Пікір жазғандар


Екіншілік минералды ресурстар – қосымша резерв



бет6/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Екіншілік минералды ресурстар – қосымша резерв


ЕМР қолдану деңгейінің жоғарылауы өнеркəсіпті техникалық қайта жарақтандыруға, арнайы құрал-жабдықтардың жасалуына, техникалық сызбалардың жетілдірілуіне, қалдықсыз технологияға байланысты болады. Жүйені жаңартудың маңызды элементі қалдықтарды қолдануға есептелген материалдық ресурстарға жоспарланған екіншілік материалдық ресурстарды классифика- циялауға негізделген ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табы- лады. Ұйымдастыру-техникалық шараларымен үйлестірілген мұндай классификацияны жасау қалдықтарды жою, сақтау, тарату жəне оларды қайта өңдеу мен қолданудың мейлінше рационалды бағытын құруға мүмкіндік береді. Екіншілік мате- риалдық ресурстарды екі белгісі бойынша жіктеу ыңғайлы. Олар түзілу көзі жəне қолдану бағыты. Мысал ретінде 2-суретте шығу көзі бойынша жіктеу келтірілген. Қарастырып отырған екіншілік материалдық ресурстардың толық сипаттамасы үшін олардың түзілу, сақтау, таралу жəне қолдану жағдайлары бойынша ұйым- дастыру есепке алынады. Сонымен қатар қалдықтарды белгілері бойынша топтау орынды. Химиялық өнеркəсіп үшін негізгі көзге түсетін белгілер төмендегідей болуы мүмкін:
– қалдықтар түзілетін немесе қолдануы мүмкін химиялық өнеркəсіп салалары;




  1. сурет. Шығу көзі бойынша екіншілік материалдық ресурстарды жіктеу




  • өндіріс барысында екіншілік материалдық ресурстар түзілуі мүмкін процестер (өндіру, байыту, қайта өңдеу жəне т.б).

  • қалдықтардың физика-химиялық қасиеттері;

  • түзілген қалдықтардың көлемдері (аз қалдықты жəне көп қалдықты);

  • бағалы компоненттердің мөлшері;

  • құн көрсеткіштері;

  • қолдану мүмкіндіктері (сəйкес құрал-жабдықтар мен қайта өңдеу əдістерінің сенімділігі);

  • тасымалдануы.

Қалдықтарды өнеркəсіптің жеке салалары немесе қалдық түрлері бойынша классификациялау қалдықтың түзілу көздері мен олардың ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Екіншілік материалдық ресурстар үшін де дəстүрлі шикізат түрлеріндегідей нормалау мөлшері енгізілген, яғни қалдықтың түзілу мөлшері шығарылған өнімнің бірлігіне жəне жаңа өнімнің алыну шығынының мөлшеріне негізделген. Қолданып отырған технологияға байланысты түзілген қалдықтың мөлшері мен құрамы айтарлықтай өзгеріп кетсе жағдайды күрделендіріп жібереді. ЕМР бағалы компоненттерді бөліп алу үшін экстракциялау жəне кристаллизациялау əдістері қолданылады. Экстракциялау – еріткіштердің көмегімен қатты заттардан бір немесе бірнеше компоненттерді бөліп алу. Бөлініп алынған компоненттер қатты фазадан еріткішке өтеді (экстрагент). Мақсатты компонентті экстрагент қоспасынан одан ары бөліп алу үшін буландыру немесе ректификациялау қолданылады.
Сонымен қатар шикізатты кешендік қайта өңдеуде қалдық- тардың физика-химиялық қасиеттерін жəне олардың көп жыл сақтаудан кейінгі құрамын нақты білу қажет. Қалдықтардың көптеген түрлері мысалы шлактар уақыт өтуімен айтарлықтай өзгерістерге түседі, оларды ЕМР ретінде қолдану мұқият талдаулар жасағаннан кейін ғана барып экономикалық тиімді болады. Сағат, электроника немесе автокөлік өнеркəсібінде қолданылатын органикалық еріткіш қалдықтарында олардың рективикациялану режиміне əсер ететін əртүрлі қоспалар болады. Мұнай өңдеу өнеркəсібінің қалдықтарын қайта өңдеу
үшін қалдықты осы кəсіпорынға жинау мақсатты болып есеп- теледі. Осыған сай бұл өнеркəсіптің технологиялық сызбасы суды жəне қатты механикалық бөлшектерді ескергендегі қоспаның кең интервалына есептелген. Қалдықтың түзілуі қайта өңделетін шикізаттың құрылысының өзгерісіне байланысты болмаған кезде қалдық мөлшерін анықтау үшін келесі форму- ланы қолдануға болады:

i=m
Нқ= Нш – Нө – ∑ i=1Hi .
Мұндағы Нқ – түзілген қалдық мөлшері, кг/кг, м22, м33; Нш – дайын өнім бірлігіндегі материалдың немесе шикізат шығыны кг/кг, м22, м33; Нө – дайын өнім бірлігіндегі материалдың немесе шикізаттың пайдалы шығыны кг/кг, м22, м33; Нi – дайын өнім бірлігіндегі шарасыз технологиялық жоғалтулар, кг/кг, м22, м33.
Химиялық қайта өңдеуден алынған қалдық мөлшерін есеп- теу əдісімен анықтау өте күрделі. Жеке қалаларға, əсіресе Мəскеу, Санкт-Петербург сияқты айтарлықтай үлкен қалалар үшін қалдықтарды жіктеудің басқа да түрлері бар. Алматы қаласы үшін өнеркəсіптік қалдықтарды жіктеудің сызбасы 3- суретте көрсетілген. Келтірілген жіктеудің жалпы кемшілігі қалдықтардың экологиялық əсерін сипаттамауында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет