280
Дайындық сыныбындағы сабақтардың саны – 630 = 28800
минут.
І, ІІ, ІІІ сыныптардың әрқайсысындағы сабақтардың саны –
850 = 29750 минут.
Бастауыш оқудың төрт жыл ішіндегі сабақтарының саны –
3230 = 113050 минут.
Дайындық сыныбындағы педагогтың балалармен белсенді
қарым-қатынасына кететін уақыты (сабақтарда, үзілістерде,
сабақтан кейін) – 32300 минут.
Педагогтың І, ІІ, ІІІ сыныптардың әрқайсысында балалармен
белсенді қарым-қатынасына кететін уақыты – 39950 минут.
Педагогтың бастауыш оқудың төрт жылында балалармен
белсенді қарым-қатынасына кететін уақыты – 154700 минут.
Оқу жылы қандай ұзақ көрінеді! Ал өсіп келе жатқан
баланың өзгеру үдерісі осыншама қысқа уақыттарға қалайша
сыйып кеткен! Мектептегі 3230 сабақтың ішінде бала адам
танымастай болып өзгереді: дене тұрпаты жағынан да, ой-өрісі
жағынан да. Осыншама сабақ олар үшін көп пе? Олардың санын
көбейту керек пе? Бастауыш оқудың 4 жылындағы педагогтың
балалармен қарым-қатынасына кететін уақыттың (154 700 минут)
баланың өмірінің 4 күнтізбелік жылдағы уақытымен (2103380
минут) пайыздық қатынасы қандай? Ол ... шамамен 7 %! Бастауыш
мектеп оқушысының тек 7 % уақыты ғана мектеп тәрбиесіне жұм-
салады екен! Ал дайындық сыныбында одан да аз – шамамен 5,5 %.
Менің уайымым көбейіп кетті. Мүмкін 5 күндікті енгізудің,
сабақты 10 минутке қысқартудың қажеті жоқ шығар. Бірақ
сабақтың қысқа болғаны балаларды жемісті жұмыс істету үшін,
ойландыру үшін маған керек. Педагогикалық қайшылықты
жағдайда қалған сияқтымын. Не десем екен... өмірді жақсы
көретін, өз ісіне берілген адам әрдайым қайшылықпен өмір
сүреді. Мен ертеңнен бастап басшылыққа алатын келесі ұстаздық
парызымды жазамын:
Достарыңызбен бөлісу: