Пікір жазғандар


АЗ жəне ҚАЛДЫҚСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚҰРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ



бет34/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

АЗ жəне ҚАЛДЫҚСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚҰРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ




Аз жəне қалдықсыз технологияның концепциясы


Аз қалдықты технология жəне тұйықталған цикл – қоршаған ортаны ластағыштардан қорғайтын ең негізгі шаралардың бірі болып табылады. Қалдықсыз технология – максималды экономи- калық тиімділікпен табиғи ресурстардың минималды жоғалуын қамтамасыз ететін өнеркəсіп өндірістерінің экологиялық страте- гиясы.
Қалдықсыз технологияның критерийі өнеркəсіп өнімдерін өндіру процесінде қоршаған ортаға зияны тимейтін шикізат пен энергияны кешенді қолдану болып табылады. Осыдан шикізат, өнім жəне қалдық айналымдағы технологиясы өнеркəсіп циклін тұйықтап, қалдықсыз технологияның негізін құрайды.
Егер өнеркəсіп өнімдерін өндіру кезінде сыртқа шығарылған зиянды заттардың қоршаған ортаға тигізген əсері санитарлы- гигиеналық шамаға дейін жетсе жəне шекті рұқсат етілген кон- центрацияға сəйкес келсе, онда аз қалдықты технологияның шынайы келешегі болады.
Кейде экологиялық таза деген ұғым қолданылады. Өнеркəсіп- тің мұндай əдісінде шикізат пен энергияның рационалды қолда- натындығы сондай, қоршаған ортаға шығаратын қалдықтың мөл- шері мүлдем аз болады. Қалдықсыз технология концепциясында екі жуықтау бар.
Олардың біреуі заттың сақталу заңы негізінде құрылған. Осыған байланысты шикізат сол жəне басқа өнімге айналуы мүм- кін.
Ал екінші жуықтау бойынша толық қалдықсыз технология- ны құру мүмкін емес болды (термодинамиканың 2-заңы бойынша энергияны толығымен пайдалы жұмысқа айналдыруға болмай- тыны сияқты, шикізатты да толығымен пайдалы экологиялық қауіпсіз өніміне айналдыру мүмкін емес еді).
Бүгінгі таңдағы ең өзекті мəселелердің бірі өнеркəсіптік қал- дықтар базасынан тиімділігі жоғары жаңа материалдарды жасау болып табылады.
Бірақ табиғатта таза біркомпонентті шикізат кездеспейді. Кен- де əртүрлі концентрациядағы пайдалы элементтер болады. Мы- салы, фосфор кеніндегі марганец, темір жəне басқа металдардың мөлшері 1,5% дейін жетеді. Бірақ фосфор өнеркəсібінде ол эле- менттер керек емес, сондықтан олар кен құрамынан кетіріледі. Химиялық процесс кезінде олар фосформен белсенді əрекетте- сіп, өздерімен бірге қажетті элементтің 3-5% алып кетеді.
Бүкіл əлемдік тəжірибедегі кенді қайта өңдеу принципінде кон- центрациясы ең жоғары бір элементті ғана бөліп алу ғана іске асырылады.
Бір ғана элемент мақсатты элемент болып табылады да, ал қалғандары келесі салдарлармен қалдыққа кетеді: шикізаттың жетіспеушілігі; оның шектік өзіндік құнының жоғарылығында; қалдықтардың жинақталуы.
Бұл мəселе бұрынғы кезде де, қазіргі кезде де өнеркəсіпке аз қалдықты технологияны енгізу арқылы шешіледі. Аз қалдықты технологияның негізгі міндеті өнеркəсіпке арнайы тазартқыш құралдар мен қондырғыларды енгізу болып табылады. Əр өнер- кəсіпте қалдықтың үш түрі түзіледі:

  • қалдық газдар;

  • ағынды сулар;

  • қатты қалдықтар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет