір мөлшерде білетін, бірақ өзін-өзі қарай алмайтын, ересектер-
дің көмегінсіз жүре алмайтын кезең басталады. Бұл жылдары ол
қоршаған адамдар және заттар жайында көп білгісі келеді және
жыныстық жетілуден оның бұлшық еттері қатайып, толық
күшпен
жұмыс бастауға дайын кезде, ол өзінің жеке өмірін
бастауға жақсы дайындалған болады.
Л.С. Выготский – танымал кеңес
психологы, адамның жоғары психологиялық
функцияларын зерттеуге арналған психоло-
гиядағы «мәдени-тарихи теориясын» ұсын-
ған, педология мен баланың когнитивтік
дамуы туралы еңбектер жазған ғалым.
Сөйлеудегі ойлау мәселесін зерттей
отырып, ми қызметінің құрылымдық бір-
ліктері ретіндегі жоғары психикалық
қызметтердің локалдануы мәселесін жаңа
тұрғыдан қарастырды. Жоғары психика-
лық қызметтерді бала психологиясы ма-
териалдарына сүйене отырып зерттеп,
сана – бұл аффективтік еріктік және
интеллектуалдық үдерістердің тұтастығынан тұратын дина-
микалық мәнді жүйе деген тұжырым жасайды.
«Жоғары психикалық қызметтердің даму тарихы» (1931)
еңбегінде психиканың даму теориясы мәдени-тарихи аспектіде
кеңінен талданады: Выготскийдің пайымдауынша, жоғары
және төмен психикалық қызметтерді ажырату керек, соған
сәйкес екі жүріп-тұру түрі қалыптасады – табиғи, шынайы
(жануарлар әлеміндегі биологиялық дамудың нәтижесі) және
мәдени, қоғамдық-тарихи (қоғамның тарихи дамуының нәти-
жесі), екеуі психиканың дамуында бірлікте болады.
Достарыңызбен бөлісу: