Байланысты: Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы
Шығыс Қазақстан аймағындағы табиғи ортаның ластану мəселелері. Атмосфераны ластап отырған Қазақстан Респуб-
ликасындағықалалардыңтізімі Шығыс Қазақстандағы 226 кəсіпорынның атмосфераға 95 мың тонна қалдықтар шығаратын көздері бар. Олардың тек 63% ғана газ тазарту құралдарымен жабдықталған. Осыған байланысты қатты қалдықтардың мөлшері артып отыр.
Республикадағы өнеркəсіп кəсіпорындарындағы тек 66,2% қалдық қана залалсыздандырылады, ал 33,8% залалсыздан- дырылмай атмосфераға шығарылады. Атырау қаласындағы қалдықтардың залалсыздандырылуы мен жойылуының меншікті салмағы айтарлықтай төмен (тек 6,2%), Торғайда (2,2%), Көк- шетауда (33,9%), Оралда (34,6%) ғана залалсыздандырылады.
Қалдықтарды тазартудың күрделі мəселелері ірі кəсіпорынды орталықтарда қалыптасқан. Мысалы, Ақтөбе облысында 48,5% өнеркəсіптік қалдықтар залалсыздандырылып жойылса, Алматы қаласында 78,5%, Шығыс Қазақстан облысында 84,8%, Жамбыл облысында 77,2%, Жезқазған облысында 75,1%, Оңтүстік Қазақ- стан облысында 83,6 %.
Өнеркəсіп қалдықтарын залалсыздандырудағы мұндай жағ- дай химиялық заттардың адамға əсерін бірден ұлғайтып жібереді. Мысалы Шымкент пен Жамбылда атмосфераға шығарылған қалдықтың мөлшері бір адамға жылына 500, Жезқазған мен Ақтөбеде шамамен 1000 килограмды құрайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының 22 қалалары мен өнеркəсіп орталықтары атмосфералық ауаны айтарлықтай жоғары деңгейде ластап отыр. Атмосфераны ластап отырған Қазақстан Республикасындағы қалалардың тізімі төмендегі 4- кестеде келтірілген. Осы тізімнен көрініп тұрғандай Алматы, Жамбыл, Өскемен, Зыряновск жəне Шымкент қалаларының ауасының өте қатты ластанғандығын көруге болады. Ол қал- дықтарды шығарып отырғандар Қазақстан Республикасының металлургия, агрошаруашылық, энергетика министрліктеріне қатысты салалардың кəсіпорындары. Атмосфералық ауадағы шаң-тозаңдардың ең көп концентрациясы Шымкент, Ақтау, Семей, Зыряновск қалаларынан байқалады. Ондағы ШРК мөл- шері 2-3 есе артып кеткен, Балқаш қаласында 19 есе артқан.
Ақтөбе, Балқаш, Өскемен жəне Ақтау қалаларындағы күкірт диоксидінің орташа концентрациясы ШРК 2 есе артқан. Бірақ
Балқаш қаласындағы атмосферадағы оның максималды мөлшері
6 есе, Өскеменде 3 есе өскен.
Көміртек оксидінің максималды концентрациясының мөлшері ШРК Жезқазған қаласында 7, Өскеменде, Алматыда, Жамбылда, Қарағандыда 4-5 есе өскен. Азот диоксидінің орташа концентра- циясының мөлшері ШРК-н Зыряновск қаласында 3, Өскеменде 2 өскен. Жалпы алғанда Республика қалаларының 30% атмос- ферадағы азот диоксидінің мөлшері ШРК-н 5 есеге артып кеткен, ал Қарағанды, Теміртау, Шымкент қалаларында 10 есеге артқан.
Бензапиреннің орташа концентрациясы Алматы қаласында 20-ға дейін, Жамбылда 16-ға дейін, Қарағандыда 12-ге дейін, Павлодарда мен Өскеменде 11-ге дейін жеткен. Атмосфера ауасында бензапиреннің артуы, оның канцерогенді зат ретінде үлкен дабыл туғызу қажет.
Жамбыл қаласындағы атмосферада фторсутектің орташа концентрациясы 2-ге дейін, Шымкентте 1-ге дейін ШРК құрап отыр. Бұл қалалардағы оның максималды концентрациясы 6 есеге дейін өскен.
Металлургия өнеркəсіптерінің маңына орналасқан қалалар- дың ауасы қорғасынмен жоғары мөлшерде ластанады. Балқаш қаласының атмосферасының қорғасынмен ластануының айлық мөлшері əдеттегі рұқсат етілген концентрациядан 21 есе, Шым- кентте 9 есе, Өскеменде 10 есе артып отыр. Бұл қалалардың атмосферасындағы никельдің, мыстың орташа концентрациялары ШРК мөлшерінен төмен, ал хром ШРК тең мөлшерде.