Пікір жазғандар


ІV ТАРАУ ЭЛЕКТРЭНЕРГИЯ ӨНЕРКƏСІБІНДЕ ҚАЛДЫҚСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ



бет22/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

ІV



ТАРАУ


ЭЛЕКТРЭНЕРГИЯ ӨНЕРКƏСІБІНДЕ ҚАЛДЫҚСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ




Шикізат жəне энергетикалық ресурстарды кешендік қолдану


Бүгінгі таңдағы экономиканың дамуына қойылатын басты талап тұрмыстық əдістерді қарқынды дамыту болып табылады. Пайдалы қазбалар бір рет пайдаланғаннан кейін өзінің экономи- калық, технологиялық жəне экологиялық тұрғыдан стратегиялық маңызын жояды. Экономикалық өсудің тұрақты дамуындағы жетістіктер шикізат жəне энергетикалық ресурстарды кешендік қолданудың негізінде қалдықсыз өндіріске ауысуға байланысты.
Өнеркəсіптің əртүрлі салаларындағы қалдықсыз химиялық процестердің дамуы өндіріс орындарының энергиялық құрыл- ғылармен жабдықталуының өсуіне жəне энерготехнологиялық əдістердің қолдануының кеңеюіне тəуелді болады. Қалдықсыз технологияны құру үшін электр энергиясының жұмыстары, яғни жылуэнергетика, гидроэнергетика, атомдық жəне басқа да энергетикалардың (гелиоэнергетика, геотермальды энергетика, жел энергетикасы) қарқынды дамуы қажет.
Дүние жүзінде электр энергиясының ең көп мөлшері минералды отынның əр түрін жағатын электрстанцияла- рынан бөлінеді. Осының нəтижесінде құрамы əртүрлі шаңнан, күкірт диоксидінен, азот оксидтерінен жəне басқа қосылыстар- дан тұратын түтін газдарынан құралған қалдық бөлінеді. Ағынды сулар сонымен қатар əртүрлі суда еритін заттармен, қатты қалдықтармен, күлмен, шламдармен ластанады.
Экологиялық қауіптілік тасталған заттардың физика- химиялық қасиеттеріне, биосферадағы тасымалдану дəрежесіне байланысты анықталады. Мысалы сұйық жəне қатты отындарды жағатын электр станцияларынан күкірт ангидриді түзіледі. Сондай-ақ бір мезгілде көміртек диоксидінің өте көп мөлшері, азот оксидтері, су буы, толық жанбаған көмірсутектер, металл оксидтері бөлінеді. Мұндай жүйеде күрделі физика-химиялық өзара əрекеттесулер жүреді. Нəтижесінде, мысалы, күкірт ангидриді күкірт қышқылына, сульфитке, сульфатқа айналып, біртіндеп жер бетіне сіңеді.
Жылу электр станцияларының бұдан басқа көп тонналы қалдықтарына халық шаруашылығындағы қолдану дəрежесі төмен күл-қож қалдықтары жатады. Құрылыс материалдары өнеркəсібінде күл-қож қалдықтарын қолданудың тиімділігі өнеркəсіптік шикізатты үнемдеу есебінен жүзеге асырылады. Бұл көмірдің түріне, жағу режиміне жəне күл-қож қоспасына байланысты болады. Күл-қож қоспасында 20% жанбаған көмір бөлшектері бар. Көмірдің мұндай құрамы құрылыс материал- дары өнеркəсібінде отын шығынын төмендетеді. Қалдықсыз технология режимінде жұмыс істейтін жылу станцияларында ластағыштардың барлық түрлерінің қоршаған ортаға түсуіне кедергі келтіретін құралдардың барлық комплексі болуы тиіс. Газ тозаңдарынан электросүзгі арқылы тазарту керек. Бұл тазарудың 99,8% қамтамасыз етуі қажет. Энергия үнемдеу жəне ЖЭС қалдықтарын екіншілік материалдық ресурс ретінде қолданудың мүмкін жолдары 16-суретте көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет