ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
М. Р. Танашева, М. Қ. Қалабаева, Л. К. Бейсембаева, Н. А. Убайдулаева
ҚАЛДЫҚСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯ ТИІМДІЛІК ЖƏНЕ САПА
Оқу құралы
Стереотиптік басылым
Алматы
1
«Қазақ университеті» 2020
Бұл оқу құралында «Қалдықсыз химия-технологиялық процестер» арнайы курсының негізгі бөлімдері қарастырылған. Мұнда өнеркəсіптегі шикізатты кешенді қолданудың негізгі мəселелері мен қалдықсыз технология құрудың тиімді бағыттары талқыланып, қалдықсыз химия-технологиялық үрдістер саласындағы ғылыми зерттеудің жаңа əдістері мен қалдықсыз технологияны ұйымдастырудың əртүрлі бағыты бойынша іс-тəжірибелік бағалау келтірілген. Сонымен қатар тағамдық жəне ауыл шаруашылық қалдықтарын тұтынатын үлкен қалалардың (мысалы Алматы қаласы) қалдықтарын жою мен залалсыздандырудың жəне қайта өңдеудің негізгі бағыттары айтылады.