Егер балаларға деген махаббатымды көрсеткім келсе,
мен оны ұтымды формада жеткізуге тырысуым керек
.
Көшеде келе жатып, мен осыған жаттығамын. «Сәлеметсің-
дер ме, балалар!» сыбырлап айтамын да, өз-өзімді тыңдаймын.
Болар емес. Бәлкім алдымда балалар болмағандықтан шығар.
Оларды елестетіп көру керек: міне, менің сыныбым, сыныпқа
кіріп келе жатырмын, балалар маған қарап тұр, қызыға қарап
тұрғандай, мен бәріне жымия қарап: «Сәлеметсіңдер ме, бала-
282
лар!» деймін. Көшеде кетіп бара жатқан мына адам маған неге
сонша таңырқай қарады?
Сабақ арасындағы үзіліс педагогикасы және
баланың балалығы (детская шалость)
Біздің алғашқы үзілісіміздің ұзақтығы 10 минут. Сосын тағы
да екі рет үзіліс болады: сабақ арасында 30 минуттық және
10 минуттық. Барлығы 50 минут. Педагогикада сабақ арасындағы
үзілістерге қатысты мәселелер бар ма? Жоқ, мұндай мәселе жоқ.
Ондай мәселе мектептің тәжірибесінде де жоқ. Мұғалімдердің
сабақ арасындағы осы қысқа уақытты ұйымдастыру туралы бас
қатырып ойланғанын да көрмеппін. Бәлкім шынымен де мұнда
ешқандай бас қатыратын мәселе жоқ шығар? Балалардың жүгір-
меуін, бір нәрселерді бүлдірмегенін, төбелеспегенін, бірін-бірі
аяқтарынан шалмағанын, ұлдардың қыздарды ренжітпегенін
қадағалап отырсақ жеткілікті шығар?
Дәлізде оң қолына қызыл белдік байлап алған күзетші
тәртіпті жіті бақылап тұр. Балалар үлкендердің ашуын шақырмас
үшін шулы ойын ойнаудан тартыншақтайды.
Үлкендер мектепте үлгілі тәртіп орнағанын, қатаң тәртіп
барын айтатын болады. Бірақ олар бұның тәрбиедегі формалды-
лық екенін, кезекшілер болмағанда балалардың өздерінің күш-
терін жұмсайтын шығармашылық бір нәрсе тауып алатынын
айтпайды. Балаларға үзіліс кезінде дәлізде босқа жүрмей, бір нәр-
семен айналысу керек қой. Ал баланың айналасында өзінің
физикалық күшін әлдеқайда қызығырақ жұмсап, танымдық
құштарлығын қанағаттандыратын ештеңе болмаса ше? Егер осы-
дан кейін балалар тәртіпті көз бояу қылып, өздерінің балалық-
тарын жүзеге асырудың басқаша жолдарын тауып жатса, ренжі-
меңіздер.
«Тәртіптің саналылығы» деп айтқанға құмармыз... Ал ол
дегеніміз не? Ол дегеніміз баланың қоғамдық талаптарды толық
түсініп, өзінің күшін ауыздықтауы ма? Бұл түсінікті балалар
ненің жаман, ненің жақсы екендігі туралы біздің нұсқаула-
рымыз арқылы түйсіне ме? Мүмкін балалардың балалық-шала-
лықтар үшін жазаланатынын терең түсінгені және содан қорық-
қаны дұрыс шығар? Саналылықтың бұл «көпірлері» шынымен де
балаларды көлденең қатерден қорғайды. Әрине, қатаң тыйым
283
салу қажет болатын жағдайлар да бар. Ал егер қажеттілік сана-
лылықтан күшті болса ше, егер бала тыныш бола алмаса, тыныш,
сабырлы болуды қаламаса ше, балалық жасамай тұра алмаса ше?
Балалардың балалығынсыз, тентектерсіз нағыз педагогиканы
құру мүмкін емес. Олар педагогикалық ойдың алға жүріп оты-
руына азық береді, тәрбиешілердің әрдайым шығармашылықпен
ойлауына, жаңашылдыққа ұмтылуына, педагогикалық ізденіске
жетелеп отырады. Саналы және үлкендердің өмір тәжірибесін
басынан өткергендей балалармен жұмыс істеу педагогты сондай
жалықтырады! Мен мұндай балаларды алдымен балалыққа, маза-
сыздыққа итермелеп, сосын барып тұлға қалыптастыру педагоги-
касына кірісер едім. Біз неге сонша балалардың балалығына
қарсымыз? Үлкендер балалардың балалығынан қылмысты нәрсе
көріп, саналы тәртіп бұзушылық табуға неге сонша құмар?
Меніңше, оның себебі мынада: біз балалық дегеніміз не және
тентектер дегеннің кімдер екенін әлі күнге білмейміз. Балалық
және тентектер психологиясы туралы кітапты қызыға оқыр едім,
бірақ ондай кітаптар қайда!
Балалардың балалығы біздің тыныштығымызды бұзады,
кейде педагогикалық жолмен шешілуі мүмкін емес тәрбиелік
мәселелердің туындауына әкеледі.
Тентектер – өздерінің қабілеттерін кез келген кездейсоқ
жағдайларда қолдана алатын, үлкендердің жағдайды және қарым-
қатынасты бағамдауға итермелейтін аңғарғыш, ақылды балалар...
Тентектер – өмірге құштар, ашық-жарқын балалар: олар
өзгелердің өжет, белсенді болуына, өзін-өзі қорғай алуына көмек-
теседі...
Тентектер – өзін-өзі дамытуға, өз бетімен әрекет етуге
икемділігі күшті балалар; олар педагогтардың көзіне ілінбей,
қалып қойған жеке қабілеттерін өздері дамытып, жетілдіреді...
Тентектер – қалжыңға жақын балалар, салмақты нәрсенің
күлкілі жағын көре алады, салдыр-салақ балаларды қалыптан тыс
жағдайларға түсіріп қамшылап, оларды келеке етеді; олар өздері-
не ғана емес, қалжыңды түсінетін басқа адамдарға да көтеріңкі
көңіл-күй, күлкі сыйлайды...
Тентектер – көпшіл балалар, олар балалықтарын балалықта-
рымен ортақтаса алатын басқа барлық балалармен бірлесіп,
қарым-қатынас жасауы барысында жасайды...
284
Тентектер – өз бетімен тануға, шындықты өзгертуге ұм-
тылатын арманшыл балалар...
Тентектер – педагогтың ойы, ал педагогиканың нысаны.
Тентектерді жазалауға болады, бірақ оларды мадақтау өте
керек.
Балалық – баланың аса ерекше қасиеті, тек оны басқара білу
керек. Мен
Достарыңызбен бөлісу: |