281
«Менің бала кезімде...» (Алғашқы күн. Алғашқы кездесу)
Ертеңгі күннің адамы
Менің досым әрі жерлесім Тинатин Михайловна Гелашвили
бір күні «1 қыркүйек күні мектепке келіп, балалармен кездес-
кенде мен өзімді мәңгілік өлмейтін адамдай сезінемін!» деген еді.
Сол кезде маған педагогқа шынымен өзінің тәрбиеленушілеріне
мейірімділік нұрын құйып, адамға деген қамқорлық сезім ұялату
арқылы мәңгілік жасауға мүмкіндік және құқық берілетін адам
екен деген ой келді. Шын педагогтардың өлуі мүмкін емес, себебі
олар мыңдаған жасөспірімдер мен бойжеткендерді тұлғаға,
Данко жүректі жоғары мақсатты адамдарға айналдыру арқылы
мәңгілік жасайды.
Бүгін 1 қыркүйек, менің кеудем мақтанышқа толы. ХХ ға-
сырдың 80-жылдардағы кеңес педагогы балалардың болашаққа
деген армандарын ояту үшін, бүгінгі күндерін ертеңгі жарқын
күндердің сәулесімен нәрлендіру үшін келген – ХХІ ғасырдың
адамы дегенге өзімді сендіремін.
Ертең ертесімен мектепке барамын. Ол менің үйімнен қашық
емес, мектепке бүгін жаяу барғаным дұрыс. Біріншіден, әлі уақыт
бар, екіншіден, ойланатын нәрсе бар.
Балаларға айтатын алғашқы сөзім қандай болуы керек?
Айтатын сөзімді баяғыда-ақ тауып қойғанмын – «Сәлеметсіңдер
ме, балалар!». Дайындық сыныбында біз 170 күн оқимыз, 170 рет
таңертең сыныпқа кіріп, «Сәлеметсіңдер ме, балалар!» деп
айтамын.
Бұл амандасуды қалай айтқан дұрыс – бұл да педагогикалық
маңызды мәселе. Ал жеке мен үшін дәл қазір оны айтудың әуені
мен мимикасын дұрыс табу маңыздырақ. Себебі мен келесі
ұстаздық парызды ұстанамын:
Достарыңызбен бөлісу: