Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет98/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Жалпы, жас кезеңдері және педаго-
гикалық психология саласын зерттеп, ав-
торлық теориялар ұсынған танымал психо-
лог. Адамның ақыл-ой іс-әрекетін жоспар-
лы-сатылай қалыптастыру теориясы әлем-
ге танымал. Іс-әрекеттің бағдарлау, орын-
дау және бақылау компоненттерінің ішінде 
бағдарлау маңызды рөл атқаратынын айт-
ты. Дұрыс берілген бағыт әрекетті бірден 
қатесіз орындауға мүмкіндік береді. Ол да 
Скиннер сияқты пікірде болды. Бағдарлау 
мен бақылау арқылы әрекеттің жүзеге 
асуында оның сатылы болуы маңызды және оның орындалуын 
сырттай бақылау мүмкін болады. Гальперин бағдарлаушы 
негізін түрлендіретін тапсырмалардың әр түрін зерттей келе, 
проблемалық оқытудың мәні туралы тұжырым жасады. Сон- 
Петр Яковлевич 
Гальперин
(1902-1988) 
 
 
 
 


245 
дай-ақ ақыл-ой әрекетін автоматтандыру және интериориза-
циялауға әкелетін жағдайларды зерттеді.
 
 
Баланың ақыл-ойының дамуы және оқытудың әдістері 
Баланың ақыл-ой дамуы туралы Л.С. Выготский мен
Ж. Пиаженің зерттеулерінен кейін психологияда мектепке дейін-
ге жоғары жастағы балалар мен алғашқы мектеп жасындағы 
балалардың ойлауында күрделі өзгерістер болатыны – логикалық 
ойлауы өзіндік форма алатыны анықталды.
Оқытудың осыған дейінгі формалары сырттай әр түрлі 
болғанымен, шын мәнінде, бір әдістің түрлі нұсқалары болып 
шықты, яғни бұл үдерісте оқушының жаңа білімдерді меңгеруі 
жеткіліксіз дәрежеде басқарылады да, соңғы нәтижесіне қарап 
бақыланады және оны тек сезіп көру арқылы ғана байқауға 
болады. Ал біз алдымызға басқа міндет қойдық: оқушы «тиісті» 
әрекеттерді орындап, алдын ала қойылған нәтижелерге қайтсе де 
әкелетін жағдайларды анықтау.
Осылайша, «сатылай қалыптастыру» деп аталып, дұрысырақ 
айтқанда, «ақыл-ой әрекеті мен ұғымдарды жоспарлы-сатылай 
қалыптастыруға» негіз болатын жағдайлардың жүйесі айқын-
далды.
Бұл жүйеде жағдайлар төрт үлкен топта беріледі: оқушының 
әрекетке ынтасын қажетті деңгейде (нақтыласақ, сәйкесті 
деңгейде) қалыптастыру; жаңа әрекетті дұрыс орындауын қамта-
масыз ету; белгіленген қасиеттерді тәрбиелеу және ең соңғысы, 
оны ақыл-ой әрекетіне айналдыру (белгіленген форма беру).
Жаңа әрекетті (оқушы орындай алмайтын) дұрыс орындауды 
қамтамасыз ететін жағдайлардың тобын «әрекетке негіз болып, 
толық бағдар беретін сызба» (ЖБӘС – жартылай бағдарлайтын 
әрекет сызбасынан бөлек, қысқартып айтқанда ТБӘС – толық 
бағдарлайтын әрекет сызбасы) деп атаймыз. Ол сызба алгоритм-
дік амалдардың нұсқауы түрі сияқты көрінгенмен, математика- 
лық алгоритмге қарағанда әрбір қадамды терең түсінуді талап 
етеді және соған өлшеніп жасалған.
Ең алдымен, іс-әрекет нәтижесі не үшін қажет екендігі 
түсіндіріледі. Оның қалай түсіндірілгеніне байланысты нәтиже 
және бастапқы материалды өңдеу арқылы меңгерілетін сапа 
анықталады. Содан кейін нәтижеснде алынатын өнімнің жеке- 


246 
леген бөліктері мен өнімді алуға негіз болған жекелеген амал-
әрекеттер түсіндіріледі. Ұсынылатын материалда бағдар айқын 
беріледі, жекелеген амал-әрекеттер мен орындалатын амалдар-
дың арасындағы байланыс айқын болуы үшін барлық амал-
әрекеттер барынша баяу әрі толықтай орындалады. Мұның бар-
лығы айтылып, көрсетіліп қана қоймай, нақты әрі тұрақты және 
көзге көрінетін формада, яғни карточкаға (біз оның атқаратын 
міндетіне қарай бағдарлаушы карточка – БК деп атаймыз) 
жазылып ұсынылуы тиіс. 
Іс-әрекетке тәрбиелеуді сенімді түрде іске асыру үшін 
ұсынылатын материал, оның кейбір бөліктері заттармен немесе 
модельдермен, кестелермен, сызбалармен, бейнелермен, иә 
болмаса сөзбен, бір сөзбен айтқанда, материалды заттармен 
немесе материалданған түрінде орындалуы тиіс. Ал бұл, әрине, 
барлық амал-әрекетті ақыл-ойда орындауға «ауыстыру» міндетін 
жүктейді. Іштей іске асатын жоспар тек сөйлеу арқылы, яғни 
«әлеуметтік мәнді сөйлеу, дауыстап айту» және «өз ішінен айту» 
сатыларынан өту арқылы ғана қалыптасуы мүмкін.
БК-да ұсынылатын ТБӘС негізінде жаңа әрекетке үйрету 
баланың міндетін бірталай жеңілдетеді. БК-дағы әрбір нұсқау 
бағдары мен орындалуы бойынша баланың деңгейі мен мүмкін-
шілігіне шақталып беріледі; әрбір нұсқау нақты материалға 
бағдарланып ұсынылады. Оны кейін жадыда орындау үшін 
алдын ала ешнәрсені жаттаудың қажеті жоқ! Бала тірек материа-
лынсыз қаншалықты орындай алатынына қарай меңгеру шартта-
ры еріксіз жадыға (непроизвольная память) ауысады: бастапқыда 
бала БК-ға сүйенеді, сонан соң БК-сыз дауысын шығарып айту 
арқылы, ең соңында, дауысын шығармай «өз ішінен» айту арқы-
лы (сәйкесінше, әрекеттерді бөліктерге бөлмей-ақ) орындайды.
Осылайша, біз әр түрлі материалдар негізінде (әріпті жазу, 
грамматиканың алғашқы ұғымдары, бастапқы математикалық 
және физикалық ұғымдар) балаға бастапқы бірнеше нысанды 
талдату арқылы осы тектес басқа жаңа нысандарды өз бетімен 
зерттеуіне, оның құрылымын қалпына келтіріп, тән қасиеттерін 
анықтауына және өз бетімен бұл әрекетті орындауына, сол әрекет 
арқылы білімдер мен әрекеттерді меңгеруіне мүмкіндік беретін 
оқытудың әдісін жасадық. Оқытудың бұл әдісінің айырмашы-
лығы анық көрінеді, дайын күйінде берілетін (оқытудың ІІ типі) 


247 
ТБӘС негізінде ақыл-ой әрекеті мен ұғым, түсініктерін қалыптас-
тыру, ол «қайта орындап, қателіктерді жою» арқылы оқытуға 
(оқытудың І типі) ұқсамайды.
Оқытудың І типі жақсы іске асқан жағдайда оқушыларға 
білім мен білік береді, бірақ ойлауын, қабілетін тіпті де дамыт-
пайды. Ойлау мен қабілеттің дамуы жүріп отырады, бірақ ол 
оқытуда тыс болады, бұл жағдайда оқыту ақыл-ой әрекетінің 
жеткен жетістіктеріне сүйеніп қана жүретінін байқауға болады.
Оқытудың ІІ типінде, яғни дайын күйінде берілетін ТБӘС 
негізінде оқыту терең жүзеге асады. Оны қайта орындаудың 
қажеті жоқ, қателіктерсіз орындалады. Әрекет жекелеген бөлік-
терге, амалдарға бөлінбейді, ол тұтас әрі жедел түрде, жаңа 
сатылар арқылы бағдарлы іске асады, сол себепті прогрессивті. 
Ал әрекетті орындау кең түрде жүреді де, алдыңғы сатыда 
өткенді игеру үшін оның қарқыны бірталай төмендейді.
Қателіктерді жібермеу, қайта-қайта орындамау үдерісті 
айтарлықтай жеделдетеді, ал қажетті қасиеттерді жоспарлы түр-
де тәрбиелеп отыру көзделген нәтижеге жетуді әлдеқайда 
жеңілдетеді және ол оқушылардың үлгерімдерінің алшақтығын 
туғызбайды: бұқаралық оқытудың өзінде де (сыныпта) үлгерім 
«жақсы» мен «өте жақсының» арасында ғана болады.
Оқытудың затқа бағдарланған ІІ типі әрекетке және оның 
құрайтын бөліктеріне қойылатын шарттардың айқындығын 
талап етеді, бірақ білім мен білік жалпы алғанда эмпирикалық 
сипатта қалады.
Оқытудың затқа бағдарланған ІІІ типі айтарлықтай өзгеше. 
Онда ТБӘС құрастырмастан бұрын біртектес, бірақ әр түрлі 
нысандарға жан-жақты әрі терең зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу-
ді оқушының өзі жүргізеді де, жетекші тек бағдар береді. Жетек-
ші өз кезегінде нақты мәселе тудыратын және оның нақты жауа-
бы бар деректерді жинап ұсынады. Бірақ сұрақты да, жауапты да 
(әсіресе жауап!) бала өзі қоюы керек. Осылайша, оқытудың ІІІ 
типінде ең бастапқысы әрі маңыздысы – танымдық іс-әрекетін 
ояту, өзіндік танымдық қызығушылығын дамыту және бекіту. 
Сонымен қатар ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет