Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет70/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Тәртіп (дисциплина) пен режим 
Тәртіпті кейде сыртқы тәртіп немесе сырттай жүргізілетін 
шаралар деп түсінеді. Бұл тәрбие мекемесінде болуы мүмкін ең 
өрескел қате түсінік.


172 
Тәртіпке бұлайша қарайтын болсақ, ол әрдайым жаншып-
басудың ғана формасы болады да, үнемі балалар ұжымының 
қарсылығын, тәртіптен тезірек құтылуға деген ұмтылысын 
тудырады, сонан соң оның тәрбиелік күші де жоғалады.
Тәртіпті тек тәрбиелеу құралы ретінде қарастырған жөн. 
Тәртіп – тәрбие үдерісінің нәтижесі, ең алдымен, өмірдің барлық 
салаларында – өндірісте, тұрмыста, мектепте, мәдени ортада 
байқалатын тәрбиеленушілер ұжымының күш-жігерінің нәти-
жесі.
Біздің қоғамда тәртіп өнегелі және саяси құбылыс болып 
есептеледі. Тәртіпсіз адам ескі қоғамда өнегесіз, адамгершілігі 
жоқ адам деп есептелмеді.
Біздің қоғамда тәртіпсіздік, тәртіпсіз адам – қоғамға қарсы 
адам, біз оған тек техникалық ыңғайсыздық тудыратын жағдай 
деп қарамаймыз, оны саяси және адамгершілік тұрғысынан қа-
растырамыз. Тәртіпті әрбір педагог пен тәрбиеленуші дәл осылай 
түсінгені жөн.
Ескі тәртіпке қарағанда біздің тәртіп санамен өлшенуі тиіс, 
яғни тәртіп деген не және ол не үшін керек дегенді түсінумен 
бірге қалыптасуы керек. Тәртіптің саналығына жету үшін қандай 
амалдар қолдану керек?
Тәртіп, ең алдымен, біздің саяси және адамгершілік аман-
саулығымыздың формасы ретінде ұжымнан талап етілуі керек.
Баланың бойында тәртіпке деген мұндай көзқарасты әр 
қадам сайын қалыптастырып отыру қажет, тәрбиеленушілер 
өздерінің тәртіптерімен мақтанып, жақсы тәртіпке күллі ұжым-
ның жұмысының жоғары көрсеткіші ретінде ұмтылғаны керек.
Тәртіп туралы тәрибеленушілермен жиі әңгімелесу керек, 
әсіресе өзін-өзі басқару органдарының мәжілістерінде, жалпы 
жиындарда, т.б. Біздің қоғамдағы, партиядағы, Қызыл әскердегі, 
ұшқыштар арасындағы, өндірісшілер арасындағы тәрбие туралы 
түсінікке назар аударып отыру сәтін ұтымды пайдаланып отыру 
керек.
Балаларға тәртіпке қажетті біліктермен бірге тәртіп логика-
сының элементтерін де міндетті түрде түсіндіріп отырған жөн
олар:
а) тәртіп ұжымға өз мақсатына тез әрі сапалы жету үшін 
керек;


173 
ә) тәртіп әрбір жеке адамның дамуы үшін, кездескен кедер-
гілерден өтуге қажетті дағдыларды тәрбиелеп, қиын жұмыстарды 
атқарып, егер өмір ерлікке шақырса, ерлік іс істеуге дайын болу 
үшін керек;
б) тәртіп әрбір ұжым мүшесінің жеке мүддесінен жоғары 
тұруы керек;
в) тәртіп ұжымды және оның әрбір мүшесін көркейтеді;
г) тәртіп дегеніміз – еркіндік, ол тұлғаға қорғаныш, еркіндік 
жағдайын жасап, әр адамның құқығына, өмір сүру амалы мен 
мүмкіндіктеріне сенімділік береді;
ғ) тәртіп адам өзі үшін жағымды бір нәрсе істеген кезде 
көрінбейді, адам әлдеқайда қиын, күтпеген, ойлануды қажет 
ететін іс-әрекеттерді орындауда байқалады. Бұл істің барлық 
ұжымға және барлық кеңес қоғамы мен мемлекеті үшін пайдалы 
әрі керектілігіне сенімді болғандықтан ғана адам оны орын-
дайды.
Тәрбиенің бұл теоремалары мен аксиомаларынан басты әрі 
негізгі нәрсені айрықша көрсету керек, бұл тәртіптің саяси мәнге 
ие екендігі, себебі жалпы саяси тәрбие беруде маңызды бөлікті 
құрайды.
Бұл қарапайым ережелер барлық тәрбиеленушіге – бүлдір-
шіндер мен жасөспірімдерге белгілі болып, еш күмәнсіз қабылда-
нуы керек.
Балалар мекемесін басқармасы жеке ұжымның, жеке топтың 
немесе жеке тәрбиеленушінің тәртіптік қорғанысын сынаудың 
сәтін жібермейді.
Бұл сияқты тәртіптік тексерістер мен сынақтар ұжымды 
шаршатып, тәртіптік міндеттемелерді ойынға айналдырып жі-
бермеу үшін өте жиі болмауы керек. Мұндай сынақтар жалаң 
жаттығулар түрінде емес, ол ұжымның алдында пайдалылы-
ғымен өзін ақтауы керек.
Басқарманың өзі үлгі болған кезде тәртіптің тәрбиелік әсері 
сәтті болады. Егер, мысалы, ұжым саппен немесе топпен бір 
жаққа жаяу баратын болып, ал мекеме басшысы немесе педагог 
экипажбен немесе машинамен баратын болса, ешқандай тәртіп-
тік әсер болмайтынын алдын ала айта беруге болады. Егер 
тәрбиеленушілер суық күні бір жерге пальтосыз баратын болса, 
онда басқарма да пальто кимеуі тиіс. Барлық жиындар мен жина- 


174 
лыстарға педагогтар мен тәрбиеленушілер барлығынан соң емес, 
бәрінен бұрын келулері тиіс.
Басқарма ұжымға қандай тәртіптік әсер бере алатыны ай-
рықша маңызды. Ол әсер (тон) салмақты, қарапайым, нық, батыл, 
сондай-ақ сенімді, тәрбиеленушіге икемделген, кейде күлімсі-
реумен немесе қалжыңмен әсемделген болып, әр адамға ерекше 
ықылас бөлумен ерекшеленеуі тиіс.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы белгілі бір тәрбиелеу 
үдерісінің көрсеткіштері болып саналатын тәртіптің жоғарғы 
формасына жатады.
Тәртіп күллі тәрбие үдерісінің нәтижесі болып саналса, ре-
жим ең алдымен жүріп-тұру шегін ұйымдастыруға көмектесетін 
құрал болып есептеледі.
Дұрыс режимнің белгілері мыналар:
1. Мақсаттылық. Режимнің барлық формаларының мәні 
болуы керек және ұжымның алдында өзінің логикасымен белгілі 
болуы тиіс.
2. Дәлдік. Өмірдің барлық ережелері мен күн тәртібі уақыт 
пен орынға қатысты ешқандай ескертулерді қарастырмауы керек. 
Егер таңғы ас 07.10-да берілуі тиіс деп белгіленсе, таңғы астың 
кешіктіріліп берілуі тәртіптің бұзылуы деп бағалануы тиіс, бұл 
жағдайда кінәлілер жауапкершілікке тартылады.
3. Қауымдастық. Режим барлығына бірдей міндетті болуы 
тиіс.
4. Түсініктілік. Режим егер негізсіз болса, нақты ережелер-
мен және жауапкершіліктермен нақтыланбаса, сақталмайды 
(
А.С. Макаренко. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру әдістемесі.
Ж.М. Бектұрғанованың аудармасы
). 
УКСР мектебінің еңбегі сіңген мұғалімі (1969), педагогика 
ғылымдарының кандидаты, Социалистік Еңбек ері (1968), Ұлы 
Отан соғысына қатысқан. 1948 жылдан өмірінің соңына дейін
(1970 ж.) Павлыш орта мектебінің директоры болып қызмет 
еткен. 1955 жылы «Мектеп директоры – оқу-тәрбие үдерісін 
ұйымдастырушы» тақырыбында кандидаттық диссертация-
сын қорғаған.
 
Сухомлинский ізгілік ұстанымдарына негізделген ерекше 
педагогикалық жүйені жасады. Баланың тұлғасын ең жоғары 


175 
құндылық ретінде танып, тәрбие мен білім 
беру үдерісі, пікірлес-педагогтар мен оқу-
шылардан тұратын ұйымшыл ұжымның 
күллі шығармашылық іс-әрекеті осыған 
бағдарлануы тиіс деп білді.
Сухомлинский оқу үдерісін қуанышты 
еңбек деп бағалады; ол оқушылардың дү-
ниетанымын қалыптастыруға үлкен мән 
берді; мұғалімнің сөзіне, көркем баяндау 
мәнеріне, балалармен бірлесе отырып, ер-
тегі жазу, көркем шығарма жазуға ерек-
ше рөл берді. Ол «сұлулықпен тәрбиелеу-
дің» кешенді эстетикалық бағдарламасын 
жасап шығарды. Кеңес педагогикасында 
отандық және әлемдік педагогикалық 
ойдың ізгілікті дәстүрлерін қалыптастырды. Оның идеялары 
көптеген мектептердің практикасына енгізілді.
В.А. Сухомлинский жастарды оқыту және тәрбиелеу мәсе-
лелеріне арналған 30-ға тарта кітаптың және 500-дей мақала-
ның авторы. Ең басты шығармасы «Балаға жүрек жылуы» деп 
аталады. Ол бүкіл өмірін бала, тұлға тәрбиелеу ісіне арнады. 
Баланың бойында қоршаған өмірге деген өзіндік көзқарасын 
қалыптастыруды, өз ісін түсіну және туысқандары мен жол-
дастарының, қоғамның және ең бастысы әрі маңыздысы – өзінің 
ар-ұятының алдында жауап бере білуге тәрбиелеуге тырыс- 
ты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет