Пікір жазғандар



бет5/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Кейбір химиялық өнеркəсіп орындарынан ең жиі бөлінетін бейорганикалық қосылыстардың қалдықтары






Өнеркəсіп

Қалдықтардағы қосылыстар

1

Азот қышқылы

Азот оксидтері NH3, CO

2

Алюминий

F2, НF, SO2, CO, шаң, кремний, хром

3

Аммиак

NH3, CO

4

Асфальт-бетон

Азот тотықтары, (NО, N2O3, 2), шаң, түтін

5

Қола

Азот оксидтері, шаң

6

Гальванопластика

Zn, CI2, сирек металдар, шаң, түтін

7

Темір

Азот оксидтері CO, SO2, F2, шаң, түтін

8

Лактар мен бояғыштар

Фталь ангидриді, альдегидтер, Н2S, шаң

9

Металлургия

Cr, Ni, Zn, V, F2, PbO, PbO2, Mn, Hq, SO2,
SO3, NH3, H2S, CO, CO2, мұнай, шаң, түтін

10

Қорғасын

Pb, Zn, азот оксидтері CO, SO2

11

Каучук (синтетикалық)

SO2, Cl2, НCl, кадмий, шаң

12

Сульфатоцеллюлозалы

S, 2, SO3, H2S, HCl, Cd, шаң

13

Тыңайтқыш

Фосфаттар, фторидтер, H3PO4, HF, Ca(H2PO4),
S, күкірт оксидтері, азот оксидтері, CO, HNO3, NH3, NH4CI, Р4, Н24

14

Цемент

Кремний оксиді, N2, F2, Zn, Pb, Cd, CO, As, Hq, Fe, Mg, Ca.

15

Электростанциялар

2, As, V, С, құм, шаң, азот оксидтері

16

Көмір химиялық

SO2, SO3, Н2S, шаң

Əдеби мəліметтер бойынша қалдықтарды классификациялау оларды өнеркəсіп салалары бойынша қайта өңдеу мүмкіндігіне, агрегаттық күйіне, улылығына жəне т.б. қасиеттеріне байланысты жүйелеуге негізделген. Əрбір қажетті жағдайда қолданылатын классификацияның сипаттамасы қарастырып отырған аспектіге сəйкес келеді: қоймада сақтау, тазарту, қайта өңдеу, көміп тастау, улылық əсерін залалсыздандыру. Қалдықтар өнеркə- сіптік жəне тұрмыстық əрекеттердің нəтижесінде туындайды. Осыған байланысты олар өнеркəсіп жəне тұрмыс қалдықтары болып бөлінеді.


Өнеркəсіп қалдықтары деп өнімдерді түзу барысында түзіл- ген шикізаттардың, материалдардың жəне жартылай фабрикат- тардың қалдықтарын жəне тұтыну қасиетін толығымен жойған, сонымен қатар шикізатты физика-химиялық немесе механикалық өңдеуден кейінгі қалдықтарды айтады. Кейбір өнеркəсіптерде қалдықтардың түзілуі бастапқы шикізаттың құрылысының өзгеруіне байланысты емес, мұндай қалдықтарға ашық жыныс- тар, металл қалдықтары, орман, ағаш өңдеу, тау-кен жəне көмір өнеркəсіптерінің қалдықтары жатады.
Ал басқа кəсіпорындарда қалдықтардың түзілуі бастапқы материалдардың физика-химиялық өзгерісіне байланысты бо- лады. Нəтижесінде негізгі өнімдермен бірге қосымша өнімдер жəне өнеркəсіп қалдықтары түзіледі. Бұл химиялық, мұнайхи- миялық жəне мұнай өңдеу өнеркəсіптеріне, қара жəне түсті металлургияға жəне т.б. тəн.
Тұрмыс қалдықтары əртекті болып келеді. Себебі, жасал- ған бұйымдар əртүрлі бөлшектер мен материалдардан дайында- лады. Бұл бұйымдардың одан ары қолданылуы материалдардың тегіне байланысты болады. Бұл қалдықтардың одан ары қол- дануын өнеркəсіптік жəне тұрмыстық деп бөлуге болады.
Оларға ең бірінші жататындар: пайдаланудан шыққан метал- лаломдар, техникалық қолдануға арналған резина, пластмасса, шыны жəне т.б. бұйымдар.
Тұрмыс қалдықтарына тамақ қалдықтары, киілген тұрмыс заттары (киім, аяқ киім жəне т.б.), əртүрлі қолданыста болған бұйымдар (қораптар, шыныдан жасалған бұйымдар) жəне т.б. жатады.
Өнеркəсіп қалдықтары технологиялық шығындарға да байланысты болады, олардың мөлшері қолданылған техноло- гияның спецификасымен анықталады. Технологиялық шығын- дар көбінесе минерологиялық құрамы күрделі көп сатылы өнеркəсіптерде орын алады. Өтелмейтін шығындар құрғату, буландыру, кристаллизациялау, тасымалдау жəне т.б. операция- ларына байланысты болады.
Қазіргі кезде өнеркəсіп қалдықтарын халық шаруашылы- ғында қолдану мүмкін емес немесе экономикалық тиімді емес, сондықтан оларды – пайдалануға келмейтін қалдықтар деп атау қабылданған. Қалдық пен пайдалануға келмейтін қалдықтардың
арасында айырықша ерекшелік жоқ, дегенмен ол үшін қайта өңдеу əдістерін жасау оны қалдықтар категориясына кіргізеді. Сонымен өнеркəсіп пен тұрмыс қалдықтарының барлық түр- лерін мүмкіндігінше бір жағынан қайта өңделетін немесе қайта өңделуге жоспарланған екіншілік материалдық ресурстар (ЕМР) деп, ал екінші жағынан экономиканың қазіргі даму саты- сында қайта өңдеу тиімсіз болып есептелетін шарасыз қайтым- сыз шығындар мен қалдықтар деп бөлуге болады. Дайын өнімдерді алуда түзілген қалдықтардың мөлшері қолданылған технологияны жетілдірудің критерийі қызметін атқара алады. Сондықтан қалдықтарды шикізатты өндіру мен қайта өңдеу процесі кезінде технологияның даму деңгейінің кемшілігіне байланысты өнеркəсіптің аяқталмай қалған өнімдері ретінде қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет