219
лық иерархиялық құрылымды құратын интроверсия және нейро-
тизм тұлғаның психологиялық типімен теңестірілетін факторлар
болып табылады.
Сонымен, тұлға ұғымы соңында белгісіз бір «жалпылау»
белгісі бар статистикалық өңдеу
нәтижесінде статистикалық
критерийлерге байланысты белгілер санының алынуымен түсін-
діріледі. Сондықтан да осы жалпылауды сипаттауда эмпирика-
лық мәліметтер болғанымен, ол негізінен психологиялық түсі-
нікті қажет етпейтін мето-психологиялық болып табылады. Оны
түсіндіру
қажет болатын болса, ол морфофизиологиялық кор-
реляция (И.П. Павловтың жоғары жүйке жүйесінің іс-әре-
кеттерінің типі, Айзенктің айнымалылары) жолына алып келеді,
яғни органикалық теорияға қайтадан
бұл бағыттағы эмпирика-
лық сипат басқа ештеңе де бермеуі мүмкін.
Қазіргі кезде тұлғаның психологиялық теориясы қанша
болса да, көбісі марксистікке дейінгі немесе марксистіктен тыс
психологиядағы дуалистік схема талдауына енеді.
Қазір бұл
схема жаңа бейнеде – тұлға қалыптасуының екі факторлық
теориясында көрініс тапты, ол – тұқым қуалаушылық және орта.
Адамның қай ерекшелігін алсақ та, барлығы осы теориямен
түсіндіріледі, бір жағынан, ол тұқым қуалау, екінші жағынан, ол
ортаның әсері. Табиғи және әлеуметтік тіл, мәдениет, оқу және
т.б.). Ақыл-парасатқа сүйенетін болсақ, бұдан басқа ұсыныс-
тардың
қажеті де жоқ, бұл – өте қолайлы тұжырым.
Екі фактор жөніндегі теориядағы негізгі мәселелердің бірі –
ол осы факторлардың қайсысы тұлғаның дамуында маңызды
деген мәселе. Кейбір көзқарас бойынша, сыртқы
орта адамда туа
пайда болған бағдарламалардың одан әрі қалыптасуына ықпалын
тигізеді екен. Ал енді басқасы әлеуметтік ортаның маңызды-
лығын керсетеді.
Биологиялық және әлеуметтік факторлардың байланысында
адам психикасын эндосфера және экзосфераға бөлуден басқа да
аса маңызды ұғымдар пайда болды. Олардың пайда болу себебі:
қозғалысты талдау тұлғаның ішкі құрылымы,
оның деңгейі
олардың арақатынасының басты мәселесіне айналды. Осыдан
З. Фрейдтің тұлғаны сипаттайтын саналылық пен бейсаналылық
арасындағы байланысы туды. Оның көрсетуінше,
либидо тек
белсенділіктің биоэнергетикалық қайнар көзі ғана болып қана