215
Сол себепті баланың мектепте
оқуға дайындығы
туралы
әдебиеттерде беріліп жүрген түсінік нақтылауды қажет етеді.
Мектептегі оқуға қосылу, әрине, дамудың белгілі бір деңгейіне
қажет және бала оған мектепке дейінгі тәрбие нәтижесінде қол
жеткізе алады.
Бірақ мектептегі оқу осыған дейінгі жетілген функцияларға
бейімделіп қана қоймайды. Мектепте
оқуға қажетті
нәрселер
мектептегі оқу үдерісі барысында одан әрі қарай дамытылады;
балаға қажетті
даму жағдайы жасалады, ол
осының барысында
қалыптасады.
Әсіресе мәселе функционалдық психологиядағыдай, бала-
ның
алдымен қабылдауы, есі, зейіні, ойлауы жетіледі, сосын
барып
оқу осыған құрылып, оқыту осыны пайдаланады деген
сияқты қарастырылмауы керек. Шын мәнісінде бұл жерде бай-
ланыс бар. Баланың қабылдауының, есінің, ойлауының қандай да
бір даму деңгейі нақты оқу іс-әрекетінің алғышарты емес, нәти-
жесі болуы керек, олар осы оқу іс-әрекеті барысында байқалып
қана
қоймайды, қалыптасады да.
Бұдан шығатын қорытынды – оқыту үдерісі баланы дамыту
үдерісі де болуы керек. Болашақ дербес еңбек іс-әрекетіне
дайындауды көздейтін оқытудың негізгі мақсаттары да осыны
талап етеді. Демек, оқытудың бірден-бір
міндеті балаға нақты
білімдерді хабарлау емес, оның бойында нақты бір қабілеттерді
дамыту ғана болуы керек: балаға қандай материал берілетіні
маңызды емес, маңыздысы баланы бақылауға, ойлауға, т.б.
үйрету. Формалды оқыту теориясы осылай үйретеді, ол
білім
берудегі міндет оқушыға белгілі бір көлемдегі білімдерді игерту
деп қарамайды, білім берудің міндеті оқушыға білімді алуға,
табуға қажетті нақты қабілеттерді дамыту деп біледі.
Бұл көзқарасқа қарсы пікірлер оқытудың мақсаты белгілі бір
көлемдегі білімдерді беру деп оны бір жақты түсіндіреді. Бұлай-
ша шендестіру – жалған. Әрине,
баланы оқыта отырып дамыту
керек, оның қабілеттерін қалыптастыру керек, зейін қою, ойлау,
т.б. біліктерін тәрбиелеу қажет. Бірақ, біріншіден, оны тек нақты
бір материал негізінде ғана іске асыруға болады; екіншіден,
баланың қабілеттерін дамытуға
қажетті құралдар болып табы-
латындықтан да нақты білімдер жүйесін игеру дербес мәнге ие