234
Эмоциялар ішкі белгілердің функциясын атқарады, ал олар
заттық іс-әрекеттің тікелей психикалық
бейнесі болып табыл-
майды. Мотивтер және жетістіктер арасындағы қатынастарды
бейнелеу эмоциялардың ерекшелігінен тұрады. Сонымен қатар
бұл жерде осы қатынастардың рефлексиясы жайлы емес, олар-
дың тікелей сезімдік бейнеленуі, күйзелістері жайлы сөз болып
тұр. Сөйтіп, олар мотивтің (қажеттіліктің) актуалдануынан кейін
және субъектінің өзінің іс-әрекетін
ұтымды бағалауына дейін
пайда болады.
Мұнда «тұрмыс және міндеттердің» арасындағы қатынастың
эмоциялық тәуелділік фактісін білдіретін түрлі болжамдарды
талдауға тоқтала алмаймыз. Тек эмоцияларды жүзеге асыратын
әрекеттерге немесе операцияларға емес, ол әрекеттердің реле-
ванттылығына (өзгерілуіне) назар аудару керек. Сондықтан түрлі
әрекетті жүзеге асыратын үдерістер әр түрлі, сондай-ақ қарама-
қарсы эмоциялардың түсін жоя алады. Басқаша айтқанда,
жағымды немесе жағымсыз «санкциялаудың»
рөлі мотивпен
берілген күшті әсерге байланысты эмоциялармен жасалады.
Қандай да бір әрекеттің сәтті жасалуы әрқашан жағымды
эмоцияларға әкеле бермейді, ол сондай-ақ тұлға үшін жетекші
мотивтің жағынан жеткен табысқа психологиялық ұмтылу болып
табылатындай белгі беретін жағымсыз эмоцияны да туғызуы
мүмкін. Бұл қарапайым бейімделуші реакцияларға да қатысты.
Эмоционалды күйлердің көптігі және күрделілігі, танымдық
және аффективті мотивтері бірлескен
алғашқы сезгіштіктің
бөлінуінің нәтижесі болып табылады. Бұл бөлінуде эмоционалды
күйлер дүниедегі заттардан тәуелсіз тіршілік етеді деп ойлауға
болмайды. Заттық жағдайларда пайда болып, олар осы жағдай-
ларды және объектілерді белгілейді. Заттың өзіне немесе жеке
адамдарға эмоционалды белгіні «аффективті жинақтар» деп
аталатын қарапайым құбылысқа көз тастау жеткілікті. Сөз басқа
туралы, ал
нақтырақ айтқанда, оның заттық мазмұнының бей-
несінде өзгешеліктің болуы және оның эмоционалды реңкі
туралы және адам іс-әрекетінің күрделі жанамалау жағдайла-
рында объектілердің аффектогенді өзгеру мүмкіндігі туралы
(мысалы, аюмен кездейсоқ кездесуден
әдетте қорқыныш сезімі
пайда болады, бірақ арнайы мотив болғанда, мысалы, аңшылықта
аюмен кездесу құштарлық сезімін тудыруы мүмкін). Ал ең
235
маңыздысы адамда эмоционалды үдерістердің және күйлердің
өзіне тән жағымды дамуы бар.
Мұны әдейі айтып кету керек, себебі Ч. Дарвиннан келе жат-
қан адам эмоциясының қалдығы сияқты, классикалық тұжырым-
дамалар адамда олардың өзгеруін ағзаның қайта бастапқы
қалпына (инволюциясы) келуі ретінде қарастырады, ал ол өз
алдына сезімдерді «құрғақ» ақылға бағындыру талабына әкеле-
тін тәрбиелеудің жалған идеяларын тудырады.
Адамның осы проблемаға басқа қырынан келу себебі адамның
эмоционалдық күйлерінің өзіндік тарихи дамуы бар.
Сонымен
қатар олардың функциялары мен жіктелуі өзгереді, сөйтіп, олар әр
түрлі деңгейлер мен кластарды қалыптастырады. Бұл кездейсоқ
және еріксіз пайда болатын аффектілер (біз:
мені
ашу қысты, бірақ
мен
қуанып кеттім дейміз); әрі қарай бұл күй эмоциялары –
идеаторлық және жағдайға орай болады, яғни тұрақты затта крис-
талданған заттық сезімдер. Стендальдің айтуы бойынша, эмоцио-
налды күй кешулерге байланысты көңіл-күйлер – өзінің тұлғалық
функциясы бойынша, өте маңызды субъективті құбылыстар.
Эмоционалдық құбылыстардың әртүрлілігі, олардың өзара
байланыстарының және нәтижелерінің күрделілігі субъективті
түрде өте жақсы алынады. Бірақ психология феноменологияны
(ерекшелігін) жоғалтқан кезде, оның тек ең дөрекі күйлерді ғана
зерттеуге қолы жетеді. Дәл осындай
перифериялық идеялар да
(У. Джемс өз теориясында жоғары эмоцияларға байланысты
болмайтындығын айтты) болды, сондай-ақ қазіргі психофизиоло-
гиялық тұжырымдамаларда да кездеседі. Эмоция мәселесіндегі
тағы бір бағыт – тұлға құрылысын сипаттайтын «мотива-
цияаралық» қатынасты зерттеуден, оған қоса оның функциясын
бейнелейтін әрі жанамалайтын эмоционалдық қайғыру аймағы-
нан тұрады.
Адам іс-әрекеті үшін генетикалық бастама бұл мотивтер мен
мақсаттардың сәйкес келмеуі болып табылады. Ал, керісінше,
олар сәйкестенсе, нәтижесінде еркін түрткі болатын күші бар
мақсатқа ие
болу немесе оларды
Достарыңызбен бөлісу: