Пікір жазғандар


Мұнай өнімдерімен ластанған сулар



бет24/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Мұнай өнімдерімен ластанған сулар белгілі əдістермен тазартылады. Мысалы флотация əдісімен тазартылған суды өнеркəсіпте одан ары қолданады, ал концентрленген мұнай өнімдерін жағуға жібереді. Құрамында ванадий жəне никель бар жуынды суларды тазарту үшін, мөлдірленген суды қолдану арқылы ванадий-никель құрамды қожды бөлу процесі зерт- телген.
Жаңбыр сулары. Мұнай өнімдерімен ластанған жылу электр станцияларының алқабын əдетте басқа мұнай құрамды ағызындылармен тазартуға болады.


Гидрозольді жою жүйесіндегі қайтымды суды тазарту айтарлықтай күрделі. Айналым кезінде бұл сулар жуылған күлдердегі химиялық қосылыстармен тез қанығады. Мұнда ең алдымен кальций, калий, натрий, алюминий, кремний, ванадий, мышьяк, германий жəне басқа элементтерден тазартылады. Сондықтан құбырларды белгілі ретпен үрлеп отыруға тура келеді. Құрамында əртүрлі қосылыстар болатындықтан жəне олар өз кезегінде қож түзуге алып келетіндіктен үрленген қышқыл суларды су қоймаларына жіберудің алдында бейтарап- тау қажет. Күлді ағызынды суларды тазарту үшін сорбент ретінде қолдану талпыныстары тек жылу электр станциялары үшін ғана емес, түсті металлургия комбинаттары мен химиялық өнеркəсіпке жақсы нəтиже берген жоқ. Айналым жүйесіне жіберілетін ағызынды сулар біртіндеп тазартылады, бірақ бұл кезде ластағыш заттар қалдық қоймаларына толығымен өтіп кетеді. Кейін олар ерте ме, кеш пе қоршаған ортаның жер асты жəне жер үсті суларымен шайылады.
Ағызынды сулардың мəселесін бұлайша толық шешу мүмкін емес. Бірақ қандай да бір этаптардағы жергілікті жағдайлардың пайдасы болуы мүмкін. Балқаш тау металлургия комбинатында
жылу электрстанцияларының күлін пайдалануға жүргізілген сынақ, ағызындылар мен күлдерді бірлесіп тасымалдау жəне тұндыру өзінің техникалық көрсеткіші бойынша су айналым циклінде қолдануға болатын су өнеркəсіпке қайта келетіндігін көрсетеді.
Гидрозольді жою жүйесіндегі үрленген жəне ЖЭС басқа коммуникацияларындағы суды буландыру қондырғылары ар- қылы өткізу қарастырылған. Бұл тазартуды қымбаттады. Мұн- дай күрделі мəселені шешудің бір жолы гидрозольді кетіруді көбікті золь кетірумен алмастыру болып табылады. Бұл кезде жүйеден судың барлығы кетеді, соған сəйкес оған байланысты туындаған күрделі мəселелер де шешіледі. Одан ары қарай құрылыс материалдарына қайта өңделетін осы жолмен алынған бұл күлдің құрамында ылғалдың артық мөлшері болмайды жəне құрылыс материалдары өнеркəсібінде оның булануына ешқан- дай отын жұмсалмайды. Көбікті жүйені енгізу ескіруге төзімді құбырларды жасауға себепші болады. Көбікті жүйені енгізу ескіруге төзімді құбырларды құруға байланысты болды. Себебі металдан жасалған құбырлар күл мен қождың абразивті қасиеттерінен тез желініп кетеді.
Тұзды ағынды суларды тазартуда шешілмеген өте күрделі мəселелер бар. Əрбір өндірілген электр энергиясынан орташа шамамен алғанда құрамы əртүрлі болатын 1,5-3 кг тұз түзіледі. Олар негізінен сульфаттар, карбонаттар, натрий, кальций, магний гидроксидтері. Тұзды ағызынды суларды буландырғанда тауарлық құны жоқ, көміп тастауды қажет ететін тұздардың тұнбасы түзіледі. Мұндай мəселені шешудің бірден-бір жолы тұздарды жекелей бөліп алу əдістерін енгізу. Мысалы химиялық өнеркəсіпте немесе құрылыс материалдарының өнеркəсібінде қолдануға болатын натрий хлориді, натрий сульфаты, магний гидроксидтері түрінде.
Жылу электр станцияларының көп тонналы қалдықтарының бір түрі күл мен шлактар. Бір электр станциясы үшін олардың қосынды мөлшері жылына 100 млн тоннаны құрайды. Бұдан ары қатты отындарды, соның ішінде күлді өте көп шығаратын отын- дарды пайдалану мұндай қалдықтың мөлшерін жылына 150 млн тоннаға жеткізуі мүмкін. Қазіргі кезде əлемдік практикада мұндай қалдықтар негізінен құрылыс материалдарын алу үшін қолданылады, цемент жəне дайын зауыт өнімдерін алудың
өнеркəсіптерін құрудың технологиялық процестері зерттелген. Бірақ та күл мен шлакты қолдану деңгейі: АҚШ-та 20%, Фран- цияда 62%, Германияда 76%. Сəйкес экономикалық есептеулерді көрсетуі бойынша ЖЭС күлдерін жасанды толтырғыштар ретінде қолдану əлдеқайда тиімді екендігін көрсетеді.
Минералды отындарды қолдануға қарағанда, айтарлықтай таза энергия көздерін қолданудың экономикалық тиімділігі жоғары болады. Оларға ең алдымен атомдық отындар жатады. Көптеген дамыған елдер атомдық отынның негізінде атомдық электрстанцияларын салған. Əлемде белгілі энергетикалық ресурстардың ішінде ең көп тарағаны тас көмір жəне уран. Сон- дықтан, энергетиканың экологиялық келешегі туралы айтқанда, қуаттылығы бірдей АЭС жəне көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС көрсеткіштерін салыстырудың маңызы бар. Төмендегі 4-кестеде қуаты 1000 МВТ АЭС жəне көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС салыстырмалы мəндері келтірілген:







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет