247
ТБӘС негізінде ақыл-ой әрекеті мен ұғым, түсініктерін қалыптас-
тыру, ол «қайта орындап, қателіктерді жою» арқылы оқытуға
(оқытудың І типі) ұқсамайды.
Оқытудың І типі жақсы іске асқан жағдайда оқушыларға
білім мен білік береді, бірақ ойлауын, қабілетін тіпті де дамыт-
пайды. Ойлау мен қабілеттің дамуы жүріп отырады, бірақ ол
оқытуда тыс болады, бұл жағдайда оқыту ақыл-ой әрекетінің
жеткен жетістіктеріне сүйеніп қана жүретінін байқауға болады.
Оқытудың ІІ типінде, яғни дайын күйінде берілетін ТБӘС
негізінде оқыту терең жүзеге асады. Оны қайта орындаудың
қажеті жоқ, қателіктерсіз орындалады. Әрекет жекелеген бөлік-
терге, амалдарға бөлінбейді, ол тұтас әрі жедел түрде, жаңа
сатылар арқылы бағдарлы іске асады, сол себепті прогрессивті.
Ал әрекетті орындау кең түрде жүреді де, алдыңғы сатыда
өткенді игеру үшін оның қарқыны бірталай төмендейді.
Қателіктерді жібермеу, қайта-қайта орындамау үдерісті
айтарлықтай жеделдетеді, ал қажетті қасиеттерді жоспарлы түр-
де тәрбиелеп отыру көзделген нәтижеге жетуді әлдеқайда
жеңілдетеді және ол оқушылардың үлгерімдерінің алшақтығын
туғызбайды: бұқаралық оқытудың өзінде де (сыныпта) үлгерім
«жақсы» мен «өте жақсының» арасында ғана болады.
Оқытудың затқа бағдарланған ІІ типі әрекетке және оның
құрайтын бөліктеріне қойылатын шарттардың айқындығын
талап етеді, бірақ білім мен білік жалпы алғанда эмпирикалық
сипатта қалады.
Оқытудың затқа бағдарланған ІІІ типі айтарлықтай өзгеше.
Онда ТБӘС құрастырмастан бұрын біртектес, бірақ әр түрлі
нысандарға жан-жақты әрі терең зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу-
ді оқушының өзі жүргізеді де, жетекші тек бағдар береді. Жетек-
ші өз кезегінде нақты мәселе тудыратын және оның нақты жауа-
бы бар деректерді жинап ұсынады. Бірақ сұрақты да, жауапты да
(әсіресе жауап!) бала өзі қоюы керек. Осылайша, оқытудың ІІІ
типінде ең бастапқысы әрі маңыздысы – танымдық іс-әрекетін
ояту, өзіндік танымдық қызығушылығын дамыту және бекіту.
Сонымен қатар ол
Достарыңызбен бөлісу: