Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет73/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

өзін
-
өзі тәрбиелеу тура-
лы.
Жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуі туралы емес, мәселе кол-
лективтің рухани өмірінің нәзік салаларының бірі – тәрбиелену-
шілердің өзара ықпалы, адамгершілік қасиеттер мен құндылық-
тарды беру туралы. Коллектив абстрактілі және белгісіз емес, ол 
жеке адамдардан тұрады, коллектив өмірінде бір адам екінші 
адамға ықпал жасайды, бұл ықпалды коғамда өзін-өзі қалай ұс-
тау, жүріп-тұру туралы қорытынды жасайтын адамдар баға- 
лайды. Коллективтегі адамдар адамгершілік және даму дәре-
желері тұрғысынан әркелкі болады, бір адамның екінші адамға 
ықпалы оның өзінде басқа адамдарға ұқсамайтын қасиет, талап-
тан, бейімділіктен, қабілеттен, машықтан, ынтадан көрінеді. 


180 
Өзін-өзі тәрбиелеу коллектив өмірінің ішкі өмірі ретінде 
адамның қайталанбайтын қасиетінің өзіне тартуынан, қызықты-
руынан, еліктететінінен басталады. Біздің басты қамқорлығымыз 
– коллективте басқаларға әсер ететін, ол әсер коллектив алдында 
үлгі боларлық іс-әрекеттен көрінетіндей, коллективте көрнекті 
және жеке адамдардың (А.В. Луначарскийдің сөзімен айтқанда) 
дамуы туралы қамқорлық жасау болып табылады. 
Жалпы мектеп коллективінсіз мектеп жоқ, ортақ тәрбие-
леуші күш – педагогикалық коллективте жоқ, басты тәрбиеші 
ретінде директор да жоқ. Жалпы мектеп коллективі ересек 
балалар мен кішкене балаларды көптеген адамгершілік нәзік 
дәнекерлер – қамқорлық, ыстық лебіз, ортақ дәнекерлер – бірік-
тірген жағдайда мүмкін болады. Барлық шәкірттер шын жүре-
гінен шыққан, жеке өздерінің жалпыға ортақ дараланған ыстық 
ықыластарының ондаған, жүздеген тарамысты тармақтарымен 
байланысқан кезде ғана мектеп коллективінің жаны кіре 
бастайды. Бірақ осындай жандану үшін баланы білу қажет, оның 
жақсы және әлсіз жағын, оның ойын, толқуын біліп, оның 
жүрегінен еппен орын алу қажет. Баланы білу – бұл педагогика 
теориясы мен практикасы, мектеп коллективіне педагогикалық 
басшылықтың барлық байланысы тоғысатын ең басты мәселе. 
Оқу-тәрбие үдерісін басқарудағы педагогикалық коллективтің 
тұтастығы, мұғалімдерді тұтас күш ретінде біріктіретін педаго-
гикалық сенімдерге – бұған барлық тәрбиелеушілердің күш-
қимылы баланы білуге жұмсалған күнде ғана жетуге болады. 
Көп жылдар бойы үлгермейтін оқушыларды зерттеудемін, 
үлгірмеушілік пен екінші жылға қалушылықтың шым-шытырық 
себептерін ажыратуға тырысудамын. Осы зерттеу басталғаннан 
кейін төрт жылдан соң қызық заңдылық ашылды: әрбір баланың 
үлгірмеу себептерінің ішінде бір өте елеулісі бар, егер оны жоюға 
мүмкіндік болса, онда басқа себептердің де әсері төмендейді. 
Көпшілік балалардың артта қалуыларының, үлгірмеуле-
рінің, сабақта және үйде жұмыс жасамауларының, екінші жылға 
қалуларының себебінің бірі – денсаулықтарының нашарлығы, 
көбінесе білінбейтін және ата-ана, дәрігер мен мұғалімнің 
біріккен әрекеттері нәтижесінде ғана емдеуге болатын сырқат. 
Бізге белгісіз, жасырын, балалардың балалық шапшаңдығы 
және қимылдағыштарымен білінбейтін жүрек-қантамыр жүйе- 


181 
сінің, демалыс жолдарының, ішек-асқазандарының аурулары 
байқалады. 
Біз балалардың денсаулығына зер салдық, жыл өткен сайын 
баланың рухани өмірінің – оның интеллектік дамуының, ойлау 
қабілетінің, назарының, оның тындырымдылығының дене күші-
не тәуелділігінің таңғажайып көріністері айқындала бастады. 
Баяу ойлау делінетіннің өзі көбінесе организмнің жалпы әлсіз-
дігінен болады, ал ол әлсіздікті баланың өзі де сезбейтіндігін 
көрдік. Бақылау жүрек, өкпе және басқа органдардың аурулары-
нан басқа, диагноз коюға, профилактикаға және емдеуге болатын 
аурулардан басқа осы органдардың жай ғана әлсіреуі, олардың 
қоршаған жағдайға қарай реакция жасайтынына көзімізді жет-
кізді. 
Жеке балалардың реңдері жақсы, жайнап тұрса да, олардың 
денсаулығына назар аударып, тексергенде, астыртын кесел табы-
латын болды. Астыртын кеселдер мен әлсіреу мұғалім сабақтың 
әрбір минутын ой еңбегін көп қажет ететін жұмыспен толтыруға 
тырысқан шақта айрықша белгі беретіндігі назар аударарлық. 
Сондай-ақ мұндай шапшаң қарқын сау балалардың өздеріне де 
ауыр және залалды екендігі байқалды: әдеттен тыс ой еңбегімен 
қатты шұғылдану (есеп сабағында мұғалім жеделдетіп бірнеше 
күрделі есеп береді) кейбір балалардың шектен тыс қимыл 
жасауына алып келеді: көздері бозарып, көз қарасы бұлдырап... 
қимылдары әлсірейді. ...Міне, бала ештеңеге қабілетсіз, оған таза 
ауаға шығу қажет, ал мұғалім оны жұмыстан босатпайды. 
Баланы бақылауға арнаған жұмысты бастасымен-ақ, біз 
баланы бақылауда ғана емес, басқа жұмыстарда да отбасының, 
ата-ананың көмегінсіз болмайтынына көз жеткізді. Ата-аналар-
мен күнбе-күн әңгімелесу – біздің коллективті әкелер мен ана-
ларға педагогикалық білімдер жүйесі қажет деген қорытындыға 
келтірді. Біз ата-аналар мектебін ұйымдастырдық. Онда бірнеше 
топ бар: 1) әлі балалары жоқ жас жұбайлар, 2) мектепке дейінгі 
балалары бар ата-аналар, 3) 1-2 сынып оқушыларының ата-
аналары, 4) 3-4 сынып оқушыларының ата-аналары, 5) 5-7 сынып 
оқушыларының ата-аналары, 6) 7-10 сынып оқушыларының ата-
аналары, 7) ақыл-ой және дене дамуында кемістіктері бар бала-
ларының ата-аналары. Бала мектепте он жыл оқиды, ал ата-
аналар да өз мектебінде оқиды. Сабаққа әке де, ана да қатысады. 


182 
Ата-аналар мектебінің әр тобында сабақ айына екі рет өтеді. 
Лекцияларды директор, оқу ісінің меңгерушісі, сыныптан тыс 
жұмыстың ұйымдастырушысы, мұғалімдер, дәрігерлер оқиды. 
Коллектив бұл жұмысты басқа жұмыстың ішіндегі ең маңыздысы 
деп есептейді. Ата-аналармен жұмыс жүргізбесек, еш нәтиже 
шықпаған еді. Ата-аналар мектебінде біз балаларды қалайша 
дұрыс тәрбиелеу туралы әңгімелейміз. Әкелер мен аналарды 
баланың денсаулығын қалай сақтап, нығайту, оның ақыл-ойын 
және тілін қалай дамытуды, жүйке ауруларын болдырмау, еңбек 
пен оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуді үйретеміз. Ден-
саулық туралы қамқорлық пен адамгершілікті дамыту біздің 
отбасылық педагогиканың басты ісі болды. 
Біз аздан бастадық. Алғашқыда ата-аналар мектебінің сабағы 
әрбір топта айына бір реттен артық болған жоқ. Біртіндеп лекция 
оқуға қажетті теориялық материал жиналды. Ата-аналар мекте-
біне барлық педагогтардың қатысуына мүмкіндік туды. 
Біз ата-аналар мектебінде ақыл-ой дамуында кемістік кезде-
сетін оқушылардың әкелері мен аналары тобын құрғанымызды 
үлкен жетістік деп есептейміз. Бұл топ үшін төмендегідей 
тақырыптар бойынша (1969-1970 оқу жылы) лекциялар оқылды: 
ақыл-ой дамуында кемістігі бар балалар. Отбасының интел-
лектуалдық мәдениеті және баланың ақыл-ойының дамуы. 
Баланы ой қызметіне жетектейтін жағдайлар. Баланың ақыл-ойы. 
Қабілеті нашар баланың ақыл-ойының дамуындағы ертегінің 
рөлі. Маскүнемдік және балалардың ақыл-ойының дамуы. Эмо-
ционалдық тәрбие және ақыл-ойдың дамуы. Көркем ойлау. Есті 
қалай жетілдіру керек. Дамуында кемістігі байқалған балалардың 
ақыл-ойының дамуындағы табиғат. Балалардың ақыл-ой да-
муындағы әсемдік, кемістігі байқалған балалардың ақыл-ой 
жаттығулары. Осы жаттығуларды семьяда қалай жасау керек. 
Ойлау жаттығуларына әдістемелік басшылық. Кемістігі бар 
балаларға арналған ертегілер мен әңгімелердің интеллектуалдық 
және эмоционалдық мәні. Балалардың ойлауға құштарлықтары. 
Ойлауға құштарлыққа қалай жетелеуге болады. Баяу ойлайтын 
балалардың интеллектуалдық бейімділіктері. Интеллектуалдық 
бейімділікті қалай қалыптастыруға болады. Ой еңбегіндегі 
жетістік. Интеллектуалдық сезімдер және оларды ояту. Ақыл-ой 
дамуында кемістігі байқалған балалардан нені талап етуге бо- 


183 
лады және нені талап етпеу керек? Балалардың шығармашылық 
еңбегі. Сөз шығармасы (ертегілер, әңгімелер құрастыру) – бала-
лардың ақыл-ой қабілетін дамытудың құралы. Еңбек, демалу, 
тамақтану режимі. Көктемдегі, жаздағы, күздегі, қыстағы емдеу 
режимі, емдеу тамағы. Ақыл-ойды дамыту (алдымен, белгілі 
білім мөлшерін меңгеру емес) – ақыл-ойының дамуында кемістігі 
бар балаларды мектепте және отбасында тәрбиелеудің басты 
міндеті. 
Баланы білмейінше, мектеп жоқ, тәрбие жоқ, нағыз педагог 
және педагогикалық коллектив жоқ, ал баланы үнемі дамып, 
байып отырған жағдайда ғана білуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет