Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет97/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Тұлғаның қалыптасуы 
Адамдық индивидтің даму жағдайы өзінің алғашқы даму 
кездерінде-ақ ерекшеленеді. Олардың ең бастысы – баланың 
қоршаған ортамен байланысының жанама сипатқа ие болуында. 
Алғашқы биологиялық байланыс 
бала-ана
жақын арада басқа 
заттармен жанамаланады: ана баласын қызықтырған затына 
жақындатады, затты қолына береді немесе алып қоюы да мүмкін. 
Бір сөзбен айтқанда, баланың іс-әрекеті адамның байланысын 
заттар арқылы, ал заттармен байланысын адамдар жүзеге асы-
рушы болып келеді. 
Бұл даму заттардың балаға тек өзінің физикалық сипатымен 
ғана емес, адам іс-әрекетінде қалыптасатын – өзінің функцио-
налды мағынасында (кеседен су ішеді, орындықта отырады, сағат-
ты қолға тағады) ашылуына әкеледі, ал адамдар осы заттардың 
қожайыны ретінде, яғни оның байланысы осыларға тәуелді сияқ-
ты. Баланың заттық іс-әрекеті құралдық құрылымға ие болады, ал 
қарым-қатынас тілдік жанамаланған сөз арқылы жүзеге асады. 
Баланың осындай жағдайдағы дамуы болашақта оның тұлға 
болып қалыптасуын анықтайды. Алғашында, заттар әлеміне 
және қоршаған адамдармен қатынасы бала үшін өзара бірлескен, 
тұтас болса, әрі қарай олардың бір-бірінен айырылуы жүреді де, 
олар жеке, бірақ өзара байланысты даму бағытына айналады. 
Онтогенезді бұл өзгерістер кезектесіп тұратын фазаларда 
көрінеді: заттық іс-әрекеттің даму (практикалық және танымдық) 
фазасы, яғни адамдармен, қоғаммен өзара қатынасының даму 
фазасы. Бірақ мұндай ауысулар әр фаза ішіндегі мотивтердің 
қозғалысын сипаттайды. Нәтижесінде тұлға түйіндерін қалып-
тастыратын мотивтердің иерархиялық байланыстары пайда 
болады, яғни тұлғаның «түйінін» құрайды. 
Сана теориясы 
Адамның психикасының терең сырлары көптеген ғылыми-
психологиялық зерттеулердің басты тақырыбына айналды. Ол 
зерттеулерде субъектінің ішкі психикалық құбылыстары оның 
әлем жайындағы картинасында көрінетіні анықталды. Адам 
психологиясының бұл тылсым жақтарын маркстік психологияға 
дейін білу мүмкін емес еді; бұл марксизмді ескермейтін қазіргі 
психология үшін де әлі жұмбақ күйінде қалып отыр.


240 
Сана психологияда еленбей келді, тек психикалық үдерістің 
өту шарты ретінде қарастырылып келді. Вундтың көзқарасы да 
осыған саяды. Ол қандай да бір психикалық жай-күйлердің 
өзіміздің бойымызда өтіп жатқанын түсінеміз, сол себепті де 
сананың болмысын тани алмаймыз дейді. «Сананың не екенін 
анықтауға қанша тырысқанымызбен тавтологиядан немесе 
санадағы әрекеттерді ғана сипаттаудан әрі аса алмаймыз, ал бұл 
әрекеттер сананың не екенін анықтай алмайды». Наторптың да 
ойы осымен орайлас: санаға құрылым тән емес, ол психология 
үшін шартта, сондықтан да оның пәні бола алмайды. Оның бары 
психология үшін басты әрі дәлелденген дерек десек те, оны 
анықтау мүкін емес, оны бар деп қана түсіндіру керек».
Санаға қандай да бір сапа-қасиеттер тән емес, себебі оның өзі 
сапа-қасиет – психикалық құбылыстар мен үдерістерді бейне-
лейтін қасиет-сапа болып саналады; ол қасиет-сапаны субъекті-
ден «көруге» болады (Стаут). Бұл қасиет-сапаны ажырату да 
мүмкін емес: ол иә болады, иә болмайды.
Сана – бұл сахна, сахнада адами, жан дүниеге қатысты оқи-
ғалар өтіп жатады. Ол оқиғаларды өткізу үшін сахна керек, бірақ 
сахна ол көріністерге еш қатыспайды. Бұл салыстыру да сананы 
тысқары дүние деп түсіндіреді.
Сонымен, сана дегеніміз психологиядан тысқары, психоло-
гиялық қасиет-сапасы жоқ дүние. Бұл көзқарас ашық айтылмаса 
да, үнемі байқалады. Осыған дейінгі сананы психологиялық 
тұрғыдан сипаттауға деген ұмтылыстар да оны жоққа шығармай-
ды. Бұл ретте Леддтің сананың сандық тұжырымдамасы туралы 
ашық айтқан ойлары ойға келеді. Ол сана бұл бірде көбейіп, бірде 
азайып отыратын, мәселен ұйықтаған кезде, түс көрген кезде 
азайып, адам есінен танған кезде мүлде жоғалып кететін құбылыс 
дейді.
Сана – бұл өзінше бір «сәуле», бір орыннан екінші орынға 
жылжып отыратын сәуленің нұры немесе тіпті өзінің нұрымен 
ішкі және сыртқы өріске сәулесін шашып тұратын прожектор 
десек болады. Оның сәулелі өріс бойындағы қозғалысын зейін-
нен көруге болады. Сана зейінде ғана психологиялық сапаға ие 
болады, алайда тек сандық және көлемдік (пространственную) 
қана сапаға ие бола алады. «Сана өрісі» (немесе сол сияқты 
«зейін өрісі») тар, жинақы (концентрированный) немесе тіпті 


241 
кең, иә шашыраңқы болуы мүмкін; ол мейлінше тұрақты немесе 
тұрақсыз да болуы мүмкін. Осының бәріне қарамастан «сана 
өрісі» сапасыз, құрылымсыз құбылыс болып саналады. Сол 
сияқты «сана заңдылығы» да формалдық тұрғыдан анықталған 
түсінік; сананың айқындығы, сананың үздіксіздігі, сана ағымы 
сияқты заңдылықтар да осындай.
Сана заңдылығына кейде ассоциация заңдылығын немесе 
гештальт-психология ұсынған тұтастық, прегнаттылық т.б. 
заңдылықтарын жатқызады, бірақ бұл заңдылықтар психиканың 
ерекше бір түрі ретінде санаға емес, санадағы құбылыстарға тән 
заңдылықтар болып саналады...
Француздың әлеуметтану мектебі ұсынған сана теориясының 
жайы басқаша (Дюркгейм, Де Роберти, Хальбвакс және т.б.). Бұл 
мектептің сананың психологиялық мәселелеріне қатысты ұстан-
ған басты идеясы бойынша, қоғамдық сананың ықпал етуі салда-
рынан дербес пайда болады да, осының нәтижесінде оның психи-
касы әлеуметтенеді және интеллектуалданады; адамның бұл 
әлеуметтенген және интеллектуалданған психикасы сана болып 
табылады. Бірақ бұл тұжырымдамада да сананың психологиялық 
сапа-белгісі бары байқалмайды; бірақ бұдан түсінетініміз, сана 
қоғамдық сана мазмұнын құрайтын ұғым, тұжырым сияқты 
нәрселердің тоғысқан жері болып табылады. Бұл тұрғыдан келген-
де, сана біліммен екеуі бір нәрсе болып шығады: сана – сана-ймын 
(«со-знание»), яғни қоғамдық сананың жемісі болып табылады.
Сананы психологиялық тұрғыдан сипаттау үшін келесі бір 
бағыт оны ішкі жан дүние психикасын біріктірудің басты шарты 
деп түсіндіреді. Психикалық қызметтер мен қабілеттердің, 
қасиет-сапа, белгілердің бірлігі – бұл сана; сол себепті де ол әрі 
өзіндік сана болып табылады деп жазды Липпс. Бұл идеяны 
Джемс К. Штумпфқа жазған хатында анығырақ түсіндіреді: сана 
«психикалық қызметтердің бәрінің ортақ егесі». Джемстің бұл 
мысалы сананың сапасыз, тысқары құбылыс екенін бәрінен дәл 
сипаттап тұр. Өзі туралы «сана деп аталатын дүниенің барына 
күмәнданғаныма осымен міне жиырма жыл болды... Меніңше, 
оны жоқ екендігін ашық мойындайтын уақыт жеткен сияқты» 
деп жазған да Джемс болатын.
Вюрцбургтықтардың эксперименталдық интроспекциясы да, 
Гуссерльдің және экзистенционалистердің феноменологиясы да 


242 
ешқайсысы сана құрылымын анықтай алмады. Олар керісінше, 
сананың ішкі, идеалды қатынастарға ие феноменалды құбылыс 
екенін дәлелдеу арқылы «депсихологизациялауды» ұсынады. 
Сана психологиясы бұл ретте феноменологияның толық бұға-
уында қалды. Ең қызығы, сананың терең құрылымын зерттеуді 
мақсат етіп, психиканың санадан тыс құрылымы туралы ілімді 
дамытқан олар сананы «психикалық үдерістердің өзара ұйым-
дасуы» (Фрейд) деп түсіндіруден бас тартқан жоқ. Басқалар 
сияқты Фрейд те сана мәселесін психологиядан тысқары дүние 
ретінде қарастырады. Оның ойынша, сананы бейнелейтін басты 
инстанция – «Жоғарғы Мен», шын мәнінде метапсихикалық 
болып табылады... 
Марксистік теория сананы психиканың ерекше сапаға ие 
болған формасы деп түсіндіреді. Жануарлар әлемінің эволюция-
сында сананың қалыптасуы ұзақ уақытты алғанмен, адамда 
алғаш рет ол еңбек пен қоғамдық қатынастардың қалыптасу 
үдерісі барысында пайда болады. Сана әуел бастан қоғамның 
жемісі болып табылады.
Сана қызметінің маңызы мен қажеттілігі туралы маркстік 
көзқарас психологияда сананы ми үдерістері мен әрекеттерді 
жүзеге асыратын эпифеномен ретінде қарастыруды толық жоққа 
шығарады... Психология ғылымының алдындағы міндет – 
сананың қызметі мен рөлін ғылыми түсіндіру, ол үшін мәселеге 
түбірімен басқаша келуді қажет етеді. Ең алдымен таным- 
ды антропологиялық тар аяда, яғни қоздырғыштардың ықпа-
лымен индивидтің миында болып жатқан үдерістерді түсін-
дірумен шектелетін көзқарас аясында қарастырудан бас тарту 
қажет.
Сананың мәнін бұл үдерістер арқылы емес, осы үдеріске 
қажеттілік туғызатын еңбек әрекетін, еңбек ету әдіс-тәсілдері 
мен қоғамдық шарттарды анықтау арқылы түсіндіруге болады. 
Бұл іс-әрекет барысында Маркстің сөзімен айтсақ, «сана зат- 
танады... Еңбек үдеріс барысында әрекет арқылы нақты болмыс- 
қа, әрекет формасы арқылы заттық формаға ие болып отырады».
Бұл үдеріс барысында субъектіні әрекетке итермелеп, ба-
ғыттап, реттеп отыратын бейнелердің де заттануы болады. 
Нәтижесінде ол бейнелер сыртқы белгілерге ие, сезіммен таны-
латын жаңа формадағы объектіге айналады. Сөйтіп, экстериорлы 


243 
немесе экзотерикалық сыртқы формасы арқылы олар да бейнеле-
нетін объектіге айналады. Бастапқы бейнелерімен байланысты-
руы субъектінің оларды саналы түрде түйсіну үдерісі болып 
табылады. Бұл үдеріс нәтижесінде бұл бейнелер субъектінің 
санасында екі қырынан танылып, идеалды болмысқа ие болады.
Алайда санамен түйсіну үдерісін бұлайша түсіндіру жеткі-
лікті емес. Бұл үдеріс жүзеге асуы үшін объект адамның сана-
сында әрекеттің психикалық мазмұны ретінде, яғни идеалды 
қырынан танылуы тиіс. Бірақ идеалды мазмұн қоғамдық байла-
ныстардан тыс қарастырылмайды, себебі еңбектенушілер қоғам-
дық қатынастарға араласады, қарым-қатынасқа түседі. Өзара 
қарым-қатынас жасасу арқылы адамдар, сондай-ақ заттарды 
атап, еңбекті жүзеге асыру құралы ретінде қызмет ететін тілді де 
қалыптастырады. Затқа мән-мағына беру деген сөз объектінің 
идеалды қырын ажырату, ал индивидтің тілді үйренуі дегеніміз 
заттың мағынасының санадағы формасын үйрену болып 
табылады. «...Тіл, – дейді Маркс пен Энгельс, – басқа адамдардың 
барлығы үшін де, мен үшін де өмірлік (практикалық), шынайы 
сана» болып табылады.
Алайда бұл сана тіл арқылы қалыптасады дегенді білдір-
мейді. Сана тіл арқылы жасайды, тіл сананың тіршілік ету фор-
масы болып табылады. Тілдік таңбалар – заттарды алмастыр-
майды, тек олардың шартты субституты. Сөздің мағынасының 
астарында қоғамдық тәжірибе және тәжірибеде жүзеге асып 
сұрыпталған, жүйеленген әрекеттер жатыр. Бұл әрекеттерді 
орындау арқылы адам объективті шындыққа көз жеткізеді.
Әрине, әрбір жеке адамның санасының дамуы сананың 
қоғамдық-тарихи қалыптасу үдерісін қайталамайды. Оның 
миында әлем туралы саналы ойды алдыңғы ұрпақ қалыптастыр-
ған ұғымдармен, бейнелермен ықпал етіп қалыптастыруға да 
болмайды. Оның санасы да заттық әлемдегі өз әрекетінің жемісі 
болып саналады. Бұл әрекетте ол өзге адамдармен байланысқа 
түседі, адам баласы жинақтаған (Menschengattung) рухани бай-
лықты бойына сіңіру (Aneignung) сонда ғана жүзеге асады...
Сонымен, психологиялық теорияға қарама-қайшы Маркстің 
жетістігі мынада – сана бұл тітіркендіргіш заттардың әсерімен 
«санаға жарық төгетін» мидың тылсым құдіреті емес, қоғамдық 
қатынастардың жемісі, бұл қатынасты адам тек ми қызметі 


244 
арқылы, сезу және қимылдау органдары арқылы ғана жүзеге 
асыра алады. Осы қатынастарда жүзеге асатын үдерістер нәти-
жесінде объектілер адам санасында субъективті форма алып, 
санаға айналады.
Сана теориясымен қатар Маркс адам санасы тарихының 
ғылыми негіздерін де зерттеді. Психология ғылымы үшін бұл 
зерттеулері ерекше құнды.
Ойлау, жады және басқа да психикалық үдерістердің тарихи 
дамуы туралы бай материалы бола тұра, сананың тарихи қа-
лыптасу кезеңдері мәселесі психология үшін көпке дейін шешіл-
мей келген болатын. Сондай-ақ бұл материалдардың көпшілігі 
мәдениет тарихын зерттеушілердің, этнографтардың ізденісте-
рінің арқасында жиналған болатын.
Маркс пен Энгельс сананы тарихи зерттеудің жалпы әдісін 
қалыптастырып қана қойған жоқ, қоғамның дамуы барысында 
санада қандай түпкілікті (фундаменталды) өзгерістер болатынын 
да анықтап берді. Соның ішінде ең алдымен, сана мен тілдің 
алғаш қалыптасуы және бейнелердің сана арқылы адамды 
қоршаған әлемдегі құбылыстардың барлығына, адамның әреке-
тіне, адамның өзіне қатысты сипат алып, сананың жалпы адам 
психикасына тән жалпыланған формаға айналуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет